Наурызбай қажы Тағанұлы: Рамазан мүбәрак болсын! (ВИДЕО)
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Адамзат баласын тура жолға бастаушы Құран кәрімнің алғашқы құтты аяттары түсе бастаған қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Баршамыз асыға күткен Рамазан – игілік пен береке, кешірім және мейірім һәм қайырымдылық айы. Ол жайында «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза...
date16.05.2018readCount861readmoreТолығырақ
Muslim.kz порталы жаңа нұсқада оқырманға жол тартты (ФОТО)
Бүгін, қасиетті Рамазан айының қарсаңында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қуанышты оқиға орын алды. Арнайы баспасөз конференциясында республикалық Бас мешіттің ресми порталы Muslim.kz сайтының жаңартылған нұсқасы таныстырылып, оқырманға жол тартты. Шараның шымылдығы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізімен ашылды. Рухани бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру жолында жемісті еңбек...
date16.05.2018readCount759readmoreТолығырақ
Тарауих намаздарынан соң тегін автобус жүреді (КЕСТЕ)
Мінекей, қасиетті Рамазан айының басталуына да санаулы сағаттар ғана қалды. Көп ұзамай бүкіл әлем мұсылмандары Рамазан айын қарсы алып, Алла разылығы үшін ауыз бекітетін болмақ. Танның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жемнен, нәпсі қалауларынан тыйылып, тақуалыққа талпыныс жасайды. Ізгілік пен имандылыққа бет бұрып, қасиетті Құран түскен құтты айды лайықты дәрежесінде өткізуге әрбір мұсылманның тырысары сөзсіз. Осы орайда, ҚМДБ тарапынан еліміздегі мешіттерде қасиетті...
date16.05.2018readCount981readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттері ұжымдық серуенге шығып қайтты (ФОТО)
Кешегі жексенбі Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері үшін ерекше күндердің бірі болды. Бас мешіттегі «Діни сауат ашу курсының» оқу бағдарламасының аяқталуына орай ұйымдастырылған ұжымдық серуен шәкірттер қауымын ынтымаққа ұйыстырып, бірлігін бекемдей түсті. Қала сыртындағы демалыс орында бас қосқан Бас мешіт қызметкерлері мен шәкірттері осылайша жексенбі күнін тағылымға толы өткізіп, тынығып қайтты. Шәкірттердің бір-бірімен етене танысып,...
date14.05.2018readCount928readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде оқу жылының аяқталуына орай «Діни сауат ашу курсының» шәкірттеріне сертификат табыстау рәсімі болып өтті. Шара шымылдығын ашқан ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жиылған жамағатты қасиетті жұма күнімен құттықтап өтіп, білім үйренудің маңыздылығына тоқталды. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізде» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетіне сай асыл уақыттарын...
date11.05.2018readCount998readmoreТолығырақ
Қарттар үйінде Жеңіс мерекесі тойланды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік көмек көрсету орталығында Жеңіс мерекесінің 73 жылдық мерейтойына арналған шара болып өтті. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара барысында ардагер қарияларға құрмет көрсетіліп, «Ардагер» саяжолына соғыс ардагерлерінің атаулы көшеттері отырғызылды. Мерекелік іс-шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, ардагер ақсақалдарымызды Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты....
date10.05.2018readCount520readmoreТолығырақ
Бас имам ардагер ақсақалды Жеңіс мерекесімен құттықтады (ФОТО)
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті Астана қаласындағы ардагер ақсақалдарды зиярат етіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өзі бас болып, мешіт қызметкерлері асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияларды құттықтап, ізі дұғалары мен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты. Кешегі қанқұйлы күндердің келмеске кеткенін әйгілеп, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымызға тағы бір жыл...
date09.05.2018readCount627readmoreТолығырақ
Бас мешітте Шағбан айының құрметіне ауызашар берілді (ФОТО)
Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Шағбан айының құрметіне орай ауызашар дастарханы жайылып, ғибратты отырыс өтті. Елорда имамдары мен «Астана» медресесінің шәкірттері, мешіт жамағаты бас қосқан берекелі дастархан басында келелі уағыз айтылып, келген жандар рухани азыққа да молынан кенелді. Ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) «адамдардың көпшілігі Ережеп пен Рамазан айларының ортасында мән бермей кететін ай» деп, сахабаларына үлгі болып ең көп ораза ұстайтын...
date08.05.2018readCount677readmoreТолығырақ
Бас мешіт қызметкерлері сенбілікке шықты (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы сенбілікке шығып, құлшылық ордасы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы аумағы 17 гектар болатын Бас мешіттің айналасы түгелдей ретке келтіріліп, құлшылық ордасының іші де мұнтаздай қалыпқа енді. Тіпті, мешіттің көлік тұрағы да кір-қоқыстан арылып, құлшылық ордасының сыртқы сәулеті бұрынғыдан да көріктене түсті. Айта кетерлігі, еліміздің Бас мешіті – тазалық пен тәртіптің жарқын үлгісіне айналған...
date05.05.2018readCount650readmoreТолығырақ
Бас мешіттің Рамазан айына дайындығы пысықталды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жалпы жиналыс барысында Рамазан айы кезінде атқарылатын шаралар тізімі таныстырылып, жауапты қызметкерлер бекітілді. Сондай-ақ, Рамазан айы бойы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілетін ауызашар шарасы талқыланды. Айта кетейік,...
date03.05.2018readCount754readmoreТолығырақ