Жаңалықтар
Серікбай қажы Ораз Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдиннің ресми шақыруымен Мәскеу қаласына барды. Бас мүфти қаладағы «Дон» қорымын зиярат етіп, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт мақтанышы Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Қорымды зиярат ету рәсіміне Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастары да қатысты. Оларға насихат айтқан Бас мүфти: «Халқымыздың басынан талай нәубетті замандар өтті. Ұлт қамын қарақан...
Құрметті мұсылман қауым! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған«Tawaf travel» қажылық компаниясы сіздерді, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) табаны тиген, өмір тарихынан сыр шертетін, барша мұсылманның асыл арманы болған қасиетті мекен - Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарына шақырады! «Tawaf travel» қажылық компаниясы білікті де білімді имамдардың жетекшілігімен қажылық сапарына барушыларға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетеді. Қажылыққа барам деушілерге екі пакет...
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған ҚМДБ делегациясы Ресейдің Саратов облысына барды.
Ресми сапар аясында Серікбай қажы Ораз қазақ диаспорасы көп шоғырланған Александров-гай ауданында болды. Аудан басшысы Сергей Анатольевич пен Саратов облысы бойынша ішкі саясат және қоғаммен байланыс министрі Елена Юрьевна мәртебелі мейманға өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
«Александров-гай ауданында діни татулық пен өзара рухани келісім қалыптасқан. Тұрғындар бір-бірінің діни...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. 7 мен 15 жас аралығындағы 300 оқушы енді үш апта бойы еліміздің Бас мешітінде діни сауат жетілдіріп, жазғы демалыстарын пайдалы өткізетін болады. Осы орайда мешіт ұстаздарының мәжілісінде бекітілген оқу жоспарына сәйкес өткізілетін Құран әліппесі мен Имандылық әліппесі, Әдеп және Дұға сабақтары бүлдіршіндердің діни білім алып қана қоймай, тәрбие мен әдептілікті бойына сіңіріп...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Мәскеу мемориалдық мешітінде Ресей мүфтиінің бірінші орынбасары Рушан қажы Аббясовпен, аталған мешіттің имамы, белгілі теолог Шәміл Аляутдиновпен сұхбаттасты.
Ғалымдар әлемдегі діни ахуал, мұсылман үмбетінің бірлігі, діни ғылыми жаңалықтар, жас буынның исламға құштарлығы, т.б. тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Ш.Аляутдинов ҚМДБ делегациясын мешіт тынысымен...
Ағымдағы жылдың 21-25 мамыр күндері аралығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Атырау облысында ресми іссапармен болып қайтты.
Құрамында білікті теолог-дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері топтастырылған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен атаулы жұмыстар жүргізуге айрықша көңіл бөлді.
Топ мүшелері...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты шара болып өтті. Он бір жылдық оқу бағдарламасын ойдағыдай аяқтап, үлкен өмірге қанат қаққалы отырған жас түлектер алғашқы қадамдарын Алла үйінен бастап, игі жақсылардың ақ батасымен қуаттанып қайтты. Биылғы жылы қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген атаулы күннің айрықша өтуіне мән берген «Әзірет Сұлтан» мешіті жас түлектерге қажетті кеңес-тілектер...
Бүгін Астана қаласындағы ЖОО студенттері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханына арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды. Алла разылығы үшін ауыз бекітіп, ораза ұстаған студенттер қауымы «Берекелі Рамазан» дастарханы аясында уағыз-насихат тыңдап, рухани тұрғыдан да нәрленіп қайтты. Елордамыздағы беделді университеттер қабырғасында білім алып жатқан жастармен «Әзірет Сұлтан» мешіті бас имамының көмекшісі Жандос Тәжімұратұлы кездесіп, жастық шақтың қадірі...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында қасиетті жұма күні аталған елдің ең үлкен мешітінде жамағатқа «Рамазан және мұсылман үмбетінің бірлігі» тақырыбында уағыз айтты.
«Қадірлі бауырлар, әпке-қарындастарым! Рамазан – тақуалық пен тәрбиенің, қайырымдылық пен мейірімнің айы. Бұл айда Аллаға ұнамды әрбір амалдың сауабы еселеніп жазылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.
Сапардың бірінші күнінде еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.
Кездесу барысында көршілес елдердің рухани-мәдени, діни саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Қазақстан мен Ресей мұсылмандары Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың...
9177917691759174917391729171917091699168