Жаңалықтар
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханына Елордамыздағы ұстаздар қауымы арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды. Ел астанасындағы білім ордаларын бағытын түзеп, басшылық етіп келе жатқан мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздары Бас мешітте бас қосып, қасиетті Рамазан айының тағылымын сезініп қайтты. Ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты ұстаздар қауымына кұрмет көрсетіліп, «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан сый-сияпат та жасалды.
Құрметті мамандық иелерін...
Кеше Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара болып өтті. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілердің балаларына және әскери оқу орнына бекітілген SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Мейірімді жүрек» тақырыбында өткен қайырымдылық мерекелік іс-шара аясында Алматы қаласының көркем өнерпаздары, бишілер ансамбліөнер көрсетіп, мерекелік...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі оқу дәрісханаларының құрал-жабдықтары жаңартылды. Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мухаммад Ахмад әл-Жабер мырзаның бастамасымен қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің оқу дәрісханаларына 60 орындық тарту етілді.
Еліміздің ең алып құлшылық орны ғана емес, білім мен ғылымның отын маздатқан бірегей оқу ордасына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітіне тарту етілген бұл...
Түрік елінің Сивас қаласында ерекше мешіт салынып жатыр. Архитектуралық келбеті бойынша тұңғыш рет бой көтергелі отырған бұл мешіт Түркия туындағы жарты ай мен жұлдыз пішінінде болмақ.
Айылдыз мешіті деп атау берілген құлшылық ордасының қазіргі құрылысы уақытта 80 пайызға жуық аяқталып қалған. 2018 жылдың соңына таман қолданысқа берілетін бұл мешіттің жалпы сыйымдылығы 8 000 адамға арналған.
АҚШ телеарналарында танымалдыққа ие болған «Розанна» телесериалындағы бас рөлді сомдаушы актрисаның нәсілшілдікті қоздырғаны үшін аталмыш фильмді бұғаттап тастады. Айта кетейік, жақында ғана актриса Розанна Барр өзінің Твиттер парақшасында біртүрлі» әзілдеген болатын.
«Егер «Мұсылман бауырлар» діни қозғалысы мен «Маймылдар әлемі» ғылыми-фантастикалық фильмінің балалары болған болса, онда ол бұрынғы АҚШ президентініңкеңесшісі болып қызмет атқарған афроамерикандық Валери...
Сауд Арабиясы билігі Иемен елінің азаматтарына корольдік аумағына кіруге, яғни кіші қажылық жасауға қайтадан рұқсат беріп отыр. Бұл жайында Иемен мемлекетінің Қорлар ісі жөніндегі министрі Ахмед Атия мәлімдеді.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы билігі 2015 жылғы Иемендегі қарулы қақтығыстан кейін корольдік аумағына кіруге тыйым салған болатын. Мәлімдеме айтылғандай, Иемен азаматтарын қасиетті мекенге кіргізу туралы шешімді король Салман Абдель-Азиз әл-Саудтың өзі бергенге ұқсайды.
Дубай тұрғындары «неке ұзақтығы» бойынша рекорд жасап отыр. Өкінішке орай, олардың жұбайлық ғұмыры жарты ғасырға жалғасқан «алтын той» немесе одан да ұзаққа созылған бақытты тойлардың бірі емес. Қалыңдық пен күйеу жігіттің жолы неке қию рәсімінен 15 минут өткесін екіге айырылған.
Бұған себеп 30 мың доллар көлеміндегі калыңмал себеп болған екен. Құдалар жағы келіскендей, аталмыш соманың жартысы неке қию рәсіміне дейін төленіп, қалғаны кейін берілетін болған. Алайда, қалыңдық әкесі күйеу...
Осыдан 565 жыл бұрын мамыр айының 29-жұлдызында ІІ Мехмед сұлтан атақты Константинополь қаласын азат еткен болатын. Ал, дәл осы 30-мамыр күні Мехмед сұлтан әйгілі Айя-Софияға аяқ басып, мешітке айналдырылған ғимаратты тамашалаған болатын. Осылайша, маусым айының 1-күні Айя-София мешітінде алғашқы жұма намазы оқылған екен.
Тарихи деректерге сүйенсек, ғимаратты мешітке айналдыру жұмыстарына жергілікті тұрғындар да белсене атсалысқан. Ғимарат жанына бірден төрт мұнара тұрғызылып, Айя-София...
Мәскеулік ЦСКА және Нигерия құрамасының футболшысы Ахмед Муса қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымды іс жасады. Ол Нигерияның Кано қаласындағы қарызын төлей алмағандықтан түрмеге жабылған 40 тұтқынның ақшасын қайтарып, бостандыққа шығуына көмегін тигізген.
Ол бұл қайырымдылығын жасамастан бұрын қаладағы бірнеше абақтыны аралап, түрме басшыларынан тұтқындар жайлы ақпарат алған. Содан кейін олардың қарызын төлеуге кіріскен. Айта кетейік, бұл қайырымдылық шарасына Нигерия...
Алеппо қаласындағы жауласушы тараптарды үйлестіруші Орталық қызметкерлері жергілікті тұрғындар үшін ауызашар дастарханын ұйымдастырды. Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шараға барлық қала тұрғындары шақырылып, Маашара ауданындағы Сайд-ар-Раис мешіті аумағында дастархан жайған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауызашар дастарханының тағамдары лаңкестер оғынан жарақаттанғандардың үйіне және мемлекеттік емтихан тапсырған студенттердің үйлеріне жеткізіліп...
9187918691859184918391829181918091799178