Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (ФОТО)
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті бүгін «Мейірімділік мекені» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік түрінде көмек көрсетіп, қайырымдылық шарасын өткізді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ережеп айының басталуына сәйкес және ұлтымыздың ұлық мерекесі – Наурыз мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоры...
date20.03.2018readCount575readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті Аягөз халқына арналған «Астана асарын» бастады
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының халқына жәрдемдесу мақсатында «Астана асары» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отыр. Көктемгі су тасқынының астында қалған Аягөз халқына қазіргі таңда қауіптің беті қайтқанымен, табиғат апатының зардабы мен салдары әлі де халықты қыспағынан босатар емес. Осы орайда, Аягөз халқына жанашырлық танытып, жылуымен бөлісуге асыққан жандардың арамызда көптеп табылып жатқаны көңіл...
date17.03.2018readCount659readmoreТолығырақ
Әйел жамағаты «Халал өнімдерін стандарттау бөлімі» маманымен кездесті (ФОТО)
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-нің бас сарапшысы Алмагүл Әбілдиновамен кездесу өткізіп, халал астың маңыздылығы жайындағы қажетті ақпаратқа толы уағызбен сусындады. ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің маманы мешіт жамағатына халал мен харам астың аражігін ажырата түсіндіріп, шариғат бойынша мал союдың шарттарына тоқталды. «Халал ас – салауатты ұрпақ кепілі» деген тақырып аясында өрбіген баяндамасында Алмагүл Әбілдинова...
date16.03.2018readCount712readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті қызметкерлері біркүндік жалақыларын Аягөз халқына аударды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қызметкерлері табиғат апатынан тұралап қалған Аягөз халқына жәрдем ниетінде біркүндік жалақыларын арнайы есепшотқа аударды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асқан игі жобаға мешіт қызметкерлері бірауыздан қолдау танытып, табиғат апатынан зардап шеккен Аягөз халқына жәрдемдесудің басқа да жолдарын қызу...
date15.03.2018readCount882readmoreТолығырақ
 400 науқас бала «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонақ болды (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде халқымыздың ұлттық мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамына орай қайырымдылық шарасы болып өтті. Астана қаласы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен бірлесе өткізген шара аясында 400 жуық бүлдіршін құлшылық ордасында қонақта болып, мерекелік дастарханнан дәм татып қайтты. Қасиетті Құран аяттарымен ашылған салтанатты шараға Астана қаласындағы науқас сәбилер, кемтарлығы бар бүлдіршіндер, көп балалы отбасы мүшелері...
date13.03.2018readCount1089readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттеріне көркем мінез жайлы уағыз айтылды (ФОТО)
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жексенбілік уағыз сағаты бұл жолы көркем мінез тақырыбына арналды. Бас мешіттегі діни сауат ашу курсы шәкірттерінің басын қосқан ғибратты отырыс жамағатты жақсылыққа жетелеп, мінез-құлық мінсіздігіне талпындырды. Аталмыш тақырып аясын аят-хадистер арқылы кеңейте түскен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бен сахабалар өмірінен көрнекі мысалдар келтіріп, пайдалы кеңестермен бөлісті. «Адам көркі...
date12.03.2018readCount641readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті тағы бір білікті маманмен толықты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Сұлтанов Руслан республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имам қызметіне тағайындалды. Қасиетті жұма намазына жиылған жамағатты Бас мүфти бұйрығымен таныстырған  «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа қызметкер жайлы ақпарат беріп өтті. Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы ретінде жемісті еңбек...
date09.03.2018readCount1258readmoreТолығырақ
Бас мешіт атынан мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді (ФОТО)
Наурыз айының алғашқы аптасын республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қайырымдылық шарасымен бастады. Көктен төгілген күн нұры жер бетін жылыта түскеніндей, көктемнің алғашқы шуағымен бірге көңілдерге жылу себуге тырысқан шара аясында Астана қаласындағы 13 мұқтаж отбасы қамтылды. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Мейірімділік мекені» жобасы аясында жүзеге асқан бұл шара енді әр ай сайын тұрақты түрде өткізіліп...
date07.03.2018readCount681readmoreТолығырақ
Мешіт шәкірттеріне аманатқа қиянат жасамау жайында уағыз айтылды (ФОТО+ВИДЕО)
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттеріне арналған кезекті уағыз сағаты аманатқа қиянат жасамау тақырыбына арналды. Наиб имам Марат Бектазинов жүргізген жүйелі уағыз  барысында Бас мешіт шәкірттері аманат ұғымының астарына үңіліп, мұсылман жамағатына жүктелген аманат түрлерімен таныса түсті. Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) мүбәрак хадистерінен мысал келтіре отырып, аманатқа берік болуды шәкірттер бойына сіңіруге тырысқан...
date07.03.2018readCount682readmoreТолығырақ
Бас мешіт қызметкерлері алдағы жұмыс жоспарын талқылады (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлеріне арналған жалпы жиналыс болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен жиналыс барысында жылдық жоспар бойынша атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, алдағы уақытта жоспарланған шараларға дайындық барысы пысықталды. Республикалық Бас мешіттің қауіпсіздігі мен тазалығы, оқу-ағарту жұмыстары мен қайырымдылық шаралары,...
date05.03.2018readCount677readmoreТолығырақ