«Muslim.kz хижреті» жобасының жаңалықтары
Muslim.kz порталының түсіру тобы қазіргі кезде Стамбұл халықаралық әуежайында өз рейстерін күту үстінде. Порталымыздың қызметкері Мақсатбек Қайырғалиевтің бастамасымен қолға алынған жобаның басты мақсаты – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өміріне куә болған өңірді тарихи саяхат жасап, таспаға түсіру. Мәуліт айына тұспа-тұс келген сапар жаңалықтарын сайтымыздан біле аласыздар! Сондай-ақ, сайт оқырмандарының арман-тілектері мен дұғалары қасиетті Мекке мен Медине шаһарларында оқылуы...
date23.01.2014readCount2994readmoreТолығырақ
Muslim.kz порталының жаңа жобасы – «Muslim.kz хижреті»
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораздың қолдауымен  Muslim.kz порталының түсіру тобы Сауд Арабиясына сапарға аттанды. Қасиетті мәуліт айында басталған бұл жобаның басты мақсаты – адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыз заманындағы хижрет (қоныс аудару) хикметін баяндап, күллі мұсылманның киелісі болған қос шаһардағы тарихи жерлерді түсіру. Мекке шаһарындағы Muslim.kz порталының тілшілерінің күнделікті тыныс-тіршілігі мен түсіру жұмыстарын сайтымызда...
date21.01.2014readCount4832readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамына «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымыздың Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде ауданның экономикасы мен рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері еленіп, марапаттау іс-шарасы болып өтті. Дәлірек айтқанда, аудандық мәслихаттың шешімімен бірқатар азаматтарға ауданның құрметті азаматы атағы берілді. Соның ішінде елімізге танымал, дін қайраткері ҚМДБ-ның найб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға «Сарыағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Оны салтанатты түрде аудан...
date24.12.2013readCount2700readmoreТолығырақ
Бас имам бастамасы: Мереке қарсаңындағы қайырымдылық (ФОТО)
Тапшылық тауқыметін тартып тарыққан жандарға үнемі қол ұшын созып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру – «Әзірет Сұлтан» мешітінің алға қойған міндеттерінің бірі. Егеменді еліміздің тұғырлы мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні қарсаңында мешітіміз бас имам Серікбай Ораздың бастамасымен мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдем көрсетті. Мереке қарсаңында мешітке келген мұқтаж жандардың меселін жықпай, мерейін өсіргісі келген мешіт қызметкерлері 20-ға тарта жанға қаржылай көмек...
date14.12.2013readCount2982readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа  наиб имам тағайындалды
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ербол Абдуахитұлы Мәмбетов «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды. Отыздың ортасына аяқ басқан Ербол Абдуахитұлы осыған дейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде наиб имамдық қызметінде болып, дін жолында еңбек етіп келген болатын. 1981 жылы Өзбекстан мемлекетінде дүние есігін ашқан ол орта білімді ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық мектебінен алып шығады. Мектеп бітірісімен медіресеге оқуға...
date28.11.2013readCount5399readmoreТолығырақ
АНТ мүшелері Астана қаласына келеді
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобы (АНТ) қараша айының 19-23 аралығында Астана қаласына арнайы ат басын тіреп, мұсылман жамағатына арнап дәрістер жүргізеді. Естеріңізде болса, Ақпараттық насихат тобының жаңадан жасақталған құрамы өткен айда Астана қаласында бас қосып, кезекті отырысын өткізген еді. Аталмыш басқосуда АНТ мүшелері атққарылған шаралар жайлы ақпараттармен бөлісіп, болашақта қолға алынар жұмыстар жоспарын түзген...
date16.11.2013readCount3142readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы тағайындалды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы тағайындалды. Мешітіміздің бас имамы Серікбай Ораздың ұсынысымен наиб имам Минуаров Қуат Ерғалиұлы осы қызметке лайық деп танылып, ресми түрде бекітілді.. Минуаров Қуат Ерғалиұлы «Әзірет Сұлтан» мешіті жамағатына бұрыннан таныс. Кісілік келбетіне көркем мінезі жарасқан азаматтың осы уақытта дейінгі атқарылған бар шарада қолтаңбасы бар...
date07.11.2013readCount3235readmoreТолығырақ
Астана қаласының имамдары бас қосты (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы мешіт имамдарының кезекті басқосу жиыны болып өтті. Жуырда ғана Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы болып тағайындалған Серікбай Ораздың қатысуымен өткен бұл жиналыста мешіт имамдары атқарылған іс-шаралар жайлы ақпарат беріп, алдағы жоспарлар жайын талқыласты. Мешіттердегі үгіт-насихат жұмыстарына баса мән беріліп, болашақта жандандыру жолдары қарастырылды. Қазіргі кезде қоғамымыздағы орын алған діни ахуалдар жайлы айтылып, жұртшылықтың діни сауатын...
date06.11.2013readCount3286readmoreТолығырақ
Қайрат Жолдыбайұлы ғылым жолына кетті
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлы бүгін мешіт мінберінде соңғы уағызын айтты. Ол халықты бірлік-ынтымаққа, татулыққа шақырып, әр істің түбінде бір қайыр бар екенін жеткізе келе өзінің ғылым-білім жолына ауысатынына байланысты мешіттің бас имамы қызметінен кететінін жариялады. Жиналған қауымға: «Мен өзім ғылым-білімге құштар жанмын. Өздеріңіз білесіздер, ғылым жолы – ауыр жол. Оған арнайы уақыт пен тиісінше көңіл бөлінуге тиіс. Биыл...
date01.11.2013readCount8300readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде заманауи стандарттарға сай студия ашылды (ФОТО)
Тұсауы кесілгеніне небәрі бір жыл толған Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті көптеген іргелі шараларға мұрындық болып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келе жатқаны мәлім. Мешіттің бас имамы, наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлының тікелей басшылығымен қолға алынып, іске қосылған тағы бір қуанышпен бөліскіміз келеді. Елімізде қалыптасқан діни ахуалды жақсартудың бірден бір жолы – діни үгіт-насихат екені көптен айтылып келген. Ал, қазір халыққа  көзбен көріп, құлақпен еститін аудио...
date28.10.2013readCount6269readmoreТолығырақ