«Өзгеге өмір сыйлаған» акция өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық қан орталығымен бірлесіп «Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясын ұйымдастырды. Қасиетті жұма күні қан тапсырып, қайырымдылық жасауға құлшынғандардың қатары қалың болып, медициналық көлік алдындағы кезек те созыла түсті. Мұқтаж жандардың мұңына ортақтасып, мейірімділік танытуға асыққандардың арқасында Республикалық қан орталығына бүгін 22 литр қан қоры қосылды. Өзгеге өмір сыйлауға құштарлық танытқан 60-қа жуық жанның жанашырлық көмегі...
date06.06.2014readCount2224readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті медіресе шәкірттеріне көмек көрсетті
«Оқу инемен құдық қазғандай» дейді дана халқымыз. Білім мен ғылымның пайдасын біліп, артықшылығын айрықша сезінген халқымыздың тауып айтқанына таласымыз жоқ. Білім жолындағы түрлі кедергілер мен қиындықтарды өткере отырып, діттеген биікке жетудің машақаты мол екені бесенеден белгілі. Осы орайда шәкірттердің талабын қайрап, ынталандырып қоюдың да оқушылардың ықыласын арттырып, жігерлендіре түсетіні сөзсіз. Осы мақсатпен «Әзірет Сұлтан» мешіті «Астана» медіресесінің биылғы оқу...
date27.05.2014readCount2414readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі республикалық семинар өз жұмысын аяқтады (ФОТО)
Мамыр айының 20-27 жұлдызы аралығында «Әзірет Сұлтан» мешітінде  республикамыздағы орыс тілді имамдардың біліктілігін көтеру мақсатында алғаш рет республикалық семинар өткізілді.  Аталмыш семинарға еліміздің барлық аймақтарынан 20-ға тарта имамдар қатысып, білімдерін шыңдады. Семинар аясында «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Абдусамат Махат, «Әбубәкір Сыддық» медіресесінің директоры Отарбаев Бауыржан, «Астана» медіресесінің ұстазы Өскенбаев Руслан, «E-islam.kz» сайтының...
date27.05.2014readCount2102readmoreТолығырақ
Табиғат аясындағы тағылымды демалыс (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің имам-ұстаздары мен діни сауат ашу курсы шәкірттері табиғат аясына шығып, есте қаларлық демалыс күнін өткізіп қайтты. Өткен аптаның сенбі күні ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен шәкірттерге сертификат тапсырылып, дастархан жайылған болатын. Жыл басынан бері мешіт имамдары мен ұстаздарынан дәріс алып, тіл сындырған 400-ге жуық шәкірттің осы жерде дос тауып, ағалы-інілі бір үйдің...
date26.05.2014readCount3728readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)
Мешіт имамдары мен ұстаздарының  қажырлы еңбегінің арқасында «Әзірет Сұлтан» мешітінде жыл басынан бері 400-ге жуық ер және әйел кісілер діни сауат ашып, дәрістер алып келеді. Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен сауат ашу курсының І-деңгейлі білім жүйесін тәмамдаған 200-ден астам шәкірттерге сертификат тапсырылып, салтанатты шараға орай  дастархан жайылды. Аталмыш шара шәкірттер жігерін жанып, ғылым жолындағы ұмтылыстарын жандандыра...
date24.05.2014readCount2725readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағаты белгілі теологпен кездесу өткізді (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіннің әйел ұстаздары Ақбөпе Қанатқызы мен Света Амангелдіқызының ұйымдастыруымен мешіттің конференц-залында мешітіміздің әйел шәкірттері ҚР Дін Істері агенттігінің діни оқу орындарымен байланыстар және дінтану сараптамасы жөніндегі басқарма басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, дінтану магистрі Айнұр   Әбдірәсілқызымен кездесу өткізді. Кездесу «Қазақ қыздарының тәрбиелік және рухани болмысы» деген тақырыпта өрбіді. Қазіргі таңда қазақ қызының...
date15.05.2014readCount4995readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан»  мешіті Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады (ФОТО)
«Немеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, күн өткен сайын қазыналы қарияларымыз мен ардагер аталарымыздың қатары сиреп келе жатқаны рас. Кешегі қанды қырғынның ортасында от кешіп, кеудесін оққа тосқан майдангер аталарымыздың бүгінде саны саусақпен санарлық. Отаны үшін отқа түсіп, қолына қару алған қарияларымыздың қадірі мен елі үшін атқарған еңбектерінің ұшан-теңіз екені айтпасақ та белгілі. Келе жатқан Жеңіс мерекесі...
date08.05.2014readCount2808readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен  Қамбаров Руслан Миятбекұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалды. Еңбек жолын 2002 жылы «Оңтүстік қазақстан гуманитарлық академиясында» аудармашы және араб тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған Руслан Миятбекұлы көптеген жылдар бойы дін саласында жемісті қызмет атқарып келе жатыр. Атап айтсақ, 2005-2007 ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің маманы және...
date01.05.2014readCount2952readmoreТолығырақ
Астана имамдарына сертификат тапсырылды (ФОТО+ВИДЕО)
Діни қызметкерлерінің шешендік һәм діни ілімдерін шыңдау мақсатында өтіп жатқан біліктілікті жетілдіру семинары өз мәресіне жетті. XXI ғасыр имамдарының кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отырған семинардың соңғы күнінде имамдарға «Интернет пен әлеуметтік желілерді қалай пайдалану керек» деген тақырыпта семинар-тренинг өтті. Тренингті белгілі журналист, танымал блогер, Аynaline.kz сайтының бас редакторы Жарқын Түсіпбекұлы жүргізді. Ж.Түсіпбекұлы әлеуметтік...
date29.04.2014readCount3255readmoreТолығырақ
Найб мүфти Жамбыл облысында іссапарда болды (ФОТО)
Тәуелсіз елдің ертеңі үшін аянбай тер төгіп, елеулі еңбек қалдырған тарихи тұлғаларымызды ұмытпай ұлықтап, бүгінгі жас ұрпақ жадына сіңіріп өсіру – өнегелі іс. Халық игілігі үшін атқарған еңбектеріне тарихи баға беріп, қайраткерлігін дәріптеуіміз қажет. Қазақ елінің тарихындағы сондай тұлғалардың бірі  – «Тәуелсіздігімізді тұғырландырған тұлғалардың тобында халқымыздың ардақты перзенті Қаратай Тұрысовтың алар орны ала бөтен!..» деп Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті...
date27.04.2014readCount2530readmoreТолығырақ