Жаңалықтар
Франция мемлекетінің 22-ші президенті болған Жак Ширактың қызы әкесінің ескі костюмдері мен жжылы киімдерін босқындарға үлестіріп берді. Франциядағы босқындарға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық ұйымының хабарландыруын естіген ол көп ойланбастан әкесінің киілмей қалған киімдерін таратып беруге ұйғарған.
Ол аталмыш орталықтың ғимаратына арнайы фургонмен келіп, әкесінің заттарын өз қолымен тапсырған.
Айта кетейік, Жак Ширак француз елін 1995-2007 жылдар аралығында басқарған...
Солтүстік Кавказ аймағында тұратын қос қария Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген көрсеткішті жоққа шығарып отыр. Айта кетейік, жақында ғана Гинеестік рекордтар кітабының сайтында 112 жасқа толған жапондық Масадзо Нонака есімді қария әлемнің ең жасы үлкен тұрғыны ретінде тіркеген болатын.
Алайда, Ингушетия республикасының Джейрах ауданындағы Гули ауылында тұратын Аппаз Илиевтің одан бақандай 10 жасқа үлкен екендігі анықталып отыр. Наурыз айының 1-жұлдызында қария өзінің 122 жасқа...
Түркия Қарулы күштерінің Сирия жерінде жүргізген «Ефрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялары нәтижесінде лаңкестерден азат етілген аудандарға қайта жандана бастады. Түркия Ішкі істер министрлігіне қарасты Миграция істері басқармасының төрағасы Абдуллах Аяз мәлімдеуінше, туған отанына 162 мың босқын қайта оралған.
Абдуллах Аяздың айтуынша, қазіргі уақытта Түркия аумағында 3 млн 567 мың сириялық тұрып жатқан көрінеді. Олардың көпшілігі туған жерлеріне қайта оралуды...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Құлсары қалалық мешітте ақшам намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты.
Бас мүфти өз уағызында адамды бақытқа жетелейтін үш негіз туралы айтып өтті.
«Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде адамды өмірде бақытты ететін үш нәрсе айтылады. Ол, біріншіден, салиқалы әйел, екіншіден, жақсы көлік, үшіншіден кең үй. Міне, осы үш игілікке қол жеткізген адам осы өмірде бақытқа бөлене...
«100 жаңа оқулықтың» алғашқы сериясын таныстыру рәсімі кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев діни білімнің маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Мысалы, қазақ тіліне аударылған діни кітаптарды парақтағанда бір мәселені ойладым, ата-бабаларымыз соның бәрін білгенде экстремистерге де, террористерге де нақты жауап беретін еді. Олардың қайдан шыққанын дәлелдейтін еді. Сондықтан алдымен діннің тариxын білу керек. Жаратушы бір, оған жету жолдары әртүрлі. Әлемдік және дәстүрлі діндер...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы Бас мүфти Серікбай қажы Оразға Құлсары қалалық мешітінің жұмысымен таныстырды.
Өкіл имам үш қабатты мешітте құлшылыққа қажетті жағдай мейлінше жасалғанын жеткізді. Алланың үйінде кітапхана, неке залы, діни заттар дүкені, ас беретін арнайы зал, мәжіліс бөлмесі бар екен.
Бас мүфти аудан имамдарымен сұхбаттасып, елге қызмет етуде белсенділік танытуға шақырды.
Серікбай қажы Ораз мешіттің...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Атырау облысына жасаған ресми сапары аясында Мақат ауданы Доссар елдімекеніне барды.
Ауылдағы мешіт жұмысымен танысып, тұрғындармен сұхбаттасты. Мақат ауданының әкімі Берікқали Жоланұлы Бас мүфтиге өңірдің тыныс-тіршілігі мен қазіргі діни ахуал туралы әңгімелеп берді.
«Біз елдің шетін жаудан қорғап, халықты ізгілікке ұйытқан кешегі ержүрек Махамбет, Исатай сынды бабалардың бүгінгі ұрпағымыз. Баһадүр...
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысына ресми іссапармен барды.
Бас мүфти бастаған делегация облыс əкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болды. Нұрлан Асқарұлы Атырауға келген дін қайраткерлеріне жылы лебізі мен ізгі ниетін жеткізіп, мүфтиді жаңа қызметімен құттықтады. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы өз кезегінде өңір басшысына алғысын білдірді.
Ресми кездесуде Атыраудағы қазіргі діни ахуал сөз болды. Нұрлан Асқарұлы...
Тәжікстанның Соғды облыстық сотында бір отбасының жеті мүшесіне қатысты іс қаралып жатыр. Оларға қарсы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қосылмақ болды деген айып тағылып отыр.
Айыпталушылардың ішінде 70 жастағы әже, 44 жастағы ұлы, келіні, қызы және күйеу баласы бар. Олардың бәрі былтыр Түркия-Сирия шекарасында ұсталған. Сот отырысы Худжанд қаласында жабық есік жағдайында сейсенбі күні басталған болатын.
Тергеу ісіндегі дереккөз мәліметінше, бір отбасының жеті бірдей мүшесі...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуда басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге жұмыс күшін тартуға қолдау көрсетуді атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы сәйкес, өңірден еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мәселен, биыл...
9066906590649063906290619060905990589057