old.muslim.kz Жаңалықтар - Muslim.kz
БАӘ-де әлем каллиграфтарының көрмесі өтеді
Бірікке Араб әмірлігінде (БАӘ) жыл сайынғы Ислам каллиграфиясының көрмесі өтеді. Биылғы көрменің арқау еткен тақырыбы «Болмыс» деп аталып отыр. Көрме жұмыстары 2-маусым күні «Шардж жүрегі» деп аталатын тарихи кешеннің бірнеше алаңында өтетін болмақ. Көрме аясында жұртшылық назарына 500-ден астам каллиграфтың өнері ұсынылатын болады.
date21.04.2018readCount924readmoreТолығырақ
Имамдарға ең жоғары жалақы тағайындалады
Қазіргі уақытта ел бойынша діни қызметкерлердің тізімі түзіліп, жалақы мөлшері тағайындалып жатқан көрінеді. Бұл жайында Әзірбайжан діни білім жұмыстары жөніндегі Мемлекеттік комитет  төрағасы Мубариз Гурбанулы мәлімдеді. Мемкомитет төрағасының айтуынша, діни қызметкерлер тізімі Рухани құндылықтар қорына ұсынылып қойылған болатын. Қазіргі уақытта басқармада аталмыш тізімі талқылану үстінде екен. «Тізім тексеріліп жатыр. Қор және Кавказ мұсылмандары басқармасы осы бағытта жұмыс...
date21.04.2018readCount1063readmoreТолығырақ
Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасап шығарды
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Александр Шерцер эко-туризмді дамытудың жаңа жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Информатика пәнінің оқытушысы, робот техникасы бойынша Қазақстан құрамасының бапкері Александр Шерцер жақында Қостанайда өткен робот техникасы фестивалінде өзі жасаған «ақылды» киіз үйін таныстырды. Ол кәдімгі қазақы киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынған. Тіпті, қазіргі уақытта...
date21.04.2018readCount894readmoreТолығырақ
«Жүрек – патша, ағза оның әскері» – Бас мүфти
Кеше, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада «Нұр Астана» мешітінде «Исламдағы шынайы ниеттің маңыздылығы» деген тақырыпта жұма уағызын жүргізді. «Халқымызда: «Жақсы ниет - жарым ырыс», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бойды жаздырмайды», «Адамның құлқы түзелмей, құлпы түзелмейді», «Пейілі жаман пәлеге жолығады, бітпейтін жалаға жолығады», – деген нақыл сөздар бар. Ниет етпей ұстаған ораза арнайы мақсат етіліп ұсталған ораза...
date21.04.2018readCount1051readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасында Құран жарысы болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен оқу жылының соңына орай, шәкірттер білімін қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған Құран жарысы әдеттегідей жұма намазына жиналған қалың жамағат алдында өтті. «30-пара», «Дұха сүресінен төмен» және «Фил сүресінен төмен деп аталатын үш аталым бойынша жамағат алдында 9 үміткер бақ...
date20.04.2018readCount1608readmoreТолығырақ
Нұр-Мүбарак университетінің үздік қарилары анықталды (ФОТО)
Нұр-Мүбарак университеті студенттері арасында қасиетті Құран Кәрімнің 1, 3, 5, 10 паралары бойынша ер балалар арасында жатқа оқудан жарыс өтті. Шартқа сай жарысқа қатысушы Құран Кәрімнің қай параларынан қатысуды өзі таңдайды, ал  1 мен 3 пара бөліміне жоғарғы курс пен Құранның 10 парасынан жоғары жаттаған студенттер қатыса алмайды. Құрамында ғылым докторлары әрі қасиетті Құран хафиз-қарилары Саид Абдулмажит, Хасан Матар Хусейн, Саид Хасан Хусейн, докторант қари Құрмет Смағулов, Оралхан...
date20.04.2018readCount1486readmoreТолығырақ
Дін істері және азаматтық қоғам министрі еліміздің Бас мешітін зиярат етті (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жаңа қызметке жақында кіріскен министр Бас мешіттің жай-күйімен жақын танысып, құтты мекенде ҚМДБ басшыларымен кездесу өткізді. Құрметті қонақты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, құлшылық ордасын аралатып шықты. Еліміздің мақтанышына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітінің көркем сәулетін...
date19.04.2018readCount1225readmoreТолығырақ
Мешітті тонаған ұрыны итпен іздеп тауып алды
Башқұртстанның Илишев ауданында орын алған мешіт ұрлығы тез арада беті ашылып, садақа жәшігін жымқырған күдікті ұсталды. Мешіт ғимаратының терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігін көтеріп кеткен ұрыны құрықтауға полиция қызметкерлеріне із кесуге дағдыландырылған ит көмектесті. Мамандар Еляға (иттің аты) садақа салынған жәшікті иіскеткені сол-ақ екен, иісшіл ит тәртіп сақшыларын ауыл сыртындағы тастанды ғимараттардың біріне бастап апарған. Ғимарат ішінен сол ауылдың тұрғыны, 27...
date19.04.2018readCount1032readmoreТолығырақ
Азанды өзгертпек болған министр өзі ұятқа қалды
Гана мемлекетінің билігі азанға қатысты «алаңдаушылық» танытып, мұсылман жамағатын намазға шақырудың басқа балама жолын ойлап бас қатыруда. Атап айтқанда, билік өкілдері ел астанасы Аккра тұрғындарының жайлылығын ойлап, қатты дауыс пен шуды бәсеңдетуге тырысатындықтарын жеткізген. «Имам барлығына WhatsApp желісі арқылы хабарлама жіберсе болады ғой. Меніңше, бұл қала шуылын азайта түспек. Бұл тек жалғыз жол емес, бірақ ойланып көруге болады», – дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі ...
date19.04.2018readCount1433readmoreТолығырақ
Түркияда төтенше жағдай режимі жетінші рет ұзартылды
Түркия билігі елдегі төтенше жағдай режимін жетінші рет ұзартып отыр. Бұл жайында вице-премьер Бекир Боздаганың Анадолы агенттігіне берген мәлімдемесінде айтылған. Агенттіктің хабарлауынша, режимді ұзарту жайлы ұсынысты Парламентке Үкімет жолдаған екен. Айта кетейік, Түркия еліндегі төтенше жағдай режимі 2016 жылдың шілде айынан бастап енгізілген болатын. Мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған шабуыл барысында 250 адам қаза тауып, жүздгене жан жараланған еді. Содан бері төңкеріс...
date19.04.2018readCount916readmoreТолығырақ