Жаңалықтар
Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарында Атырау облысынан әкетілген 65 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, Атыраудан 14 отбасы әртүрлі бағыттармен Сирия асқан.
«Олардың кейбірі өздерімен бірге балаларын да алған. Соңғы нақтыланған деректерге қарағанда, аталған аймақтың әскери қақтығыс алаңдарында Атырау облысынан әкетілген 65 бала бар. Олардың 34 мектеп жасында болса,31-і мектепке дейінгі...
Парламент Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.
«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын» делінген жарлық...
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.
Нұрлан Ермекбаев 1986 жылы КСРО Қорғаныс...
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.
Облыс басшысы Ералы Лұқпанұлы алғашқы ресми сапарын киелі Маңғыстаудан бастаған Бас мүфтиге алғысын жеткізді.
«Елдің игілігі мен бірлігіне қызмет ету - Сіз бен біздің ортақ ізгі мақсатымыз. Сіздің бастамаңызбен осы өңірде көптеген сауапты һəм салауатты шаралар жүзеге асуда. Алла разы болсын», - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Қабылдауда жастарды...
Ингушетия еліндегі таулы аймақтарда орналасқан діни жәдігерлерді енді тікұшақ арқылы тамашалауға болады. Отандық туризмді дамытуға бағытталған бұл жоба аясында алғашқы әуе саяхаты сәуір айының 2-жұлдызында алғаш рет ұйымдастырылған.
Алғашқы әуе саяхатының таныстырушысы ретінде Ингушетия астанасының әкімі Беслан Цечоевтың өзі қызмет атқарған. Төрт-бес сағатқа созылатын тікұшақтағы саяхат құны адам басына 35 мың рубльге шыққан.
Айта кетейік, әуе саяхаты жүргізілетін Джейрах...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, түрлі саладағы мекеме жетекшілерімен жүздесті. Келелі кездесуді облыс әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақов жүргізді.
Мақсат Нұрлыбекұлы Бас мүфтидің Маңғыстауға келген сапарының маңыздылығына тоқталып, алғашқы сөзді Серікбай қажы Сатыбалдыұлына құрметпен ұсынды.
«Қадірлі ағаларым мен апаларым, бауырлар, замандастар! Біз қазір...
Үндістан билігі атақты Тәж Махал кесенесін зиярат ету мерзімін тағы да қысқарта түсті. Daily Mail газеті таратқан хабарға сүйенсек, енді әлемнің жеті кереметінің бірін тамашалау уақыты – күніне бар болғаны үш-ақ сағат.
Аталмыш ереже сәуір айының 1-жұлдызынан бастап күшіне енген. Үндістан билігінің бұл шешімді қабылдауына тарихи жәдігерді тамашалау барысында жиі пайда болатын кептелістің де үлесі бар көрінеді.
Айта кетейік, XVII ғасырда император Шах-Жаханның бұйрығымен қайтыс болған...
Түркменстан билігі мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын әйелдердің шашын және тырнағын бояуға, алтын әшекейлер тағуына тыйым салып отыр. «Хроника Туркменистана» сайтының хабарлауынша, аталмыш тыйымға орай Түркменстан кедені шашқа арналған бояуларды да өткізбейтін болған. Сондай-ақ, кірпік және тырнақ жалғауға қажетті матреиалдар да Түркменстан аумағына кіргізілмейтін болады.
Бұл шектеулер елде қалған косметикалық бұйымдардың бағасы екі есеге дейін шарықтауына әкеліп...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында халқымыздың әйгілі ағартушыларының бірі, батыр, ұстаз, дін білгірі Бекет Мырзағұлұлының бейіті мен жерасты мешітін зиярат етіп, Құран бағыштады.
Зиярат ету барысында ҚМДБ Пәтуа және шариғат бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы Бекет Мырзағұлұлының салдырған мешіттері мен дәріс берген шәкірттері туралы әңгімелеп берді.
Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық елді-мекенінде «Төлей ишан» мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.
Игі шарада сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақов өңірге ресми сапармен келген мүфтидің қадамын жақсылыққа балап, ізгі ниеті мен ілтипатын жеткізді.
«Қадірлі ағайын, мешітіміздің ашылу салтанатына мүфти-хазіретіміздің өзі қатысып отыр. Бұл – үлкен жетістік, орайы келген...
9026902590249023902190209019901890179016