Жаңалықтар
Қырғызстан мемлекетінде алкогольді ішімдіктерді ғаламтор желісінде жарнамалауға тыйым салынып отыр. Бұл жайында Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел президенті Сооронбай Жээнбеков «Жарнама жайында» заңға енгізілген өзгерістерге қол қойып, жаңа тыйым ресми түрде күшіне енді.
«Мақсат – жарнамаға қатысты заңнамаларды жетілдіре түсу және алкогольді ішімдіктерді пайдалану көрсеткішін төмендету. Енгізілген өзгерістерге сай ғаламтор желісінде спиртті...
Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жұма уағызын жүргізіп, Бас мешіт жамағатымен жүздесті. Еліміздің барлық мешіттері үшін бекітілген кесте бойынша осы жұма уағызы «Тілдің кесапаты» тақырыбына арналған болатын.
Аталмыш тақырып бойынша ой өрбіткен Бас мүфти сөз қадірін сараптай білуге үндеп, әрбір айтылған сөздің батпандай ауыр салмағы мен зардабы болатыны жайлы көркем уағыз айтты. «Басқа...
Кемерова қаласындағы «Қысқы шие» сауда үйінде орын алған қайғылы оқиға кез келген жанның жүрегін үгітіп, жанын ауыртатыны ақиқат. Қаншама жанның ғұмырын қиған қайғылы оқиғаға әлемнің түкпір-түкпірінен үн қатып, қолдау танытып жатқандар да көптеп кездеседі.
Солардың бірі – дағыстандық Нажабат Омарова есімді мұсылман келіншек өрттен зардап шеккен балалар үшін теңіз жағасындағы өз үйін босатып беруге дайын екенін жариялаған екен.
«Бірнеше күн бойы ғаламтор бетін қарап көрдім. Өртеніп...
Көршілес өзбек елінде тұңғыш рет қасиетті Құран кітабы өз баспаларында басылып, халыққа таратыла бастады. «Озодлик» агенттігі таратқан хабарда қасиетті кітапты алуға Ташкент шаһарындағы баспа алдында ұзынсонар кезек пайда болған.
Агенттік тілшілері ата өткендей, кітап саудасы бойынша мұндай ұзын кезек бұрын-соңды болмаған екен.
Қасиетті Құран кітабы марқұм Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың бастамасымен іске қосылған «Хилол» баспасынан шығарылған.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Еуразия мұсылман ғұламалары Елорда төрінде бас қосып, халықаралық деңгейдегі айтулы форум өткізілген болатын. Ел тарихында ерекше орын алған айтулы оқиғаның ойдағыдай өтуіне еліміздің дін қызметкерлері айрықша үлес қосқаны белгілі. Айтулы шараға, әсіресе, Астана қаласының дін қызметкерлері аяғынан тік тұрып қызмет жасады десе де болғандай.
Осыған орай, Еуразия мұсылман ғұламалары форумын өткізуге атсалысқан республикалық...
Үндістан мемлекетінің билігі «Бангладештен келген заңсыз иммигранттарды» елден шығарып тастауға ниетті екенін мәлімдеді. Елден қуылу қаупі Ассам штатындағы 5 миллион тұрғынға төніп тұр. Олардың Үндістан жерінде қалуы үшін 1971 жылдан бері осы мекенде тұрып жатыр деген құжат көрсетуі тиіс екен.
Үндістан жерінде он жылдан бері орнығып қалған бангладештік босқындарды бұлайша елден қуып шығу – Мьянмадағы сорақылықпен теңестірген құқыққорғаушылар әлемдік ұйымдар назарын аудартуға...
Түрік телеарналарында бұдай былай тәтті өнімдердің жарнамасы көрсетілмейтін болды. Балалар арасындағы семіздіктің белең алуына байланысты Түркия Денсаулық сақтау министрлігі көтерген бұл бастаманы теле және радио хабар тарату жөніндегі Мемлекеттік комитет те қолдап отыр.
Аталған тыйым аясында шоколад пен кәмпиттер, вафли мен энергетикалық тоқаштар, тәтті соустар мен десерттер, тәтті және шоколад жағылған печеньелер, жеміс шырындары мен бисквиттер, тәтті және энергетикалық...
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ташкент шаһарына бір күндік ресми сапармен барды. Бас мүфти бір күнде бірнеше тарихи нысандарды аралады. Екі жақты кездесулерге қатысып, маңызды құжаттарға қол қойды. Сонымен қатар, жергілікті қалалық мешіттердің жұмысымен танысып, жамағатқа уағыз айтты.
24 наурыз. Сағат 9:00. Бас мүфти бастаған делегация Ташкенттегі Төле бидің қабірін зиярат етіп, бабамыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады....
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінде өткен жиналыста Елорда имамдарына Бас мүфтидің алғыс хаты табысталды.
Жиналыс барысында Астана қаласында өткен Еуразия мұсылман ғұламалары форумының ұйымдастырылуына үлес қосқан бас имамдар мен бірқатар мешіт қызметкерлеріне Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хаты тапсырылды.
«Асыл дініміздің абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің мерейін арттырған Еуразиялық форумды ұйымдастыруға белсенді үлес қосқаныңыз үшін айрықша алғыс...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың ресми бұйрығымен Айдар Салқынбаев ҚМДБ жанындағы «Қажылық қоры» мен «Tawaf trevel» қажылық компаниясының директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін бұл жұмыстарды қоса атқарған Жәнділла қажы Бекжігітов ҚМДБ «Мешіт істері» бөлімінің меңгерушісі қызметін жалғастыра береді. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Жәнділла қажы Мамытханұлының «Қажылық қоры» мен «Tawaf trevel» қажылық фирмасы директоры қызметін атқарған...
9009900490039002900190008999899889978996