old.muslim.kz Жаңалықтар - Muslim.kz
ҚМДБ «Әйел-қыздар» сектор меңгерушісі Қарағанды жамағатымен жүздесті (ФОТО)
Бас мүфти Серікбай Ораздың биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының өкілі Бакирова Арайдың ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған тағылымды шара өтті. Әйел жамағаты жиылған рухани шарада ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы қатысып, тұщымды уағыз айтты. Қазіргі таңда әйелдер заманның...
date12.04.2018readCount1281readmoreТолығырақ
Наиб мүфти Қарағанды облысында іссапармен болды (ФОТО)
Дін және Азаматтық қоғам министрлік тарапынан құрылған арнайы топпен ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы Қарағанды облысында болып, жергілікті діни ахуалмен танысты. Одан әрі қала мешіттерін аралап, олардың тыныс-тіршілігіне қанықты. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жарияланған биылғы «Ислам және отбасы жылына» орай істеліп жатқан шаралар жөнінде ой бөлісті.Теміртау қаласында, Қарабас, Үштөбе елді мекендерінде болып, деструктивті...
date12.04.2018readCount938readmoreТолығырақ
Алматы қаласындағы Құран байқауына іріктеу мәресіне жетті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран байқауына Алматы қаласы бойынша үміткер қариларды анықтау үшін іріктеу сайысы өтті. Мешіттің іші қасиетті Құранды естуге келген көрермендерге лық толды. Іріктеу сайысына қатысушы үміткер қарилар толық Құранды жатқа оқудан және 20 пара мен 10 парадан жатқа оқудан, сондай-ақ әрбір аятты нақышына келтіре мәнерлеп оқудан жарысқа түсті....
date12.04.2018readCount932readmoreТолығырақ
Сал ауруына шалдыққан Назерке «Балапан» телеарнасында хабар жүргізетін болды
Сал ауруына шалдыққан 12 жасар Назерке Аймұратова “Балапан” телеарнасының жүргізушісі атанды. Назерке бұған дейін «Қарекет» бағдарламасында өз хикаясын баяндап, өлең оқып, бүкіл елді жылатқан еді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Назеркенің тағдыры барша қазақстандықтарды алаңдатқан болатын. 5 жасында кенеттен сал ауруына шалдыққан оның оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Осы орайда «Балапан» телеарнасының басшысы Мақпал Жұмабай оны тележүргізушілікке шақырған. Оған бұл ұсынысты...
date11.04.2018readCount971readmoreТолығырақ
Бас мүфти «Нұр-Мүбәрак» университетінің түлектерімен кездесті (ФОТО)
Санаулы уақытта ел ішіне еңбек майданына аттанатын Нұр-Мүбарак университетінің болашақ 168 түлегімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырза арнайы кездесті. Еліміздің дін басшысының  жастарға деген сенімі мен қолдауына шексіз алғысын білдірген ректор, профессор Жуда Басюни дәл қазіргі уақытта мемлекеттік сынақтан өтіп жатқан  студенттерге жауапты да сауапты сәтте жанына табылып жатқан аға буынның үмітін үкілеп, университет...
date11.04.2018readCount901readmoreТолығырақ
Қызылордалық кәсіпкер өз ауылына 13 мың жеміс ағашын отырғызды
Қызылордалық кәсіпкер Еркін Бекжанов 20 миллион теңгеге демеушілік жасап, туған ауылына алма ағаштарын отырғызуды қолға алды. Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Т.Жүргенов ауылының тумасы Еркін Бекжановтың туған жеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін осылай көрсетуді жөн санаған. «Қазіргі таңда 13 мыңға жуық жеміс ағашын әкелдім. Сол арқылы туған ауылымның тұрғындарына жұмыс көзін де тауып бергім келіп отыр. Алдағы уақытта алма ағаштары ауыл тұрғындарының игілігіне...
date11.04.2018readCount933readmoreТолығырақ
Орталық мешіт күзетшісі ауыр соққыдан қаза тапты
Петербург Орталық мешітінің күзетшісі кеше есін жимаған қалпы аурухана төсегінде жан тапсырды. 71 жастағы қария жақын жердегі Марин ауруханасына бас сүйек-ми зақымы және ми жаншылуы деген анықтамамен жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы топ құрылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мешіт күзетшісіне 1997 жылғы жас жігіт тап беріп, ауыр соққының астына алған. Дегенмен, оқиға орнынан ұзамастан тәртіп сақшыларының қолына түскен. Қылмыстық...
date11.04.2018readCount1197readmoreТолығырақ
Сәнгерлер арасында байқау жарияланды
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық қоры» Сәнгерлер арасында ер және әйел қажыларға арналған киім үлгілеріне байқау жариялайды. Байқау жүлдесі: умра қажылығы Үміткерлер киім үлгілерін 2018 жылдың 27 сәуіріне дейін ұсынуы қажет. Байқау шарттары мен киім үлгілеріне қойылатын талаптарды төмендегі байланыс нөміріне хабарласып біле аласыз. +7 700 100 12 46 Әйгерім
date11.04.2018readCount974readmoreТолығырақ
Әлемнің ең қайырымды мемлекеті анықталды
Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымы қайырымды мемлекеттердің кезекті тізімін жариялады. Әлем бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, гуманитарлық көмектерін аямаған жомарт мемлекеттердің тізімін әдеттегідей Біріккен Араб әмірліктері (БАӘ) иеленіп отыр. Ұйым ұсынған мәліметке сүйенсек, БАӘ былтырғы жылы әлемнің 147 мемлекетіне 19 млрд доллар көлемінде көмек көрсеткен. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш БҰҰ бекіткен мөлшерден екі есеге асып кеткен. Аталмыш қаржының 43 пайызы...
date11.04.2018readCount879readmoreТолығырақ
Наиб мүфти елордалық белсенді жастармен кездесу өткізді (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Жас өркен» жастар клубының ұйымдастыруымен Елордамыздың белсенді жастарының басын қосқан атаулы шара болып өтті. Шара аясында ЖОО-дағы студенттер ұйымының жетекшілері мен қоғамдық шараларға белсене атсалысып жүрген жастар ұйымының мүшелері бас қосып, «Жас өркен» жастар клубының жоспарымен танысты. Аталмыш жиынға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мен...
date10.04.2018readCount1421readmoreТолығырақ