Жаңалықтар
Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада басталған «Еуразия мұсылман ғұламаларының» форумына қатысушылар бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, жұма намазына қатысты. Бірнеше мемлекеттің мүфтилерімен бір сапқа тұрып, сәждеге жығылатынын білгенде «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты да ерекше әсерге бөленіп, Ислам ғұламаларының әр сөзіне асқан ыждаһаттылықпен құлақ түрді.
Мешіт мінберіне көтерілген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет...
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Еуразия мұсылман ғұламаларының форумына» келген Еуропа елдерінің дінбасыларына арнайы қабылдау өткізді. Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесуге Украина мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ахмед Тамим, Латвия «Марджани» мұсылмандар қауымдастығының төрағасы Зуфар Заинуллин, Литва мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ромас Якубаускас, Румыния мүфтиі Мұрат...
ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен еліміз бойынша тұңғыш рет өткізілгелі жатқан «Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы» қарсаңында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бірнеше мемлекеттің дінбасыларымен жеке кездесу өткізіп, өз құрметін білдірді. Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесуге Әзірбайжан, Белорусия және Ресей Федерациясының Ставрополь аймағының делегациялары қатысып, ертеңгі игі шара туралы ойларымен бөлісіп, форум жұмысына сәттілік тіледі....
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Еуразия мұсылман ғұламалары» форумына қатысушы делегациялармен кездесу өткізіп, арнайы қабылдау жасады. Еліміз бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға ат терлетіп жеткен Еуразия елдерінің дінбасылары мен қайраткерлері еліміздің Бас мешітін зиярат етіп, Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен бірқатар мәселелер жайын талқылады.
Форум қарсаңында өткен осындай...
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өткен аптада КТК телеарнасының тілшісі Артур Платоновты қабылдап, арнайы кездесу өткізген еді. Көк жәшік арқылы көкейкесті мәселелер жайын көтеріп, түйткілді жайттар төңірегінде сөз қозғап жүрген кәнігі тілші кездесу аясында арнайы сұхбат алып, «Слуги народа» бағдарламасының кезекті санын арнаған болатын.
Сан ғасыр бойы қазақ даласында салтанат құрған асыл дініміздің бүгінгі таңда...
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың ақпарат-насихат саласына жауапты қызметкерлеріне жиналыс өткізді.
Жиналысқа ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, «Ғаламтормен жұмыс» секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлы, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы, «Хикмет ТВ» телерадиостудиясының редакторы Ерболат Айтбайұлы, Насихат және қоғаммен...
Бүгін Астана қаласындағы №65 мектеп-гимназияда білім алатын мүмкіндігі шеутеулі оқушылар республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонақта болды. Туа салысымен тағдыр тауқыметіне ұшыраған бүлдіршіндер үшін бүгінгі күннің ерекше орны айрықша болды. Бұған дейін ата-анасымен еріп, сан мәрте келгендерімен, өздерін құлшылық ордасының қадірлі қонағы ретінде сезіну – оқушылардың барлығына қанат бітіріп, қуаныштарын еселей түсті.
Аталмыш №65 мектеп-гимназиясында білім алатын 25 оқушы...
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы апта соңындағы демалысты сәтті пайдаланып, мешіт ғимаратының төбесін қардан тазартып шықты. Диаметрі 51 метр болатын алып күмбез бен ондаған кіші күмбез орналасқан мешіт төбесінің аумағы да айтарлықтай жерді алып жатқанымен, жұмыла кіріскен мешіт қызметкерлері ғимарат төбесін бірер сағат ішінде-ақ тап-тұйнақтай етті.
Биылғы қыстың еліміздің барша аймағына жайсыздау тигені бәрімізге белгілі. Ақтүтек бораны мен сақылдаған сары аязы...
Жақында ғана Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісінің дін істері жөніндегі Бас кеңесшісі болып тағайындалған Галиб Акын республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды. Еліміздің Бас мешітіне алғаш рет бас сұққан Галиб Акын құлшылық ордасының сұлулығын асықпай тамашалап, тыныс-тіршілігімен танысып шықты.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен өткізген кездесу барысында түрік...
Бүгін ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Палестина елшісі д-р Монтасер Әбу Зейдты өз өтініші бойынша қабылдады. Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен қабылдау барысында Палестина елшісі бірқатар маңызды мәселелер бойынша сөз қозғап, Наурызбай қажы Тағанұлына өз алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, Монтасер Әбу Зейд сәуір айының 9-11 аралығында Палестина жерінде IX Халықаралық конференцияға ҚМДБ-ның...
8913890689048903886088518843883788148805