«Әзірет Сұлтан» мешіті 300-ден астам баланы мектепке дайындады
«Әзірет Сұлтан» мешіті Қасиетті Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларын мектепке дайындау акциясын жариялап, қайырымды жандарды осынау шараға үлес қосуға шақырған болатын. Осыған байланысты бүгін, дәл Қадір түні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешіті акцияға ат салысқан жандардың есебінен 300-ден астам баланың мектеп киімдері мен мектепке қажетті құралдарын (көйлек, костюм-шалбар, аяқ киім, спорттық киім, сөмке және мектепке қажетті қалам-дәптерлер)...
date03.08.2013readCount4065readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Қадір түні» кешінің бағдарламасы
Бүгін мың айдан да қайырлы болған Қадір түні. «Әзірет Сұлтан» мешіті «Қадір түні» кешіне дайындық үстінде. Мешіт жамағатқа бұл түнді барынша құлшылыққа толы өткізуге мүмкіндік жасамақ. Қадір түні кешінде жамағатпен құптан және тарауық намазы оқылған соң мешіт ұстаздары мен имамдарының уағызы болады, Құран оқылады. «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі  «Қадір түні» кешінің бағдарламасы: 1 22:39-00:30 Құптан мен тарауих намазы 2 00:40-01:10 Діни уағыз 3 01:15-01:35 Зиялы қауым өкілдерінің құттықтау...
date03.08.2013readCount6003readmoreТолығырақ
Muslim.kz сайты өзінің латынша нұсқасын ұсынуда
Елбасы өзінің былтырғы Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе», – деген болатын. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде қызу талқылаулар басталып, латын қарпіне қатысты әркім өзінің нұсқасын ұсынуда. Тіпті, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ғаламтордағы сайттарының латынша нұсқасын жасап, ертеден бастап халықтың көзін латыншаға үйретуде. Бірақ, әлі де халықтың көзіне...
date26.07.2013readCount6139readmoreТолығырақ
Мешітіміздің рамазандық уағыз шымылдығын Бас мүфти түрді
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, жұма намазына қатысты. Ашылғанына бір жыл толған зәулім мешіттің жамағатына жұма уағызын айтты. Тәлімі мол уағызға келе жатқан Рамазан айының қадір-қасиеті, Қадір түнінің мән-маңызы, ораза айында атқарылатын ізгі істер, Алладан кешірім сұрап, тәубе етудің дініміздегі орны, сондай-ақ күнделікті есітіп, біліп жүрген қасиетті аяттар мен...
date05.07.2013readCount2943readmoreТолығырақ
Бас мүфти Украина мүфтиін қабылдады (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Украина мүфтиі шейх Ахмет Тамимді қабылдады. Кездесуде діни басқармалар арасында тәжірибе алмасу, мұсылмандардың ынтамағын арттыру, қасиетті Рамазанға дайындық жұмыстары талқыланды. Шейх Ахмет Тамим Украина діни басқармасының қызметі жайлы баяндап берді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы ой-пікірлерімен бөлісті. «Бәріміздің мақсатымыз бір. Ол – елдегі халықтар бірлігі...
date18.06.2013readCount2907readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінен ашылған жазғы лагерьде 185 бала дәріс алуда (фото)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьге 185 бала жазылған: оның 100-і ер балалар болса, 85-і қыз балалар. Лагерьдің «бісмілләсі» дәрет алу тәртібі, сәлемдесу әдебі, «Фатиха» сүресін жаттау секілді сабақтардан басталды. Жазғы лагерь 15 күнге созылады. Осы он бес күн ішінде оқушыларға Ислам мен иман шарттары, дініміздегі маңызды сұрақтар, Құранның қысқа сүрелері, күнделікті дұғалар, яғни ұйқыдан оянғанда, ұйқыға жатарда, ас ішер...
date10.06.2013readCount4296readmoreТолығырақ
Бас мүфти Мысырдағы Бейбарыс баба мешітінде (фото)
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Мысырға жасаған ресми сапарында Каирдегі Сұлтан Бейбарыс бабамыздың мешітін зиярат етті. Діни басқарма делегациясы тарихи ғимараттың қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Зәулім нысанды аралау барысында жергілікті жұмысшылардың бабамыз салдырған мешітті қайта жөндеп жатқанын көрдік. Бас мүфти құлшылық үйінің тарихын, Бейбарыс бабамыздың Ислам дінінің дамуына қосқан...
date30.05.2013readCount3682readmoreТолығырақ
Әйгілі әл-Азһар шейхы Бас мүфтиді қабылдады (ФОТО)
Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан, дәстүрлі Исламды жоғары деңгейде оқытатын жаңашыл озық оқу орны мәшһүр әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет ат-Тайып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазретті қабылдады. Бұл жайында ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Жылы жүзді жүздесуде Қазақстан мен Египет Араб Республикасының дін саласындағы байланысы, оқу-ағарту бағыты бойынша әріптестік...
date28.05.2013readCount2811readmoreТолығырақ
Бас мүфтиіміз Мысыр мүфтиімен кездесті (фото)
Бұдан бұрын Бас мүфти бастаған діни басқарма делегациясы Египет Араб Республикасына ресми сапармен баратынын хабарлағанбыз. Бүгін Каир қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибрахимнің қабылдауында болды. Кездесуге Қазақстанның Египет Араб Респубиликасындағы елшісі Берік Арын және наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Бас мүфтилер басқосуында екі елдің діни басқармалары арасындағы әріптестік байланысты жаңа...
date27.05.2013readCount2514readmoreТолығырақ
Фатима апа Әбдібекқызы: Мүбәрәк сақалды сенімді қолға қалай тапсырамын деп түні бойы көз ілмей шығушы едім... (ФОТО)
Ақмола облысы, Атбасар қаласының мешітінде Пайғамбарымыздың сақал шәрифін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына табыстау рәсімі өтті. Мешіт ішінде Пайғамбарымыздың тәбәрігін көруге келген жамағаттан ине шаншар жер қалмады. «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып, Пайғамбарымызға салауат жолдаған жамағат Пайғамбарымыздың мүбәрәк сақалын мешітке алып кіргенде ерекше толқып, бойларын керемет сезім билегендей болды. Иін тірескен жұрт Пайғамбарымыздың сақалын көруге лап қойып,...
date23.05.2013readCount4802readmoreТолығырақ