Трамп Ақ үйде ауызашар беретін болды
АҚШ президенті Дональд Трамп ақыр соңында Ақ үйде ауызашар беретін болып шешті. Өзінің исламофобиялық саясатымен аты шыққан АҚШ президенті жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ауызашар рәсімін былтырғы жылы кері қайтарып тастаған болатын. Алайда, биыл аяқастынан ойын өзгерткен Дональд Трамп ауызашар беретін мәлімдеп отыр. 6-маусым күні ауызашарға әзірге кімдердің шақырылатыны белгісіз.
date06.06.2018readCount469readmoreТолығырақ
Иудейлер мұсылман жамағатына ауызашар ұйымдастырды
Түркия мемлекетіндегі иудейлер қоғамы Рамазан айында ауыз бекіткен мұсылман жамағатына арнап ауызашар дастарханын жайды. Жоғарғы раввин бастаған иудейлер қоғамының бұл шарасына жүздеген қонақ шақырылған. Эдирне провинциясындағы Селиммийе мешіті маңында өткен ауызашар дастарханына провинция губернаторы Гюнай Оздемир де қатысып, бұл дастарханды Түркия дінаралық келісімнің озық үлгісі деп атады. Түркиядағы иудейлер жамағатының көшбасшысы Исхак Ибрахимзаде мұндай ауызашар...
date06.06.2018readCount440readmoreТолығырақ
Қазақстан этноолимпиада өткізуге өтініш түсірді
Қазақстан ұлттық спорт түрлерінен бірінші рет Олимпиада өткізуге өтініш түсірген. Бұл жөнінде ҚР спорт және мәдениет министрлігі жанындағы спорт комитеті хабарлады. Аталған комитеттің мәліметінше, 2021 жылы ЮНЕСКО бірінші рет әлемдік этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан мұндай спорт оқиғасын өз елінде өткізуін қалайтын төрт елдің бірі болып тұр. Этноспорт ойындарының өз елінде өтуін қалайтын тағы үш ел - Түркия, Канада және Оңтүстік Корея. ЮНЕСКО-ның дәстүрлі...
date06.06.2018readCount388readmoreТолығырақ
Бас мүфти Астанада тұрмысы төмен отбасыларға ауызашар берді (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берді. 800 жанға арналып жайылған ақ дастархан басына Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар, Қарттар үйінің ардагер ақсақалдары мен Балалар үйінің тәрбиеленушілері, түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, ұстаздар қауымы мен журналистер, зиялы қауым өкілдері мен мұсылман мемлекеттерінің елшілері және ҚМДБ қызметкерлері мен мешіт жамағаты шақырылып, Бас мүфтимен бірге ауыз...
date04.06.2018readCount709readmoreТолығырақ
Елордалық ұстаздар қауымына ауызашар берілді (ФОТО)
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханына Елордамыздағы ұстаздар қауымы арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды. Ел астанасындағы білім ордаларын бағытын түзеп, басшылық етіп келе жатқан мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздары Бас мешітте бас қосып, қасиетті Рамазан айының тағылымын сезініп қайтты. Ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты ұстаздар қауымына кұрмет көрсетіліп, «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан сый-сияпат та жасалды. Құрметті мамандық иелерін...
date01.06.2018readCount682readmoreТолығырақ
SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара өтті
Кеше Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара болып өтті. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілердің балаларына және әскери оқу орнына бекітілген SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Мейірімді жүрек» тақырыбында өткен қайырымдылық мерекелік іс-шара аясында Алматы қаласының көркем өнерпаздары, бишілер ансамбліөнер көрсетіп, мерекелік...
date01.06.2018readCount473readmoreТолығырақ
БАӘ елшісі «Әзірет Сұлтан» мешітіне тарту жасады (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі оқу дәрісханаларының құрал-жабдықтары жаңартылды. Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мухаммад Ахмад әл-Жабер мырзаның бастамасымен қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің оқу дәрісханаларына 60 орындық тарту етілді. Еліміздің ең алып құлшылық орны ғана емес, білім мен ғылымның отын маздатқан бірегей оқу ордасына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітіне тарту етілген бұл...
date31.05.2018readCount731readmoreТолығырақ
Мемлекеттік туға ұқсаған мешіт салынуда
Түрік елінің Сивас қаласында ерекше мешіт салынып жатыр. Архитектуралық келбеті бойынша тұңғыш рет бой көтергелі отырған бұл мешіт Түркия туындағы жарты ай мен жұлдыз пішінінде болмақ. Айылдыз мешіті деп атау берілген құлшылық ордасының қазіргі құрылысы уақытта 80 пайызға жуық аяқталып қалған. 2018 жылдың соңына таман қолданысқа берілетін бұл мешіттің жалпы сыйымдылығы 8 000 адамға арналған.
date31.05.2018readCount709readmoreТолығырақ
Басты актер нәсілшілдікті қоздырғаны үшін танымал телесериалды жауып тастады
АҚШ телеарналарында танымалдыққа ие болған «Розанна» телесериалындағы бас рөлді сомдаушы актрисаның нәсілшілдікті қоздырғаны үшін аталмыш фильмді бұғаттап тастады. Айта кетейік, жақында ғана актриса Розанна Барр өзінің Твиттер парақшасында біртүрлі» әзілдеген болатын. «Егер «Мұсылман бауырлар» діни қозғалысы мен «Маймылдар әлемі» ғылыми-фантастикалық фильмінің балалары болған болса, онда ол бұрынғы АҚШ президентініңкеңесшісі болып қызмет атқарған афроамерикандық Валери...
date31.05.2018readCount459readmoreТолығырақ
Иемендіктерге үш жылдан соң қажылыққа жол ашылды
Сауд Арабиясы билігі Иемен елінің азаматтарына корольдік аумағына кіруге, яғни кіші қажылық жасауға қайтадан рұқсат беріп отыр. Бұл жайында Иемен мемлекетінің Қорлар ісі жөніндегі министрі Ахмед Атия мәлімдеді. Айта кетейік, Сауд Арабиясы билігі 2015 жылғы Иемендегі қарулы қақтығыстан кейін корольдік аумағына кіруге тыйым салған болатын. Мәлімдеме айтылғандай, Иемен азаматтарын қасиетті мекенге кіргізу туралы шешімді король Салман Абдель-Азиз әл-Саудтың өзі бергенге ұқсайды.
date31.05.2018readCount346readmoreТолығырақ