Жаңалықтар
Хабаровск аймағында (Ресей) тұратын Оксана Музыка есімді қыз өзінің жомарттық қасиетімен жұрттың сүйсіпеншілігін тудырды. Дағыстандық @tut.godekan ғаламтор тобының сайысына қатысқан ол ойламаған жерден жеңімпаз атанып, жүлдеге ие болған екен. 270 000 қатысушы арасынан бағы жанған Оксана сыйлықты алуға келгенде, ұйымдастырушыларды тіптен таңғалдыра түсті.
Асып-тасқан байлығы болмаса да Оксана өзіне тиесілі жүлдені түгелдей «Инсан» қайырымдылық қорына аударуды жөн санапты.
«Бұл –...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қалашығында болып, мұражайдағы тарихи жәдігерлермен танысты.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ұлы дала төсіндегі Ислам» жобасы аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен тарихи көрме-мұражай ашу жоспарлануда.
«Исламды тарихымызбен сабақтастырып түсіндіру – аса маңызды жұмыс. Өйткені, біз кеше ғана мұсылман болған халық емеспіз. Қарға тамырлы...
Аягөз қаласында тұратын Дүйсеновтер отбасы үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған ақжолтай күн болды. Көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін су шайып кеткен бұл отбасы ойламаған жерден далада қалып, барар жер, басар тау таппай дағдарған еді. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе, дегенмен елмен бірге еңсе көтеріп, тағдырдың тосын тауқыметіне төзімділік таныта білген Ардақ Дүйсенов бүгін жаңа баспанаға ие болды.
Тілсіз жау Аягөз халқын аяқастынан әбігерге салып, етігімен су кешкен күн...
Аягөз қаласына арнайы ат басын тіреген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы тағы бір отбасының қуанышына ортақтасып, жаңа баспаналы болған жандардың шүкіршілк шайына қатысты. Су тасқыны кезінде үйінен айырылған Аягөз Орталық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлына ҚМДБ атынан жаңа баспана тарту етіліп, көмек көрсетілген болатын.
Орталық мешіт жанындағы ас беретін орынға жиналған жамағатқа наиб мүфти...
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қайнар ауылында белгісіз біреу құлшылық ордасының астаң-кестеңін шығарып кеткен. Бұл жайында КТК телеарнасы хабар таратты. Телеарна тілшісі әлеуметтік желіде таралған видеомен бөлісіп, мәсәленің мән-жайын анықтауға тырысқан.
«Бейнекөрініс әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Түсірген адамның айтуынша, басбұзар қасиетті ғимаратты әбден қорлаған. Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды...
АҚШ президенті Дональд Трамп химиялық қарумен байланысты сириялық нысандарды атқылауға бұйрық берді. Бұл туралы Тhe Guardian басылымы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Франция мен Ұлыбритания елдері де соққы жасайды."Бірқатар уақыт бұрын мен АҚШ ҚК-ға сириялық диктатор Башар Асадтың химиялық қарумен байланысты нысандарына жоғары дәлдікпен соққы беруді бастауға бұйрық берген болатынмын", - деді АҚШ президенті телевизиядағы сұхбатында, оны жергілікті арналар тікелей эфирден...
Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі байқамай қоқысқа тастаған 5 келі күміс бұйымдар табылып, кері қайтарылды. Бұл жайында дүкен күзетшісі Жандос Әмірханов телефон арқылы хабарлаған.
«Шынымды айтсам, бұл оқиғаның осылай аяқталғанына қуаныштымын. Оқиға былай болды: екі күн бұрын маған бір ер адам қоңырау шалып, осы аумақта (7 Континент) тұрған адам туралы хабарлады. Шамалап мекенжайын айтты. «Мәскеу» үй кешенінің маңында өз үйі бар деді.
Ауызша сипаттап берді: орта бойлы, сақалды ер...
Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылуы бойынша бір жылғы жұмыс қорытындыланып, 2018 жылға міндеттер айқындалды. Осыған орай, Ұлттық музейде жиын өтіп, көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Көрмеде «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының» директоры, «Толықтырылған шынайылық» кітаптарының авторы Сергей Коваленко туындыларын көпшілік назарына...
Алматы қаласының әкімдігі егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардың әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру,аға ұрпақты қолдау мақсатында «Белсенді ұзақ өмір» атты Жол картасының жобасын жасады. Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек егде адамдарға жақсы жағдай жасауға бағытталған жоба туралы айтты.
«Ең алдымен біз әлеуметтік қолдауға зәру жандарға көмек көрсетеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бала...
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облыстық орталық мешітінде уағыз айтып, жұма намазын жүргізді. Еліміз бойынша осы жұма уағызы "Исра және Миғраж оқиғасы" тақырыбына арналған болатын.
"Қасиетті Миғраж түнінде бізге намаз парыз етілді. Намаз - жамандықтан сақтайтын, жәннатқа жетелейтін ұлы құлшылық. Адам намаз арқылы бейәдеп әрекетінен арылып, көркем мінезге ие болады. Өйткені, Аллаға құлшылық еткен пенденің өмірі жақсылыққа қарай...
9077907690749075907390729071907090699068