Жаңалықтар
Еліміздің Бас мешітінде әр апта сайын өткізілетін жексенбілік уағыз сағаты кеше «Діни рәсімдердің бірізділігі» тақырыбына арналды. Ақшам намазынан соң айнала жайғасқан жамағатқа ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөілімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы уағыз айтып, еліміздегі діни рәсімдер жайлы қажетті ақпараттармен байытты.
Еліміздің кейбір өңірлерінде діни рәсімдердің орындалу барысында түрлі өзгерістерге ұшырап, жергілікті халықтың әдет-ғұрып, жөн-жоралғысына орай...
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті сәуір айының соңғы күндерін қайырымдылық шарасымен өткізді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жыл басында «Мейірімділік мекені» жобасы іске қосылған болатын. Жоба аясында әр ай сайын мешіттен жәрдем сұрап келген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, азық-түлік және ақшалай қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді.
Бұл жолғы шара аясында Астана...
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, қасиетті жұма намазына қатысты. Сансыз сауапқа кенелтетін жұма намазын еліміздің Бас мүфтиімен бірге иық тіресе тұрып оқитындықтарын білгенде «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағат ақсақалдары қуаныштарын білдіріп, қауқылдасып қалды. Қасиетті жұма намазын айтпай-ақ, жайшылықтағы бес уақыт намаздың өзінде алдыңғы саптағы орындарын «ешкімге бермейтін» «Әзірет...
«Өркениет алмасу және ынтымақтастық» қорының (CECF) шақыруымен жүзеге асқан ресми іссапар аясында Қазақстан делегациясының жұмысы АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында жалғасты. Сапар аясында делегация мүшелері қаладағы түрлі ұйым өкілдерімен кездесулер өткізіп, Мэриленд университеті мен Афроамерикандық мұсылмандар қауымдастығының тыныс-тіршілігімен танысты.
Айта кетейік, АҚШ Елшілігінің қолдауымен және «Өркениет алмасу және ынтымақтастық» қорының (CECF) ұйымдастыруымен...
Респбуликалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттеріне де бүгін Құран жарысы ұйымдастырылып, өзара үздіктерін анықтады. Кешегі қасиетті жұма күні ер шәкірттер арасында өткен сауапты сайыс бүгін бұрымдылар арасында жалғасын тауып, орамал тартқан бойжеткеннен бастап, ақжаулықты апаларымызға қасиетті Құран аяттарын қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Әдеттегідей Құран жарысы «30-пара», «Дұха сүресінен төмен» және «Фил сүресінен» аталымдарына бөлінді.
Бүгінгі таңда «Әзірет...
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасында Құран жарысы болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен оқу жылының соңына орай, шәкірттер білімін қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған Құран жарысы әдеттегідей жұма намазына жиналған қалың жамағат алдында өтті.
«30-пара», «Дұха сүресінен төмен» және «Фил сүресінен төмен деп аталатын үш аталым бойынша жамағат алдында 9 үміткер бақ...
Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жаңа қызметке жақында кіріскен министр Бас мешіттің жай-күйімен жақын танысып, құтты мекенде ҚМДБ басшыларымен кездесу өткізді.
Құрметті қонақты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, құлшылық ордасын аралатып шықты. Еліміздің мақтанышына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітінің көркем сәулетін...
Аягөз қаласына арнайы ат басын тіреген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы тағы бір отбасының қуанышына ортақтасып, жаңа баспаналы болған жандардың шүкіршілк шайына қатысты. Су тасқыны кезінде үйінен айырылған Аягөз Орталық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлына ҚМДБ атынан жаңа баспана тарту етіліп, көмек көрсетілген болатын.
Орталық мешіт жанындағы ас беретін орынға жиналған жамағатқа наиб мүфти...
Аягөз қаласында тұратын Дүйсеновтер отбасы үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған ақжолтай күн болды. Көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін су шайып кеткен бұл отбасы ойламаған жерден далада қалып, барар жер, басар тау таппай дағдарған еді. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе, дегенмен елмен бірге еңсе көтеріп, тағдырдың тосын тауқыметіне төзімділік таныта білген Ардақ Дүйсенов бүгін жаңа баспанаға ие болды.
Тілсіз жау Аягөз халқын аяқастынан әбігерге салып, етігімен су кешкен күн...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Жас өркен» жастар клубының ұйымдастыруымен Елордамыздың белсенді жастарының басын қосқан атаулы шара болып өтті. Шара аясында ЖОО-дағы студенттер ұйымының жетекшілері мен қоғамдық шараларға белсене атсалысып жүрген жастар ұйымының мүшелері бас қосып, «Жас өркен» жастар клубының жоспарымен танысты.
Аталмыш жиынға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мен...
9122912091179112909890939091907590749047