Қажыларды қарсы алдық (ФОТО)
Мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылық сапарын өтеуге аттанған қазақстандық бауырларымыздың алды елге келіп жетті. Кеше түнде Астана әуежайынан MUSLIM.KZ порталының журналистері қасиетті сапардан қайтқан отандастарымыздың тағы бір легін тосып алып, туған топыраққа табаны тиген сәттегі сезімдерімен бөлісті. Қол жүктерінің арасынан зәм-зәм суы жарқыраған жолаушылардың көңіл-күйлері көкте жүргендей. Қасиетті Қағбаны көріп қайтқан қазекемдердің қуанышы мен күтіп алушы жандардың...
date22.10.2013readCount2705readmoreТолығырақ
Құрбандық акциясының қорытындысы (ФОТО)
Исі мұсылман қауымы жыл бойы үздіге күтіп, үмітпен қарсы алатын қасиетті Құрбан айт мейрамы да аяқталуға аз қалды. Қыркүйектің ортан белінен осы Құрбан айт мейрамының маңызы мен мағынасын уағыздап, құрбандық шалудың қандай сауапты іс екендігі жайлы Астана қалалық мешіттері жаппай акция ұйымдастырған болатын. Акцияға қатысқан ағайындар қаражатына 80-нен астам мал сатып алынып, Құрбан айт мейрамының екінші күні құрбандыққа шалынған еді. Игі шараға еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы...
date18.10.2013readCount4453readmoreТолығырақ
Астана қалалық мешіттері құрбандық шалды (ФОТО)
Құрбан айт мейрамы бастағалы адам аяғы арылмаған «Алтын таға» базарындағы қимыл-қарекеттер бүгін күндегіден көбейе түскендей. Ол заңды да еді. Аталмыш базарда бүгін Астана қалалық мешіттері құрбандық шалды. Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да қатысып, өз атынан ірі қара малды құрбандыққа шалды. Осыдан кейін базар басында акцияға қатысушыларға арналып жайылған дастарханнан дәм татып, батасын берді. Биылғы Құрбан айт...
date16.10.2013readCount4735readmoreТолығырақ
"Әзірет Сұлтан" мешітінде Елбасы қазақстандықтарды құрбан айт мейрамымен құттықтады (фото, видео)
Қасиетті Құрбан айт мерекесі басталып, исі мұсылман қауымы игілікті күнді тойлауды бастап та кетті. Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, қазақ елін Құрбан айт меркесімен құттықтады. Елбасымыздың құттықтау сөзінің толық таспасын төменнен көре аласыздар!
date15.10.2013readCount4926readmoreТолығырақ
Жаңбыр астындағы жамағат (ФОТО)
Айт намазына жиылған жамағаттың көптігі соншалық, аумағы атшаптырым Әзірет Сұлтан мешітінің өзі оларға тарлық еткендей. Мешіт ішінде ине шаншарлық орын қалмағандықтан, кешігіп жеткендер айт намазын ашық аспан астында оқып та жатты. Аспан көгінен себелеген жауынға қарамастан, сап түзеген жамағат айт намазын мешіт сыртында оқыды. 
date15.10.2013readCount6357readmoreТолығырақ
Астаналықтар айт намазына жиналуда (ФОТО)
"Әзірет Сұлтан" мешіті. таңғы сағат 7.30  Бүгін – қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Алла разылығы үшін пышағын қайрап, малын сайлап қойған ағайынның ендігі асыға күткені – айт намазы. Алдын-ала бекітілгендей, Астана қаласы бойынша айт намазы 15-қазан күні сағат 08.10-да болмақ.  Таң құланиектенісімен-ақ мешітке қарай бет алған жамағат қарасы сәт санап көбейе түсуде. Орта есеппен он мың адамнан астам сыяды деп есептелген «Әзірет Сұлтан» мешітінде қазірдің өзінде-ақ ине шаншар жер...
date15.10.2013readCount2895readmoreТолығырақ
Ақпараттық насихат тобының атқарған іс-шаралары (ФОТО)
ҚМДБ жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобының жаңадан жасақталған құрамы бүгінгі дөңгелек үстел отырысында бас қосты. Қазақстанның әр түкпірінен келген білімді имамдар мен білікті дін ұстаздары осы жиында өз ойларын ортаға салып, жастарымыздың жат ағымдардың арбауына алданып қалмау жолдарын талқыланды. Еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы жиналған топқа құттықтау сөзін арнап, ақпараттық насихат тобының атқарған жұмыстарына тоқталды.  Алты топқа бөлінген АНТ мүшелері...
date02.10.2013readCount3920readmoreТолығырақ
Мұхаммед Аяз Ниязи "Әзірет Сұлтан" мешітінде уағыз айтты (СУРЕТ)
Ақшам намазын оқуға «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағаттың бүгін діни білімі біршама көтеріліп қайтқандай. Алдын-ала айтқанымыздай, ақшам намазынан кейін жиылған жамағатқа Кабул мешітінің бас имамы Мұхаммед Аяз Ниязи уағыз оқыды. Ислам ғылымының аса білгірі Мұхаммед Аяз Ниязи өз уағызында ислам діні жайлы айта келіп, қазіргі кезде көптеген елдерде орын алып жатқан бөліну туралы, мұсылмандар арасындағы алауыздықты айыптады. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» нақылына саятын...
date29.09.2013readCount6378readmoreТолығырақ
Мұхаммед Аяз Ниязи: «ХХІ ғасыр имамы қандай болуы керек» (Сурет)
Астана қаласының имамдары бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен семинар сабағына қатысты. Семинар сабағының лекторы ретінде Ауғанстан астанасындағы мешіттің бас имамы Мұхаммед Аяз Ниязи кіріспе сөз сөйлеп, «ХХІ ғасыр имамы қандай болуы керек» тақырыбында ой қозғады. «Бүгінгі таңда имам міндеті – жұртты тек намазға ұйыту ғана емес, сонымен қатар ол жамағатқа күнделікті тіршілігінде де өзіндік өнегесімен, адамгершілігімен үлгі болуы тиіс», –  дейді ауған елінің хал-ахуалынан сыр...
date29.09.2013readCount6469readmoreТолығырақ
Бас мүфти кездесу өткізді
Бүгін Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезді хатшылығының ХІІ отырысы  болып өтті. Жер жүзіндегі түрлі дін өкілдерінің басын бұл шара әлемдік тұрақтылық пен ынтамақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосары сөзсіз. Айтулы шараға алыс аймақтардан ат терлетіп келген дін өкілдерімен  еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы кездесу ұйымдастырып, өзара пікір алмасты. «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосқан бұл кездесуге Кавказ мұсылмандары басқармасының...
date25.09.2013readCount2190readmoreТолығырақ