old.muslim.kz Жаңалықтар - Muslim.kz
«Әзірет Сұлтан» мешіті науқас сәбилерге «Рамазан сыйлығын» тарту етті (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан науқас сәбилерге арнап қайырымдылық шарасын өткізді. «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдігімен бірлесе ұйымдастырылған «Сәби саулығы – ұлт болашағы» шарасы аясында осы орталықта емделіп жатқан ісік ауруына шалдыққан сәбилерге «Рамазан сыйлығы» жасалды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы...
date07.06.2018readCount1425readmoreТолығырақ
Зоолог ғалым докторлық диссертациясын жазу үстінде Ислам қабылдады
Африка құрлығының батысында орналасқан Бенин мемлекетінің студенті Тибот Гбетолосси өзінің докторлық диссертациясын жазу үстінде Ислам дінін қабылдағанын айтады. Ол 2017 жылы Түркиядағы Анкара университетінде докторлық диссертациясын қорғауға келген екен. Сол жылы ол алғаш өзінің мұсылман туысқандарымен бірге ауызашар дастарханына барып көрмек болады. «Мен ол мұсылман емес болсам да ауызашарға қатыстым. Тіпті, достарыма еліктеп 14 күн ораза тұттым. Сол шақтан бастап Ислам дініне...
date07.06.2018readCount1292readmoreТолығырақ
Алматыда журналистерге ауызашар берілді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қажы Шоқайдың ұйытқы болуымен қаламгер қауым мен журналистерге Орталық мешіт ауласында ауызашар берілді. Ауызашар дастарханына ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Ерсін Әміре, 50-ден астам журналист қатысты. Ауызашар дастарханында алғаш сөз алған Ағабек Қонарбайұлы қалам ұстаған...
date07.06.2018readCount924readmoreТолығырақ
ҚМДБ «Халал даму» ұйымы қаржылық есебін жариялады (ФОТО)
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Бейбіт қажы Мырзагелдиев серіктестіктің 2018 жылдың І жарты жылдық жұмысы мен қаржылық есебін жариялады. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында сертификатталған кәсіпорындар тарапынан 8 508 750 теңге түскен. Серіктестік қызметкерлерінің жалақысы, зертханалық тексеріс шығындары, ғимарат жиһаздары мен кеңсе тауарлары, іс-сапар, т.б. қосымша шығындар жалпы түсімнен төленді. Айта кетейік, халал стандарттау – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі...
date07.06.2018readCount959readmoreТолығырақ
Қайырымдылық концерті науқас сәбилердің үмітін жалғады (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айында Астана қаласындағы Жастар сарайында өткен «Үмітің үзілмесін» қайырымдылық концерті сал ауруына шалдыққан Кенжебек Жанерке мен Әлия Уәлихановалардың үзілгелі тұрған үміттерін жалғап, ертеңге деген сенімдерін нығайта түсті. Еліміздің эстрада әншілерінің қатысуымен өткен қайырымдылық концерті қорытындысы бойынша 405 600 теңге жиналып, екі бүлдіршіннің ата-аналарына табысталды. Айта кетейік, аталмыш екі бүлдіршіннің де «Зекет» қорының Астана қаласындағы...
date06.06.2018readCount1263readmoreТолығырақ
Астана әкімі атынан «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берілді (ФОТО)
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев атынан жамағатқа дастарханға жайылып, тегін ауызашар берілді. Бас мешіттегі берекелі дастарханға Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандар, зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар, журналистер, ел ағалары мен қоғам қайраткерлері қатысып, ғибратты отырысқа куә болып қайтты. Қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мырза жиылған жамағатқа құттықтау лебізін білдіріп, бүгінгі ауызашар...
date06.06.2018readCount1295readmoreТолығырақ
Трамп Ақ үйде ауызашар беретін болды
АҚШ президенті Дональд Трамп ақыр соңында Ақ үйде ауызашар беретін болып шешті. Өзінің исламофобиялық саясатымен аты шыққан АҚШ президенті жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ауызашар рәсімін былтырғы жылы кері қайтарып тастаған болатын. Алайда, биыл аяқастынан ойын өзгерткен Дональд Трамп ауызашар беретін мәлімдеп отыр. 6-маусым күні ауызашарға әзірге кімдердің шақырылатыны белгісіз.
date06.06.2018readCount1069readmoreТолығырақ
Иудейлер мұсылман жамағатына ауызашар ұйымдастырды
Түркия мемлекетіндегі иудейлер қоғамы Рамазан айында ауыз бекіткен мұсылман жамағатына арнап ауызашар дастарханын жайды. Жоғарғы раввин бастаған иудейлер қоғамының бұл шарасына жүздеген қонақ шақырылған. Эдирне провинциясындағы Селиммийе мешіті маңында өткен ауызашар дастарханына провинция губернаторы Гюнай Оздемир де қатысып, бұл дастарханды Түркия дінаралық келісімнің озық үлгісі деп атады. Түркиядағы иудейлер жамағатының көшбасшысы Исхак Ибрахимзаде мұндай ауызашар...
date06.06.2018readCount1015readmoreТолығырақ
Қазақстан этноолимпиада өткізуге өтініш түсірді
Қазақстан ұлттық спорт түрлерінен бірінші рет Олимпиада өткізуге өтініш түсірген. Бұл жөнінде ҚР спорт және мәдениет министрлігі жанындағы спорт комитеті хабарлады. Аталған комитеттің мәліметінше, 2021 жылы ЮНЕСКО бірінші рет әлемдік этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан мұндай спорт оқиғасын өз елінде өткізуін қалайтын төрт елдің бірі болып тұр. Этноспорт ойындарының өз елінде өтуін қалайтын тағы үш ел - Түркия, Канада және Оңтүстік Корея. ЮНЕСКО-ның дәстүрлі...
date06.06.2018readCount965readmoreТолығырақ
Бас мүфти Астанада тұрмысы төмен отбасыларға ауызашар берді (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берді. 800 жанға арналып жайылған ақ дастархан басына Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар, Қарттар үйінің ардагер ақсақалдары мен Балалар үйінің тәрбиеленушілері, түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, ұстаздар қауымы мен журналистер, зиялы қауым өкілдері мен мұсылман мемлекеттерінің елшілері және ҚМДБ қызметкерлері мен мешіт жамағаты шақырылып, Бас мүфтимен бірге ауыз...
date04.06.2018readCount1388readmoreТолығырақ