Фатима апа Әбдібекқызы: Мүбәрәк сақалды сенімді қолға қалай тапсырамын деп түні бойы көз ілмей шығушы едім... (ФОТО)
Ақмола облысы, Атбасар қаласының мешітінде Пайғамбарымыздың сақал шәрифін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына табыстау рәсімі өтті. Мешіт ішінде Пайғамбарымыздың тәбәрігін көруге келген жамағаттан ине шаншар жер қалмады. «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып, Пайғамбарымызға салауат жолдаған жамағат Пайғамбарымыздың мүбәрәк сақалын мешітке алып кіргенде ерекше толқып, бойларын керемет сезім билегендей болды. Иін тірескен жұрт Пайғамбарымыздың сақалын көруге лап қойып,...
date23.05.2013readCount4601readmoreТолығырақ
Muslim.kz сайты Пайғамбар сақалын сақтап келген апамызды зиярат етті
Muslim.kz сайтының ұжымы Пайғамбарымыздың мүбәрәк сақалын осы күнге дейін аман-есен сақтап келген Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Садовый ауылының тұрғыны Фатима апа Әбдібекқызының шаңырағына зиярат етіп, ақ батасын алды. 85 жасқа келсе де дәретсіз жер баспай, бес уақыт намазын қаза қылмай келе жатқан апамыздың әлі күнге дейін тың екенін көзіміз көріп таңғалдық. Мүбәрәк сақалды ылғи жанарына басып, шарапатын алған апамыз әлі күнге дейін кітапты көзілдіріксіз оқып отыр. Мүбәрәк сақалды...
date23.05.2013readCount3066readmoreТолығырақ
Пайғамбарымыздың мүбәрак сақалын растайтын тарихи құжат
Ғаламның нұры, жаратылыстың жауһары, махшар күні күнәһарлардың шапағатшысы Пайғамбардың, оған Алланың сансыз салауаты мен сәлемі болғай, жұпар мүбәрак бір тал қара иісті сақалы Бисмилләһир-рахманир-рахим Барлық мақтау Аллаға тән, барлық мақтау Құранды тарту еткен, өзімізді иманның тура жолына салған, Меккедегі Қағба Үйіне кеңшілігімен және игілігімен кіргізіп, қауіпсіз еткен һәм Аднан ұрпағының төресі, Пайғамбардың қабіріне, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, зиярат етуді...
date23.05.2013readCount3194readmoreТолығырақ
Бүгін Пайғамбарымыздың мүбәрак сақалы мүфтиятқа тапсырылады
Бүгін, 2013 жылдың 23 мамырында сағат 11:00-де Ақмола облысы Атбасар ауданында табылған Алланың соңғы Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жұпар иісті бір тал қара сақалын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына табыстау рәсімі Атбасар орталық мешітінде өтеді. Іс-шараға ҚМДБ басшылары, Ақмола облысы әкімшілігі және зиялы қауым өкілдері қатысады. Пайғамбар (с.ғ.с.) сақалын сақтап келген Фатима әжеге пәтер кілтін наиб мүфти Серікбай қажы Ораз табыстайды. 
date23.05.2013readCount2908readmoreТолығырақ
Имамдар Бас мүфти қолынан диплом алды (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болды. Бас мүфти Институттың жұмысымен, оқу бағдарламасымен танысып, имамдардың білімі мен біліктілігін арттыра түсуді тапсырды. Кездесуде ғимарат жанынан салынатын қосымша құрылыстың жобасы талқыланды. ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Маямеров ислами ілім ошағын аралап шыққаннан кейін дін қызметкерлеріне диплом табыстау салтанатты рәсіміне...
date06.05.2013readCount2484readmoreТолығырақ
Бас мүфти Түркия дін істері басқармасы төрағасының қабылдауында болды (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Мехмет Гөрмездің қабылдауында болды. Кездесу барысында Мехмет Гөрмез: «Қазақстанның жауапкершілігі ауыр және абыройлы қызметіне тағайындалдыңыз. Біз Қазақстанмен достық пен бауырластықта, тығыз қарым-қатынаста келе жатқан елміз. Ата тегіміз бір, шаңырағымыз бөлек туыс мемлекетпіз. Бүгінге дейін Қазақстанмен қоян-қолтық жақсы мәміледе болып...
date30.04.2013readCount2595readmoreТолығырақ
Бас мүфти Түркияда (фото)
Түркияның Ыстамбұл шаһарында «Жаңа үміт» және «Хира» басылымдарының ұйымдастыруымен халықаралық симпозиум өтуде. 80 мемлекеттен келген Бас мүфтилер, Ислам ғұламалары, дін жанашырлары, қоғам қайраткерлері «Біртұтас жол картасы: Ижма және ортақ сана» атты тақырып аясында сүбелі ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы симпозиум жұмысына қатысып, баяндама жасады. «Діннің әлемдік деңгейдегі...
date29.04.2013readCount2817readmoreТолығырақ
Бас мүфтилердің басы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тоғысты (фото)
Бүгін, яғни, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркия және бірқатар ТМД  елдерінің Бас мүфтилерін қабылдады. Дін қайраткерлері кадр сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, бірлескен игі жобаларды, ізгі шараларды, ортақ мақсат пен ұлы мұраттарды бірлесе жүзеге асыру, діни басқармалар арасында барыс-келісті жандандыру, кейбір өзекті мәселелерге пәтуа шығару, т.б. діни түйткілдердің түйінін шешуді сөз...
date26.04.2013readCount4492readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа жобаның тұсауын кесті
«Әзірет Сұлтан» мешіті www.muslim.kz сайтының оқырмандары үшін жаңа жобаның тұсауын кесті. Жоба авторы – «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы. Атауы – «Білгенге маржан». Бұдан былай сайтымыздың «Көңілашар» және «Радио» бөлімінен рухани тәлім-тәрбиелік мәні зор «Білгенге маржан» аудио жобасын тыңдай аласыздар. Жоба «Отбасы шаттығы», «Ақиқат бастаулары», «Дұғамыз – қорғанымыз», «Достық», «Ілім-білім қадірі», «Уайым – ер қорғаны», «Алла Тағалаға құл болу», «Иман ләззаты»,...
date05.03.2013readCount3017readmoreТолығырақ
Жаңа Бас Мүфти - Ержан Маямеров! (фото)
Құрылтайда Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жаңа бас мүфтиі сайланды. Енді еліміздің Бас Мүфтиі, Дінбасы – Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңір имамы Ержан Маямеров. Талап бойынша Бас мүфти болу үшін қырық жастан асқан, жоғары білімі болуы керек. Барлық ел имамдары бірауыздан қолдаған Ержан Малғажыұлы сол жерде өзінің найб мүфтилерін сайлады. Мүфтидің орынбасарлары болып «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мен Қостанай Марал ишан мешітінің Хатиб-имамы...
date19.02.2013readCount9315readmoreТолығырақ