old.muslim.kz Жаңалықтар - Muslim.kz
Сайлау кезінде алкогольді ішімдік саудасына тыйым салынады
Маусым айының 24-жұлдызында Түркия мемлекетінде кезектен тыс президент және парламент сайлауы өтетіні белгілі. Ел билігі осыған қатысты 24-маусым күні алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салып отыр. Бұл жайында Жоғары сайлау комиссия мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл күні елдегі барлық ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатады. Бұған қоса, бұл күні үйлену тойы секілді мерекелік шаралар өткізуге де болмайды.
date02.05.2018readCount894readmoreТолығырақ
Пәкістанда әлемдегі үшінші үлкен мешіт салынады
Пәкістан мемлекетінің Карачи қаласында көлемі жөнінен әлем бойынша үшінші мешіт салынатын болмақ. Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мадинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінен кейінгі үлкен құлшылық ордасында бір мезгілде 800 000 мұсылман ғибадат жасай алады. Белгілі болғандай, құлшылық ордасының сәулеті Түркия, Иран, Кувейт және БАӘ секілді мұсылман мемлекеттерінде қолданылып келе жатқан дәстүрлі Ислам стилінде болмақ. Мешіт ғимаратында Ислам мәдени орталығы, Ислам зерттеу орталығы...
date02.05.2018readCount1069readmoreТолығырақ
Қазақстан баспасөз еркіндігі индексінде бір орын төмендеді
Қазақстан әлемдегі баспасөз еркіндігі рейтингінде былтырғыдан бір орын төмендеді деп хабарлады «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы. RWB әлемдегі 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз еркіндігі жөніндегі есебінде Қазақстанның бір саты - 157-орыннан 158-орынға көтерілген. 25-сәуірде жариялаған есебінде RWB баспасөз еркіндігін тежеу жыл өткен сайын барынша күшейіп бара жатқанын ескертті. «Саяси жетекшілердің баспасөзге жауыққаны Түркия (157-орын) және Египет (161-орын)...
date02.05.2018readCount916readmoreТолығырақ
Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысында профилактикалық жұмыстар жүргізді (ФОТО)
Сәуір айының соңғы апталығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Ақтөбе облысында іссапармен болды. Құрамына білікті дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қамтылған Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Ақтөбе, Хромтау, Қобда және Байғанин аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жоспарлы жұмыс жүргізіп қайтты. Соның аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын...
date01.05.2018readCount1074readmoreТолығырақ
ОҚО-дан келген 100 оқушы еліміздің Бас мешітін аралады (ФОТО)
Мереке қарсаңында Елордамызға Оңтүстік Қазақстан облысынан сапарлап келген 100 бала еліміздің Бас мешітінде қонақта болып, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Көркем келбеті мен қазақы сәулеті көз арбаған құлшылық ордасы бүлдіршіндердің қуанышын туғызып, әдемі әсерге бөледі. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев бүлдіршіндерді мешіт жәдігерлерімен таныстырып, жалпы ақпараттармен бөлісті. Бүлдіршіндер Бас мешітке Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тарту еткен көне Құран...
date30.04.2018readCount988readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттеріне діни рәсімдердің бірізділігі жайында уағыз айтылды (ФОТО)
Еліміздің Бас мешітінде әр апта сайын өткізілетін жексенбілік уағыз сағаты кеше «Діни рәсімдердің бірізділігі» тақырыбына арналды. Ақшам намазынан соң айнала жайғасқан жамағатқа ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөілімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы уағыз айтып, еліміздегі діни рәсімдер жайлы қажетті ақпараттармен байытты. Еліміздің кейбір өңірлерінде діни рәсімдердің орындалу барысында түрлі өзгерістерге ұшырап, жергілікті халықтың әдет-ғұрып, жөн-жоралғысына орай...
date30.04.2018readCount989readmoreТолығырақ
Татулық – табылмас бақыт
Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Жұртымыз мамыражай мамырдың алғашқы күнінде Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін айрықша атап өтеді. Бұл – көпұлтты, көпконфессиялы еліміздің бірлігі мен берекесін арттыра түсетін аса маңызды мейрам. Адам өміріне қауіп төндірген сындарлы кезеңнің сын-қатерімен бетпе-бет келген бүгінгі әлемдік қауымдастық, оның ішінде Қазақ Елі үшін бірлік пен бейбітшілік – басты байлық, баға жетпес құндылық. «Тозған қазды топтанған қарға...
date30.04.2018readCount998readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті сәуір айын қайырымдылық шарасымен аяқтады (ФОТО)
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті сәуір айының соңғы күндерін қайырымдылық шарасымен өткізді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жыл басында «Мейірімділік мекені» жобасы іске қосылған болатын. Жоба аясында әр ай сайын мешіттен жәрдем сұрап келген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, азық-түлік және ақшалай қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Бұл жолғы шара аясында Астана...
date28.04.2018readCount1324readmoreТолығырақ
Медресе шәкірті бесінші қабаттан секірмек болған қызды ажалдан арашалады (ВИДЕО)
Тараз қаласында бесінші қабаттан секірмек болған студент қызды медресе шәкірті ажалдан арашалады. Дін жолындағы азамат өзін өлтіруге оқталған бойжеткенді құлағалы тұрған жерінен ұстап қалған. «Биіктен секіріп кетемін» деп қиғылық салған студентті райынан қайтаруға құзырлы орын өкілдері мен оқу орнының басшылығы жұмыла күш салғанымен, түк шықпаған. Қайта керісінше, адам жақындаған сайын бойжеткен ғимараттың қиыр ұшына жылжып, жағдай ушыға берді. Тек келіссөзге медресе шәкірті...
date28.04.2018readCount1301readmoreТолығырақ
ҚМДБ төрағасы Моңғолия мүфтиімен кездесті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласында Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлымен кездесті. Кездесуде діни татулық, қазіргі сын-қатерлермен бірлесе күресу, салт-дәстүрді жаңғырту, т.б. мәселелер төңірегінде жан-жақты пікір алысты. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттер мен имам-молдаларға көмек беру, қолдау көрсету жалғаса беретінін...
date28.04.2018readCount873readmoreТолығырақ