old.muslim.kz Жаңалықтар - Muslim.kz
Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары (2018 ж.)
2018 жылдың 15 маусымы – Ораза айттың бірінші күні   Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:    1. Астана қаласы - 07:00 2. Алматы қаласы - 06:00 3. Алматы обл. - 06:00 4. Ақтөбе - 07:00 5. Ақмола - 07:30 6. Атырау - 07:00 7. Ақтау - 07:00 8. БҚО – 06:30 9. Жамбыл - 06:30 10.Қарағанды - 06:00 11.Қостанай - 07:30 12. Қызылорда - 07:00 13. ОҚО - 06:30 14. Талдықорған - 06:30 15. Павлодар - 07:00 16. ШҚО - 07:00 17. СҚО - 07:30 18. Семей – 07:00 19. Жезқазған – 07:00   Ораза айтындағы мұсылманның жасауы тиіс амалдар:   Пітір садақасын беру Пітір садақасы...
date13.06.2018readCount2373readmoreТолығырақ
Бас имам қариларға құрмет көрсетті (ФОТО)
Қасиетті Қадір түнінде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым батасы жасалып, қасиетті Рамазан айы бойында тарауих намаздарында имамдық еткен еліміздің үздік қарилары өздеріне артылған сауапты жұмысты абыроймен аяқтаған болатын. Әуезді мақамымен жамағатты өздеріне ұйыта білген қарилар қасиетті кеште елдің ықыласына бөленіп, ақсақалдарымыздың ақ батасына ие болды. Алла сөзін айна-қатесіз жаттап, сансыз сауапқа ие болған қариларымызды бүгін республикалық «Әзірет...
date13.06.2018readCount1638readmoreТолығырақ
Айт намазы Астана қаласы бойынша 15-маусымда оқылады
Астана қаласы бойынша биыл Ораза айт намазы 15-маусым күні таңғы сағат 7:00-де оқылады. Айт намазы күннің ұясынан толық шығып найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына дейінгі аралықта оқылады. Жергілікті халықтың ыңғайына қарай намаздың уақытын сол жердің имамы нақтылайды. Айт намазының оқылуын мына сілтемеден көре аласыздар! Айттың мына әдептеріне көңіл аудару керек:–  Ғұсыл алу;–  Таза киім кию;–  Хош иіс себіну;–  Намаздан алдын тақ санды бір немесе үш... құрма жеу;– Намазға...
date13.06.2018readCount1368readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Қадір түнінде Құран хатым батасы жасалды (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін еліміздің мұсылман жамағаты қасиетті Рамазан айының 27-жұлдызына дөп келген Қадір түнін қарсы алып, құлшылықпен түн өткізді. Бұл түні еліміздің Бас мешітіне жиылған қалың жамағат Қадір түнін ерекше ықыласпен өткеріп, жамағатпен бірге Құран хатым батасына қатысты. Бас мешіттегі берекелі кешке ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев қатысып, жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады. Құптан намазынан соң қалың...
date12.06.2018readCount1583readmoreТолығырақ
Бүгін – Қадір түні
Исі мұсылман қауымына қуаныш сыйлаған қасиетті Рамазан айының қадірін арттыра түскен Қадір түніне келіп жеттік. Бұл түн барша мұсылман қауымын ортақ тілектер мен игі дұғаларға ортақтастырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қадір түнін Рамазанның сонғы он күнінен һәм ол он күннің тақ түндерінен іздеуге шақырғаны көпшілікке мәлім жәйт. Десек те, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жеткен хадистердің бірінде қадір түнінің Рамазан айының 27-жұлдызы екені айтылған. Мысалға, Мұғауия (р.а) жеткізген хадисте: «Қадір...
date11.06.2018readCount2016readmoreТолығырақ
Наурызбай қажы Тағанұлы: Қадір түні мүбәрак болсын!
Аса мейірімді, ерекше қамқор Алла Тағаланың атымен бастаймын! Түндердің төресі, мың айдан да қайырлы Қадір түніне баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Сауаптар еселеніп, дұға-тілектер қабыл болатын мүбәрак кешті мейлінше құлшылықпен әсемдеп, қайырлы істермен көркемдеуді нәсіп етсін! Бұл түн – аса қадірлі түн, өйткені араб тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түнде...
date11.06.2018readCount2455readmoreТолығырақ
Бас мешіттің бала шәкірттері Ұлттық музейге саяхат жасады (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жазғы сауат ашу курсының бала шәкірттері еліміздің Ұлттық музейіне саяхат жасап қайтты. Мамыр айының 28-жұлдызында басталған жазғы сауат ашу курсы бағдарламасының жарым белінен асқан бала шәкірттердің таным көкжиектерін кеңейтіп, еліміздің тарихын тани түсуі үшін ұйымдастырылған бұл саяхат расымен де олжаға толы болды. Елорда төріндегі Ұлттық музей қызметкерлері де бала қонақтарды құшақ жая қарсы алып, еліміздің...
date10.06.2018readCount1090readmoreТолығырақ
Бас мүфти ардагерлер үйінде ауызашар берді (ФОТО)
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ардагерлер үйіне арнайы зиярат жасап, ауызашар дастарханын жайды. Бас мүфти хазретті ардагерлер үйінің директоры Раиса Мұсабекқызы күтіп алып, қарттарға жасалып отырған барлық жұмыстарымен таныстырды. Ең алдымен ардагерлерінің үйінің ортаңғы үлкен залында орналасқан қолдан егілген кіші саябақты аралап, ғимарат ішіндегі ғажап көріністі жасаған басшылығына алғыс айтты. Одан кейін, қарттарға...
date09.06.2018readCount980readmoreТолығырақ
Танымал психолог «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатымен жүздесті (ФОТО)
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты танымал психолог, телеарна жүргізушісі Құралай Ошақбаевамен кездесу өткізді. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» атты семинар-тренингке жиылған әйел жамағаты психолог кеңесіне қанығып, шариғатқа сүйенген ғылыми мағлұматтарды сіңіріп қайтты. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің өсиеттерінде көркем мінезділікке көбірек үндеп, адамның өз нәпсісімен күресін, тіпті, жиһадтың үлкен түріне балағаны айтылады. Осы ұғымның...
date08.06.2018readCount1184readmoreТолығырақ
Елордалық журналистерге ауызашар берілді (ФОТО)
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханының бұл жолғы қонақтары елордалық журналистер қауымы болды. Ел астанасындағы телеарна тілшілері, газет және сайт қызметкерлері, баспасөз саласының мамандары берекелі Рамазан дастарханында бас қосып, жамағатпен бірге ауыз ашты. Қоғам жайын қаламмен түзеп, ел жағдайын эфирден ұсынған БАҚ өкілдерінің қатары сөгілместен Алла үйіндегі ауызаушарға қатысып, асыл дінімізге құрмет көрсеткендері көңіл...
date08.06.2018readCount996readmoreТолығырақ