Мектеп түлектері мешітке келіп, үлкендердің ақ батасын алды (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты шара болып өтті. Он бір жылдық оқу бағдарламасын ойдағыдай аяқтап, үлкен өмірге қанат қаққалы отырған жас түлектер алғашқы қадамдарын Алла үйінен бастап, игі жақсылардың ақ батасымен қуаттанып қайтты. Биылғы жылы қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген атаулы күннің айрықша өтуіне мән берген «Әзірет Сұлтан» мешіті жас түлектерге қажетті кеңес-тілектер...
date26.05.2018readCount881readmoreТолығырақ
Студент жастар «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауыз ашты (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы ЖОО студенттері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханына арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды. Алла разылығы үшін ауыз бекітіп, ораза ұстаған студенттер қауымы «Берекелі Рамазан» дастарханы аясында уағыз-насихат тыңдап, рухани тұрғыдан да нәрленіп қайтты. Елордамыздағы беделді университеттер қабырғасында білім алып жатқан жастармен «Әзірет Сұлтан» мешіті бас имамының көмекшісі Жандос Тәжімұратұлы кездесіп, жастық шақтың қадірі...
date26.05.2018readCount607readmoreТолығырақ
Бас мүфти Ресейдің Бас мешітінде уағыз айтты (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында қасиетті жұма күні аталған елдің ең үлкен мешітінде жамағатқа «Рамазан және мұсылман үмбетінің бірлігі» тақырыбында уағыз айтты. «Қадірлі бауырлар, әпке-қарындастарым! Рамазан – тақуалық пен тәрбиенің, қайырымдылық пен мейірімнің айы. Бұл айда Аллаға ұнамды әрбір амалдың сауабы еселеніп жазылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)...
date25.05.2018readCount540readmoreТолығырақ
Серікбай қажы Ораз Мәскеуде Ресей мүфтиімен кездесті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Сапардың бірінші күнінде еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті. Кездесу барысында көршілес елдердің рухани-мәдени, діни саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Қазақстан мен Ресей мұсылмандары Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың...
date25.05.2018readCount449readmoreТолығырақ
Бас мешіттегі ауызашар дастарханына дәрігерлер шақырылды (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай басталған Бас мешіттегі ауызашар дастарханына кеше Елордамыздағы дәрігерлер қауымы шақырылды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы Бас мешіттегі ауызашар дастарханына күн сайын Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйымдар (зағиптар, құлағы естімейтіндер, мүгедек жандар, т.б.) мүшелері және ұстаздар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары арнайы...
date25.05.2018readCount487readmoreТолығырақ
Ескі шаһарды сатылымға шығарды
Түркия еліндегі көне шаһарлардың бірі Баргилия сатылымға шығарылып отыр. Бодрум қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан көне шаһардың жасы шамамен 2500 жылды құрайды. Шаһар аумағында ежелгі амфитеатр, ғибадатхана және сәулет ескерткіштерінің қалдықтары сақталған. Айта кетейік, көне шаһар 1927 жылдан бастап жеке адамның иелігінде болып келген. Осы уақыт ішінде Баргилия шаһарына қазына іздеуші археологтар бірнеше мәрте жасырын жорық жасап, көне ескерткіштерді ұрлап кеткен...
date25.05.2018readCount379readmoreТолығырақ
Пәкістандағы аптап ыстықтан 65 жан көз жұмды
Пәкістан елндегі аптап ыстықтан соңғы үш күн ішінде  65 адам көз жұмған. Баспасөз құралдары таратқан мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқан марқұмдардың жасы 6 мен 78 арасында болған. Карачи қаласында қазіргі уақытта ауа температурасы 55 градусты асып түскен. Ал ауа ылғалдылығы 78 пайызды құраған. Бұған қоса, қаладағы электрэнергиясының да үзіліп берілуі жағдайды ауырлата түскен.
date25.05.2018readCount454readmoreТолығырақ
Британ мешіттері садақаға биткоин қабылдай бастады
Лондон қаласында орналасқан «Шэклевел Лейн» мешіті садақа ретінде криптовалюталарды қабылдай бастады. Мешіт имамы Эркин Гюнидің айтуынша, биткоин және Ethereum түрінде келіп түскен бұл қаржы құлшылық ордасының жөндеу жұмыстарына және мұқтаж отбасыларға жұмсалмақ. «Бұл – ақшаның жаңа түрі. Банк арқылы аударылған басқа қаржы түрлерінен еш айырмасы жоқ», – дейді Эркин Гюни. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ислам әлемінде криптовалютаға қатысты нақты бір шешім жоқ. Мысыр мен Түркия секілді...
date25.05.2018readCount357readmoreТолығырақ
Мохамед Салах жарыс кезінде де оразасын бұзбайтынын айтты
Ағылшындық футбол клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах Рамазан айында оразасын бұзбайтынын айтты. Ал, ертең клуб маусымының басты матчы - Чемпиондар Лигасының финалы өтеді. Қазіргі уақытта атақты футболшы 18 сағат бойы ауыз бекітіп және Киевте өтетін Чемпиондар Лигасының финалында, Салах бірінші матч басталғанға дейін бір жарым сағат бұрын ауыз ашады. Естеріңізге сала кетейік, Египет футбол қауымдастығының басшысы Хани Абу Рид Ораза 2018 жылғы Әлем кубогына дайындыққа кері...
date25.05.2018readCount488readmoreТолығырақ
Бас мүфти Aлматыда ауызашар берді (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында мемлекет жəне қоғам қайраткерлеріне, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдеріне, БАҚ қызметкерлері мен өнер майталмандарына ауызашар берді. Ауызашарға Асанəлі Әшімов, Мұрат Жұрынов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Алтынбек Қоразбаев сынды ел ағалары мен қалалық əкімдіктің лауазымды қызметкерлері, БАҚ басшылары, бас редакторлар қатысты. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің федералдық ұлттық...
date23.05.2018readCount584readmoreТолығырақ