ҚМДБ: Мәуліт кеші һәм мәңгілік салауат (ФОТО)
Кеше, 9-ақпан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мәуліт мейрамына орай Алматыда салтанатты шара ұйымдастырылып, өткізілді. Таң сәріден лек-легімен Балуан Шолақ атындағы сарайға қарай ағылған халықтың жүзінен әлемдерге рахым етіліп қана жіберілген хақ Елшіге (с.а.у) деген сағыныштың табын жазбай танисыз. Қасиетті Құран аяттарының нұрымен бастау алған игі шара, қалың жұртшылықтың...
date10.02.2014readCount2843readmoreТолығырақ
«Қайырымдылық шараларын қашанда қолдауымыз қажет» (ФОТО)
«Жетім көрсең, жебей жүр» дейді халық даналығы. Дін мен дәстүрі егіз өрілген халқымыздың хадис-аятпен үндескен мақал-мәтелі қашанда тағылым мен тәрбиенің тал бесігі болып, ғибратқа тұнып-ақ тұр. «Жетім мен жесірдің ас суы мен киім киінуі үшін қызмет еткендер Алла жолында соғысып және әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізгендей сауап алады» деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл өсиетіне адалдық танытып, бүгінгі таңда жетімдер жайын ойлап, тастанды балалардың тауқыметіне...
date08.02.2014readCount2875readmoreТолығырақ
Ауған соғысы ардагерлері  қаза тапқан қаруластарына Құран бағыштады (ФОТО)
Қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітіне Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев бастаған бір топ ауған соғысының ардагерлері келіп қайтты. Құлшылық ордасына арнайы келген ардагерлеріміздің алғашқы ісі – қан майданда қаза тапқан қаруластарының рухына құран оқытып, дұға жасау болды. Өздерінің асыл борышы ретінде санайтын сауапты істерін тәмамдаған соң ғана ардагер қарттарымыз құлшылық ордасымен жақынырақ танысуды жөн санады. Елбасымыздың себепкерлігімен бой...
date07.02.2014readCount3899readmoreТолығырақ
Бас имам Германияның  референт хатшысын қабылдады
Астана қаласының ажарын асқақтатып, өзінің көріктілігімен көз тартқан «Әзірет Сұлтан» мешіті  алыс-жақыннан келген қонақтардың ат басын тірейтін ордасына айналғалы қашан. Алыстан менмұндалаған мешіттің қысы-жазы айқара ашық тұратын алып есігінен мұсылман қауымымен қатар, өзге діни наным-сенімдегі жандар да бас сұғып, бағасын беріп жатады. Бүгін Германия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің саясат пен мәдениет және баспасөз хатшы-референті Джонни Крамер де өзінің көптен...
date04.02.2014readCount2518readmoreТолығырақ
«Muslim.kz хижреті» аяқталды
Бүгін таңғы сағат төрттер шамасында Астана әуежайына жиналған Muslim.kz қызметкерлері Мекке мен Мединеге аттанған түсіру тобын күтіп алды.  Мешітіміздің бас имамы Серікбай Ораздың бастамасымен жүзеге асқан «Muslim.kz хижреті» жобасының басты кейіпкерлері – Мақсатбек Қайырғалиев пен Қайсар Тұрлыбековтерді әріптестері осыдан екі апта уақыт бұрын жол болсын айтып шығарып салған еді. Күнге күйіп күреңіткен жігіттеріміздің туған жерге аман-есен оралуларымен құттықтап, ыстық лебіздерімізді...
date04.02.2014readCount2583readmoreТолығырақ
Жұма күнінде болған қос тағайындау
Қасиетті жұма күні «Нұр Астана» орталық мешітінде ауыс-түйіс орын алды. Бұл жөнінде жұма уағызынан кейін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов барша жамағатқа баяндап өтті. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Махат Абсамат Әшенұлы «Нұр Астана» орталық мешітіне найб имам қызметіне, ал осыған дейін «Нұр Астана» орталық мешітінде найб имам қызметін атқарып келген Қамбаров Руслан...
date31.01.2014readCount3342readmoreТолығырақ
«Muslim.kz хижреті» – Хира үңгірінде (ФОТО)
Сіздердің назарларыңызға  Muslim.kz  түсіру тобының Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын!) табаны тиген жерлер жайлы кезекті фоторепортажын ұсынамыз. Бұл жолы Аллаһтан Ардақты әрі Ақиық елшісіне (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын!) уахи келген Хира үңгірі жайлы әңгімелекпіз. Хира  — арабшадан аударғанда «үңгір» деген ұғымды білдіреді. Ол Мекке шаһарынан солтүстік-шығысқа қарай  3,5 шақырым қашық жатыр. Үңгірді бәлендей кең деуге келмейді: шамамен үш-төрт адам сияды....
date29.01.2014readCount3075readmoreТолығырақ
«Muslim.kz хижреті» – Cауыр тауында
Muslim.kz порталы түсіру тобының Мекке шаһарын орай жатқан Сауыр тауына жасаған сапарынан сыр шертетін фоторепортажын ұсынамыз. Ардақты пайғамбарымыздың Меккеден Мединеге хижрет еткен аса қауіпті де қиын сапарында пана болған Сауыр үңгірі де осы тауда орналасқан. Бұл оқиға туралы бізге жеткен хадистерде былайша өрбиді: Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеден Мәдинаға көшерде қасында Әбу Бәкірдің болғанын қалады. Бұған қатты қуанған Әбу Бәкір отбасына түк қалдырмай барлық қаражатын Аллаһ пен...
date28.01.2014readCount2750readmoreТолығырақ
Мәуліт – күллі мұсылманның мерекесі (ФОТО)
Мәуліт – барша мұсылман баласының асыға күтетін айларының бірі. Себебі, нақ осы айда ардақты Елшіміз Мұхаммед (с.а.у.) өмірге келіп, дүниеге рахым нұры болып енді емес пе?! Жаһил дәуіріндегі қараңғы жұртты өзінің жарық нұрымен нұрландырған Пайғамбарымыздың әрбір сөзі мен әрекеті, әрбір хадисі – күллі адамзат баласы үшін құны кемімейтін қымбат қазына. Әр жыл сайын осынау қымбат қазынамызды кеңінен насихаттап, сауапқа толы сүннеттерді білмейтін жандарға жеткізу – қайырлы істердің бірі...
date25.01.2014readCount6150readmoreТолығырақ
«Muslim.kz хижреті» жаңалықтары: Мекке мен Тайф Шаһары (ФОТО+ВИДЕО)
Muslim.kz порталының түсіру тобы қасиетті Мекке шаһарына да аяқ басты. Назарларыңызға Мекке қаласынан түсірілген тілшілер фотосуреттерін ұсынамыз. Ғаламтор арқылы сайтымызға келіп түскен түсіру тобының туындыларын күнделікті жариялап отыратынымызды ұмытпаңыздар! Сондай-ақ, түсіру тобының ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) аяғы тиген Тайф даласына да саяхат жасап, сұлу қаланың сырын мен тарихына тоқталған видеорепортажын ұсынамыз! Мұсылман қауымына қадыры қымбат қос шаһар мен...
date24.01.2014readCount4732readmoreТолығырақ