Теолог ғалымның еңбегі Астана жұртшылығына таныстырылды (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтың “Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары” атты ғылыми монографиясы оқырмандарға жол тартты. Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде...
date13.03.2014readCount2749readmoreТолығырақ
Мешіттегі сауат ашу сабақтары (ФОТО)
Осыдан бір жарым жыл бұрын мешіт ашылуында сөз сөйлеген Елбасымыз: «Әзірет Сұлтан» тек қана құлшылық орны емес. Бұл мешітте кітапханалар мен дәрісханалар бар. Ендеше, Бас мешіт ірі рухани және мәдени-ағарту орталығы болады деген сөз», – деген болатын. Содан бері талай сүбелі істің ұйытқысы болған «Әзірет Сұлтан» мешіті Елбасы сенімінен шығарлықтай айтулы шаралар ұйымдастырып, ел алғысына бөленіп келеді. Дін насихатына ден қояған «Әзірет Сұлтан» мешітінде Muslim.kz порталы мен Hikmet.tv...
date08.03.2014readCount3593readmoreТолығырақ
Оқу ордасындағы уағыздар (ФОТО)
«Тәрбие мен білім – егіз». Жыл басынан бері қолға алынған бұл бағдарлама аясында қаншама оқу ордасында уағыздар айтылып, жеткіншек ұрпақты жақсылыққа баулып, жамандықтан жирендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Халқымыздың «Тәрбие – тал бесіктен» деген даналық сөзін ұтымды пайдаланған мешіт имамдары мен білім басқармасының қызметкерлері ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетін зиянды әдеттер мен жағымсыз қылықтар жайлы уағыздар айтып, жақсылыққа үндеумен...
date04.03.2014readCount3374readmoreТолығырақ
Зайырлы және діни әйелдердің кездесуі (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Дін істері агентігінің Мәдениеттер мен Діндердің халықаралық орталығының ұйымдастыруымен зайырлы және діни әйелдердің кездесуі болып өтті. «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар»  тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына Астана қаласындағы ғылыми орталық қызметкерлері, оқытушы ұстаздар, мешіт пен шіркеу өкілдері қатысып, пікір алмасты.  Қазіргі қоғамымыздағы әйел орны мен діни құндылықтар жайлы талқыланып,...
date04.03.2014readCount2693readmoreТолығырақ
Мүфтиліктен ұстаздыққа дейін (ФОТО)
Әдетте сөзден нәтиже болмай, іс ілгері баспай жататын жағдайларды көп кездестіреміз. Бұдан бір ғана ой түйеміз: өзіміз бастамасақ, кім бастамашыл болады? Адамның әуелгі әрекеті өзгелердің ізгі ісіне ұласып, бұқаралық сипат алатыны рас. Осыдан кейін басшы қимылдаса, қосшы қайда барар дейсің. Шәкірт тәрбиелеу, білікті кадр тобын қалыптастыру – мүфтияттың бір емес, бірегей жұмысы. Бұл іске Бас мүфтидің өзі бас болып отыр. Алматыда Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты жұмыс...
date04.03.2014readCount2443readmoreТолығырақ
Мұқтаждардың мұңын бөліскен «Әзірет Сұлтан» мешіті (ФОТО)
Қаһарлы қыстан қысылып шыққан елорда жұртының көктем келісімен жадырап сала берген табиғат мінезін  күткеніне көп болып еді. Мейірімді анадай жылуын төккен күннің көзі кешелі бері күлімдеп-ақ тұр. Көктем келіп, көңіл-күй де көтеріңкі болып кеткендей... Қашанда қайырымдылық шараларына ұйытқы болып  жүретін «Әзірет Сұлтан» мешіті де көктемнің алғашқы күнінде мұқтаж жандардың көңілдеріне қуаныш ұялатып, мейірім шуағын себуге тырысты.  Тұрмыс тауқыметін тартып, торыққан жандарға қол...
date02.03.2014readCount3192readmoreТолығырақ
Ақшамнан соң айтылады бір уағыз... (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі бұл игі шараның қашан басталғаны дәл ешкімнің есінде де жоқ. Мешіт ашылған алғашқы уақыттарда мешіт имамдары мен ұстаздары ақшам намазынан соң жиылған жамағат алдына шығып, уағыз айтуды әдетке айналдырған еді. Бұл игі шара бүгінде үрдіске айналып, кешкі уағыздардың кестесі түзіліп, тіпті сайтымызға да салып қойған болатынбыз. Аптаның алты күнінде қазақ тілінде «Ахлақ, Сира, Хадис, Тәпсір, Фиқһ, Сахабалар тарихы» тақырыбынан түрлі уағыздар айтылып, жамағат...
date26.02.2014readCount3459readmoreТолығырақ
«Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Дін мен дәстүр. Ұлттық құндылықтарымызбен ұштасқан осы қос қағида халқымыз үшін құстың қанаты іспетті қастерлі ұғым. Құдайсыз қоғамда өмір сүруге ырық бермей, ырыздығын тек Алладан сұраған қазақ халқы бағзы заманнан бері дін мен дәстүрін бекем ұстанды. Қазақтың болмысымен бітеқайнасқан дін мен дәстүр – қадым замандағы қилы зауалдарға қарсы тұрған, халықты бірлікке, тұтастыққа тоқтатқан рухани құндылық. Сондықтан халқымыз қандай қилы кезеңді бастан кешпесін, өзінің тіршілік тегі...
date26.02.2014readCount3885readmoreТолығырақ
Бас мүфти Елшіні қабылдады (ФОТО+ВИДЕО)
Бүгін Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Иордания Хашимиттік королдігінің төтенше және өкілетті елшісі Слайман Арабиатты қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы діни мәселелер айтылып, өзара тәжірибе алмасу жайы талқыланды. Сондай-ақ,  еліміздегі мешіттердің жұмысы, медіреселер мен діни оқу орындарының  кадр дайындау жұмыстары қозғалып, қазақ елі шәкірттерінің Иордания аумағында білім алуы мәселесі көтерілді.
date25.02.2014readCount3254readmoreТолығырақ
Жұмада таратылған жазбаша-уағыз (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма намазына жиылған жамағатты тағы бір жаңалық күтіп алды. Мешіт имамдары көтерген игі бастаманың жамағат үшін жағымды жақтары көп болары анық. Бірі асығып, бірі кешігіп келген жамағаттың жұма уағызын жарытып тыңдай алмай қалып жататыны жиі кездесіп қалады.Сондықтан да мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде бұдан былайғы айтылатын жұма-уағыздарының жазбаша түрі де таратылып тұратын болды.  Төрт бүктеп төс қалтаға сала...
date21.02.2014readCount7711readmoreТолығырақ