Жаңалықтар
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай басталған Бас мешіттегі ауызашар дастарханына кеше Елордамыздағы дәрігерлер қауымы шақырылды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы Бас мешіттегі ауызашар дастарханына күн сайын Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйымдар (зағиптар, құлағы естімейтіндер, мүгедек жандар, т.б.) мүшелері және ұстаздар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары арнайы...
Түркия еліндегі көне шаһарлардың бірі Баргилия сатылымға шығарылып отыр. Бодрум қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан көне шаһардың жасы шамамен 2500 жылды құрайды. Шаһар аумағында ежелгі амфитеатр, ғибадатхана және сәулет ескерткіштерінің қалдықтары сақталған.
Айта кетейік, көне шаһар 1927 жылдан бастап жеке адамның иелігінде болып келген. Осы уақыт ішінде Баргилия шаһарына қазына іздеуші археологтар бірнеше мәрте жасырын жорық жасап, көне ескерткіштерді ұрлап кеткен...
Пәкістан елндегі аптап ыстықтан соңғы үш күн ішінде 65 адам көз жұмған. Баспасөз құралдары таратқан мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқан марқұмдардың жасы 6 мен 78 арасында болған.
Карачи қаласында қазіргі уақытта ауа температурасы 55 градусты асып түскен. Ал ауа ылғалдылығы 78 пайызды құраған. Бұған қоса, қаладағы электрэнергиясының да үзіліп берілуі жағдайды ауырлата түскен.
Лондон қаласында орналасқан «Шэклевел Лейн» мешіті садақа ретінде криптовалюталарды қабылдай бастады. Мешіт имамы Эркин Гюнидің айтуынша, биткоин және Ethereum түрінде келіп түскен бұл қаржы құлшылық ордасының жөндеу жұмыстарына және мұқтаж отбасыларға жұмсалмақ.
«Бұл – ақшаның жаңа түрі. Банк арқылы аударылған басқа қаржы түрлерінен еш айырмасы жоқ», – дейді Эркин Гюни.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ислам әлемінде криптовалютаға қатысты нақты бір шешім жоқ. Мысыр мен Түркия секілді...
Ағылшындық футбол клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах Рамазан айында оразасын бұзбайтынын айтты. Ал, ертең клуб маусымының басты матчы - Чемпиондар Лигасының финалы өтеді.
Қазіргі уақытта атақты футболшы 18 сағат бойы ауыз бекітіп және Киевте өтетін Чемпиондар Лигасының финалында, Салах бірінші матч басталғанға дейін бір жарым сағат бұрын ауыз ашады.
Естеріңізге сала кетейік, Египет футбол қауымдастығының басшысы Хани Абу Рид Ораза 2018 жылғы Әлем кубогына дайындыққа кері...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында мемлекет жəне қоғам қайраткерлеріне, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдеріне, БАҚ қызметкерлері мен өнер майталмандарына ауызашар берді.
Ауызашарға Асанəлі Әшімов, Мұрат Жұрынов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Алтынбек Қоразбаев сынды ел ағалары мен қалалық əкімдіктің лауазымды қызметкерлері, БАҚ басшылары, бас редакторлар қатысты.
Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің федералдық ұлттық...
Бүгін «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің игілігі үшін темір тұлпар тарту етті. Қор президенті Қайрат Орынбайұлы бастаған топ республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келіп, автокөлік кілтін салтанатты түрде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына табыстады. Қор атынан жасалған қайырымдылық шарасына орай Наурызбай қажы Тағанұлы ризашылығын...
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханы бүгін арнайы қонақтармен толыға түсті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгіннен бастап Бас мешіттегі ауызашар дастарханына Елорадамыздағы түрлі қоғамдық (зағиптар, мүгедектер, т.б.) ұйымдар мүшелері мен мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің жұмысшылары шақырылып отыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдан...
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Зекет» қоры Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен қоршаған табиғатқа қамқорлық жасалып, жас жеткіншектерді жақсылыққа баулыған ерекше акция болып өтті. Акция аясында «Балам-ай» жастар және жеткіншектерді қолдау» ҚК, «Астана қаласындағы мүгедек балалар» және «Жаснұр» құлағы естімейтіндер» ассоциациясының тәрбиеленушілері өз қолдарымен құстарға ұя жасап, сол жағалау саябағына орнатып қайтты. Жас жеткіншектерді жақсылыққа үйретіп, қоршаған ортаға...
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінен бастау алған тарауих намаздары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде биылғы жылы ерекше нұсқада өтетін болмақ. Әр күн сайын тарауих намаздарынан соң күнделікті оқылатын Құран сүрелерінің тәпсірі айтылып, жамағатты құлшылыққа құлшындырумен қатар, Құран аяттарының түсу тарихы мен жалпы мағынасын баяндайтын уағыз айтылып отыратын болады.
Осылай деп бастама көтерген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан»...
9167916691659164916391629161916091599158