Қарттар үйінде ауызашар берілді (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйіндегі қамкөңіл қарияларымыз мен  ақ жаулықты аналарымызға арналып ауызашар дастарханы жайылды. Сауабы еселеп жазылатын ерекше қасиетті айда қамқоршысыз қалған қарттарымыздың қабағындағы кірбіңді шайып, қал-жағдайын біліп қайту үшін қарттар үйіне ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти  Серікбай Ораз бастаған бір топ имамдарымыз бас...
date02.07.2014readCount3146readmoreТолығырақ
«Дүние - бекет, біз - керуен» хабары эфирге жол тартады
28 маусымнан бастап, Қасиетті Рамазан айына орай «Шалқар» ұлттық радиосы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының бірлескен жобасы «Дүние – бекет, біз – керуен» хабары эфирге жол тартады. Хабар адамзат баласының екі дүниедегі ғұмыры мен шариғат өлшемдері туралы сыр шертеді. Эфирге шығатын уақыты: күн сайын, сағат 09:05 және 20:45 де.
date27.06.2014readCount1974readmoreТолығырақ
Бүгін тарауих намазы басталады
Құрметті жамағат! "Әзірет Сұлтан" мешітінде маусым айының 27-ші жұлдызынан, яғни бүгіннен бастап күнделікті құптан намазынан кейін жамағатпен тарауих намазы оқылады. Намазды мешітіміздің наиб имамы Ғазиз Ахмет бастаған үш қари өткізеді. Астана қаласы бойынша тарауих намазының уақыты: 23:15.
date27.06.2014readCount6312readmoreТолығырақ
ҚМДБ: Баспасөз хатшыларының тұңғыш басқосуы (ФОТО)
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни басқармаға қарасты баспасөз хатшыларының семинар-кеңесі өтті.    Жиын барысында, дін саласындағы ақпаратты жандандыру мен деңгейін арттыру мәселелері қаралды. Ортақ iстi қалай нәтижелi жүзеге асыруға болады? Бұл сұрақтың жауабы арнайы шақырылған білікті мамандармен бірлесе отырып талқыланды. Сонымен қатар, баспасөз хатшылары Исламды насихаттау бағытында БАҚ пен қоғам арасында қарым-қатынасты нығайту, екiжақты жұмысты ұйымдастыру...
date26.06.2014readCount1846readmoreТолығырақ
Білікті имамдармен болған семинар (ФОТО)
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткен жылдан бастап білімі терең, біліктілігі жоғары имамдардан Республикалық ақпараттық насихат топтары құрылған-ды. Аталмыш топ мүшелері түрлі мекеме ұжымдарымен қатар түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен де кездесіп, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізе білді. Сондағы тәжірибенің талабына сай түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен тығыз қарым-қатынас жасап, оларға ақпараттық-насихат жұмыстарын...
date26.06.2014readCount1837readmoreТолығырақ
Жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын тәмамдады (ФОТО+ВИДЕО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінде маусым айының 2-жұлдызы күні бастау алған оқушылардың діни сауат ашу курсы бүгін өз мәресіне жетіп, қорытынды кеш ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының тапсырмасы негізінде жазғы демалыстарын босқа өткізбей, білім жинаған бүлдіршіндерге дастархан жайылып жайылып, сертификаттар тапсырылды. Шәкірттердің Құранды тіләуат етуімен басталған салтанатты кештің шымылдығын мешітіміздің бас имамы...
date23.06.2014readCount2352readmoreТолығырақ
Балғындар түсті бәйгеге (ФОТО)
Бүгінде жыл сайын елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жазғы діни сауат ашу курстарын өткізу игі дәстүрге айналғаны бұқараға белгілі. Бұл ретте жас жеткіншектердің жазғы демалыс маусымының дүниәуи һәм ақыреттік пайдалы өтуі үшін тер төгіп келе жатқан мешіт қызметкерлерінің еңбегі зор екенін айта кету керек. Оқу жылы аяқталысымен мектеп қабырғасынан шығып, мешіт есігін қаққан балғындардың көптігіне көңіл қуанып, жүрек жұбанады. Балаларын жазғы курсқа алып келген...
date23.06.2014readCount2248readmoreТолығырақ
Астанада Ақсақалдар Кеңесінің отырысы өтті (ФОТО)
Бүгін Астана қаласы мешіттерінің Ақсақалдар кеңесінің жалпы жиыны ұйымдастырылып, жиналысы болып өтті. Аталмыш жиналыста Ақсақалдар кеңесі туралы жалпы ереже талқыланып, бірқатар бөлімдері қайта бекітілді. Сондай-ақ, жақындап қалған Рамазан айына байланысты ұсыныстар мен тілектер ортаға салынып, атқарылуға тиісті шаралар тізімі жасалды. Жиналыс барысында ақсақалдар кеңесі назарына елордамыздағы мешіттердің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебі...
date17.06.2014readCount2142readmoreТолығырақ
Бәраат кешіндегі берекелі ауызашар мен әсерлі уағыз (ФОТО)
Екі дүние сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) жеткен хадисте «Шағбан айының ортаңғы түні болғанда оны құлшылықпен, ал күндізді оразамен өткізіңдер. Себебі, күн батқанда Хақ Тағала дүние аспанына түсіп, таң атқанға дейін былай дейді: «Менен кешірім тілеуші бар ма екен? Оны кешірейін. Менен ризық-несібе тілеуші бар ма екен? Оған ризығын берейін. Дертіне шипа тілеуші бар ма екен? Дертіне шипа берейін. Кім не қаласа, оған соны берейін» (имам Ибн Мәжә) делінеді. Биылғы шағбан...
date13.06.2014readCount2907readmoreТолығырақ
«Зекет» қоры қызметкерлеріне арналған семинар басталды (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласындағы филиалы «Әзірет Сұлтан» мешітінде республикалық «Зекет» қорының қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатып, кәсіби деңгейін дамытуға бағытталған семинар өз жұмысын бастады. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен  жүргізіліп жатқан семинарға қатысушылар «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев, Ислам орталығының директоры Бағзат Ақжолов және «Шұбар» мешітінің бас имамы Нұрлан Бақбасаровтардың түрлі...
date09.06.2014readCount2878readmoreТолығырақ