Жаңалықтар
Саяси кеңес беруге мамандандырылған Cambridge Analytica компаниясы Facebook әлеуметтік желісінің 87 миллионға жуық қолданушысының жеке деректерін жинаған.
«Біз Facebook желісіндегі 87 миллион адамның, әсіресе АҚШ азаматтарының жеке деректері Cambridge Analytica компаниясына берілуі мүмкін деп болжаймыз», – дейді Facebook техникалық директоры Майк Шрепфер.
Жеке деректерге байланысты Facebook қолданушыларының ішінде АҚШ, Филиппин, Индонезия, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Үндістан, Бразилия, Вьетнам мен Австралия...
Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кестені бекіту жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жобаны көпшілік алдында талқылау 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады.
Кестеге сәйкес, 2019 жылдан 2025 жылға дейін жалпы орта білім беретін ұйымдардағы ұстаздарды латын графикасына өтуді есепке ала отырып, біліктілікті арттыру бойынша курстардан өткізу жоспарланған. Ведомстводағылардың...
Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы басқарма басшысы Владимир Воронков баспасөз конференциясында террорлық оқиғалардың былтырғы жылғы көрсеткіштерімен бөлісті. Мәлімдемеде айтылғандай, 2017 жылы әлем бойынша 11 000-ға жуық террорлық акт тіркелген. Ал, қаза тапқандардың саны 25 000-ға жуықтаған.
«2017 жылы әлемнің жүзден астам елінде 11 000 теракт жасалған. Нәтижесінде 25 000 адам қаза тауып, 33 000 жан дене жарақатын алған», – делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ,...
Қасиетті Рамазан айында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде иғтикаф[1] орындағысы келген қажылар үшін құлшылық ордасының тек төбесі ғана берілетін болмақ. Ал, мешіттің іші, яғни бірінші қабаы түгелімен жамағат құлшылығына арналатын болады.
Ескерте кетейік, Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің төбесіне шамамен 10 000-ға жуық жамағат сыятын көрінеді. Мадина қаласының әмірі және Қажылық істері комитетінің төрағасы Фейсал бин Салман комитеттің иғтикаф үшін мешіт төбесін пайдалану жөніндегі бұл ұсынысты...
Сәуір айының 19-жұлдызында Дубай қаласында өтетін көрме аясында әлемдегі ең көне Құрандардың бірі жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Көрменің басты жәдігері Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің кітапханасынан табылған «Бирмингем Құраны» болмақ.
«Бирмингем Құраны Ислам тарихы мен мұсылмандар мұрасы үшін өте құнды дүние болып табылады. Бұл жәдігердің Бирмингем университетінен табылғанын мақтанышпен айтамыз», – дейді университеттің вице-канцлері Дэвид Иствуд.
Айта...
Қарағанды облыстық соты ақпан айында «террористік ұйымға кіруге оқталмақ болды» және «кәмелетке толмағанды террористік ұйымның қатарына тартты» деген айыппен тоғыз жылға сотталған 30 жастағы Жансая Таңатарованың апелляциялық шағымын қарады.
Сот прокурордың шағымын есепке алып, Таңатарованың жаза мерзімін 9 жылдан 10 жылға ұзартты.
Сотталушы Сирияға кетпек болғанын мойындаған. Оның бауыры Жалғас Таңатаров «Жансая кәмелетке толмағанды террористік ұйым қатарына тартты» деген...
Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін алғаш рет қоғамдық кинотеатр қайта ашылып отыр. 18-сәуірде Эр-Риядта қаласында қайта жұмыс істей бастайтын жаңа кинотеатрда бұл күні режиссер Райан Куглердің "Қара қабылан" фильмін көрсетілмек.
Бұған дейін Сауд Арабиясыбилігі АҚШ-тың AMC Entertainment Holdings Inc. компаниясымен келісім-шарт жасасқан болатын. Компания бес жыл ішінде корольдік аумағында 40 кинотеатр ашуға уәде берсе, ал 2030 жылға таман кинотеатрлардың жалпы саны 350-ге жетпек. Айта кетейік, көрерменге...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында орталық мешітте ақшам намазынан кейін уағыз айтты.
Мешіт жамағатқа лық толды. Уағызға жиналған қауым Бас мүфтидің «Бүгінгі мұсылманның жауапкершілігі» туралы уағызын тыңдады.
«Намаз – мұсылманға үлкен жауапкершілік жүктейтін құлшылық. Қоғам намаз оқитын адамнан жақсылық пен ізгілікті көбірек күтеді. Сіз бен біз осы жауапкершілікті терең сезіне білуіміз керек....
Бүгін ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан қажылық компанияларының жетекшілерімен жиналыс өткізді.
Жиынға Бас мүфтидің кеңесшісі Дәулет Әлиханов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитеті, исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының Бас сарапшысы Бахытжан Дүйсебаев, ҚМДБ Қажылық Қоры мен «Тауаф Тревел» қажылық фирмасының директоры Айдар Салқынбаев және қажылық компанияларының басшылары қатысты.
Басқосуда Бас мүфтиі...
Алматы қаласында тағы да Мақатаев-Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан суши-барға, Төле би-Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы пиццерияға және Достық-Төле би көшелерінің қиылысындағы мейрамханаға «мина қойылды» деп жалған хабарлама түскен.
Полиция мәліметіне сүйенсек, жарылғыш зат табылмады. Қазір арнайы қызметтер телефон арқылы жалған хабар таратқан террористі іздестіріп жатыр.
«Төрт объектіге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Бірақ ақпарат расталмады....
9036903590349033903290319030902990289027