Жұмада таратылған жазбаша-уағыз (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма намазына жиылған жамағатты тағы бір жаңалық күтіп алды. Мешіт имамдары көтерген игі бастаманың жамағат үшін жағымды жақтары көп болары анық. Бірі асығып, бірі кешігіп келген жамағаттың жұма уағызын жарытып тыңдай алмай қалып жататыны жиі кездесіп қалады.Сондықтан да мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде бұдан былайғы айтылатын жұма-уағыздарының жазбаша түрі де таратылып тұратын болды.  Төрт бүктеп төс қалтаға сала...
date21.02.2014readCount7308readmoreТолығырақ
Мешіттегі мейірімділік (ФОТО)
Асыл дінімізде адамзат баласының қайырымдылық танытып, мейірімді болуы мейлінше көп айтылады. Иә, қоғамдағы теп-теңдікті сақтайтын да, ізгілікке бастайтын да осы қайырымдылық қасиеті. Қасиетті Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын...
date21.02.2014readCount3146readmoreТолығырақ
Келешек кемелді болсын десек... (ФОТО)
Егеменді еліміздің ертеңі – бүгінгі бүлдіршіндер мен балғындарымыз екеніне ешкім де дау айта қоймас. Ендеше, ертеңіміз жарқын, келешегіміз кемелді болуы үшін бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамауымыз тиіс. Осы орайда Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Астана мешіттерінің «Тәрбие мен білім – егіз» атты бағдарламасы балғындардың жат әдет пен жағымсыз қылықтан жиреніп, ізгілік пен жақсылыққа құштар болып өсуіне өз ықпалын тигізіп келеді. Аталмыш бағдарлама аясында мешіт...
date20.02.2014readCount2737readmoreТолығырақ
«Тәні саудың – жаны сау» (ФОТО)
«Тәні саудың – жаны сау» дейді қазақ. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ахметов Ғазиз бүгін Астана қаласындағы №8 орта мектебінде осы тақырыпта ой қозғап, оқушылармен кездесу өткізіп қайтты. Жас балғындардың жаны сұлу болуы үшін ең алдымен тәні сау болуы керек деген мешіт имамы салауатты өмір салтына сай ғұмыр кешуге үндеді. Темекі мен арақ, қорқор мен насыбай секілді жағымсыз әдеттердің шариғаттағы үкімін ғана айтып қоймай, өмірде нендей өкінішке әкеліп соғатынын да қоса...
date19.02.2014readCount3185readmoreТолығырақ
Жаңа діни кітап жарық көрді (ФОТО)
Еліміздегі діни кітаптар қоры тағы бір тамаша туындымен толықты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаевтың қаламынан туған дүниенің оқырмандар үшін орны бөлек болмақ. Олай дейтініміз, «Ислам және ғылым» деген атауының өзі айтып тұрғандай,  кітапта дін тақырыбы ғылым саласымен сабақтастыра отырып суреттеледі. Автор оқырманын ой жетегіне ілестіре отырып, Ислам тарихындағы алғашқы білім ошақтарының  орнын, медіреселердің түрлері мен атқарған қызметі жайлы, тарихи...
date17.02.2014readCount6810readmoreТолығырақ
Елорда жұрты Мәуліт мерекесін тойлады (ФОТО)
Елорда жұртшылығы бұл күнді сағына күтті. Асыға күтті. Ақыры ақпанның 15-жұлдызы келіп жеткен күні тайлы-таяғымен Конгресс холл сарайына асықты. Ақ жаулықты әжелеріміз жас балаша желпілдеп, ақсақалдарымыздың адымдары жиілеп, сағат екі болмай сарай алдына келіп алды. Тоқтаусыз ағылған топтың тоқтар түрі жоқ. Атшаптырым залдың аузы-мұрнына шыға толғаны соншалық, аздан соң ғимарат күзетшілері есікті іштен жауып алуға мәжбүр болды. Бұл күні осылай болуы заңды да сияқты. Соншама халықтың...
date15.02.2014readCount3301readmoreТолығырақ
Музыка колледжіндегі ғибратты кездесу (ФОТО)
Астана қаласындағы Музыка колледжінде кешегі өткен кездесудің студент жастар үшін орны бөлек болды. Оқу ордасындағы акт залында өткен кездесуге жиналған жастардың көптігінен-ақ қоғамымыздағы асыл дініміздің орны айрықшаланып келе жатқанын байқадық. Жастар жағы имандылыққа бет бұрып, Ислам дінін тірек етіп ұстанғысы келгенімен, теріс ағымның қақпақылына қалып кетеміз бе деп қорқынышы да жоқ емес екен. Оны кездесу барысында қойылған сұрақтар айғақтай түсті. Лаңкестік діни...
date13.02.2014readCount2694readmoreТолығырақ
«Менің пірім – пайғамбарым» шығарма бәйгесінің қорытындысы
Құрметті оқырмандар! Осыдан бір ай бұрын бастау алған шығармашылық бәйгенің өз мәресіне жеткенін хабарлаймыз. Бүгінгі күнге дейін портал поштасына Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен ғажайып ғибраттары, көркем мінезі мен асыл қасиеттері жайлы жазылған жүзге жуық хат келіп түсті. Әрине, «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, келіп түскен туындылардың барлығы төрт аяғын тең басқан шебер шығарма болмағаны анық....
date12.02.2014readCount5165readmoreТолығырақ
ҚМДБ: Мәулітте жетімдерге 900 000 теңге жұмсалды (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Мәуліт мерекесінде билеттен түскен қаражаттың есебінен жетімдерге 900 мың теңге қайырымдылық көрсетілді. Атап айтар болсақ, «Перзент» жетім балалар үйіне (200 000 теңге), «Кәусар» (200 000 теңге), Алматыдағы жетім балалар үйіне (200 000), Талғар қаласындағы жетім балалар үйіне (200 000 теңге) және Ақмола облысындағы 7 жетімді өз қамқорына алған имамға 100 000 теңге қаржылай қайырымдылық көмек...
date12.02.2014readCount2396readmoreТолығырақ
«Жігіттер» тобы – «Әзірет Сұлтан» мешітінде (ФОТО)
Осыдан он шақты жыл бұрын қазақ эстрадасына имене енген «Жігіттерді» бүгінде барша қазақстандықтар таниды десек, артық айтпаспыз. Әнсүйер қауымының сүйіктісіне айналған төрт жігіттің атын атап, түсін түстемесе де, ата-әжелеріміздің риза боп сүйсініп отыратыны талай байқадық. Атағы Алаш жұртына мәлім болып қалса да, «Жігіттердің» өздері тым қарапайым әрі кішіпейіл екенін жұрттың көбі айтады. Оған біз де көзімізді жеткіздік кеше. «Әзірет Сұлтан» мешітінің "ХИКМЕТ" телерадиостудиясына...
date12.02.2014readCount4434readmoreТолығырақ