ҚОРЫТЫНДЫ: «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы топ жарды (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде екі күнге созылған республикалық азаншылар сайысы мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы сайыстың екінші бөліміне жолдама алған 13 азаншының ішінен 3 жүйрікті анықтады. Сонымен дауыс ырғағы, тәжуид ережесі, әуезді үн, т.б. талаптар бойынша топ жарған «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Еркебұлан Байғабылов (Астана) қазылардың шешімімен бірінші орынды иеленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарманың үлкен қажылыққа тегін жолдамасын...
date21.12.2014readCount2626readmoreТолығырақ
Мешіт – мейірімділіктің ордасы (ФОТО)
Қашанда қайырымдылық шараларының ұйытқысы болып жүретін «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарының бұл жолғы мейірімі қыстың қақаған суығында қала тазалығына жауапты қызметкерлеріне арналды. Аязы мен бораны толастамайтын Арқа төріндегі Астанамыздың жол қозғалысы мен тазалығын ретке келтіріп, күн-түн демей қар күреген жандарды күнде көріп жүргенімізбен, көпшілігіміз  көңіл аудара бермейтініміз ақиқат. Жылы үйде отырып алып олар жайлы ойлай қоймайтынымыз да шындық. Күллі қазақ елінің...
date15.12.2014readCount2009readmoreТолығырақ
Мереке қарсаңындағы мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қуанышы (ФОТО)
Ежелден ел тілегі болған еркіндігіміздің 23 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешіті бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қуаныш сыйлауға тырысты. Сондай шаралардың бірі қаламыздағы №65 мектеп-гимназиясының мүмкіндігі шектеулі оқушыларына арналды. Жүріп-тұруы қиынға соқса да, қатарынан қалмай білім алып, биік белестерді бағындыруды мұрат тұтқан кішкене бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі үйіріліп, көздерінен қуаныш ұшқындаса, біздер нағыз мереке осы емес...
date15.12.2014readCount1920readmoreТолығырақ
Мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)
Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп өсиет айтады. Осы бір ұлағатты сөзді жүзеге асырып, жемісті еңбек етіп жатқан «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері қаншама жанның діни сауатын ашып, арабша хат танытып келеді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев та мешіт ашылуында: «Әзірет Сұлтан» тек қана құлшылық орны емес. Бұл мешітте кітапханалар мен дәрісханалар бар....
date12.12.2014readCount3623readmoreТолығырақ
Наиб мүфти Мәскеуде халықаралық форумға қатысты (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық форумға қатысты. Басқосуда дін қайраткерлері әлемде орын алған дүрбелең оқиғалар мен рухани дағдарыс мәселелерін шешуде Ислам дінінің рөлін сөз етті. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Ресей Мүфтилер Кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдинмен кездесіп, пікір алмасты. Дін өкілдері Ресей мен Қазақстанның мәдени-рухани салаларындағы қарым-қатынасы...
date10.12.2014readCount2094readmoreТолығырақ
Астана имамдарының қорытынды жиналысы өтті (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарының жылдық қорытынды жиналысы болып өтті. Биылғы жылғы жетістіктер мен кемшіліктер сараланып, келер жылға келелі жоспарлар түзілетін жылдық жиналыста Астана қаласындағы сегіз мешіт имамдарының есебі тыңдалды. Сонау жыл басында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен мешіт имамдарының төмендегі төрт бағыт бойынша: үгіт-насихат жұмыстары мен қайырымдылық шаралары, теріс пиғылды ағымдармен жұмыс жасау және...
date10.12.2014readCount2179readmoreТолығырақ
«Тәпсір тұнығының» Астана жұртшылығына танытымы болды (ФОТО)
Еліміз егемендік алып, етек-жеңімізді жинағалы бері кеткен есеміздің орнын толтырып, еселеген еңбек атқарып келеміз. Жоғымызды түгендеп, барымызды бүтіндей білген елдің болашағы бекем болатыны бесенеден белгілі. Осы орайда, әсіресе, Кеңес үкіметі тұсында жұтқа ұшыраған асыл дініміздің бар құндылығын қайтарып, қайта өркендету жолында жасалып жатқан еңбектің үлесі өте зор. Түрлі аудармалар мен діни кітаптар, тәпсірлер мен хадистер жинағы секілді халыққа ауадай қажет діни кітаптар осы...
date08.12.2014readCount2250readmoreТолығырақ
«Тәпсір тұнығы» мешіт жамағатына таныстырылды (ФОТО)
Алла Тағаланың адамзат баласына берген теңдессіз сыйы, таусылмас нығметтерінің бірі – қасиетті Құран Кәрім кітабы. Сондықтан да, өркениетіміздің өзегі, мәдениетіміздің мәйегі болған қасиетті Құран үкімдерінен үлес алу әрбір мұсылманның міндеті болып табылады. Осы орайда, сыры мен сипатын бүккен Құран аяттарының ақиқатын қалың бұқараға тәпсірлеп беру білікті дін мамандарының ғана қолынан келетіні белгілі. Содан да болар, қазақ тілінде жарық көрген тәпсір кітаптарының саны...
date08.12.2014readCount3291readmoreТолығырақ
Мысыр министрі – «Әзірет Сұлтан» мешітінде (ФОТО)
Бүгін, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітіне Мысыр елінің Уақыптар және Дін істері министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма бастаған топ арнайы ат басын тіреді. Құрметті қонаққа құлшылық ордасының құнды жәдігерлерімен қоса, Muslim.kz порталы мен «Хикмет» телерадио студиясының жұмыстары да таныстырылды. Қазақ жеріне арнайы іссапармен келген мысырлық мейман бұған дейін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған болатын....
date28.11.2014readCount3141readmoreТолығырақ
Найб мүфти Ұлттық өнер академиясы студенттерімен кездесті (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы «Шабыт» Ұлттық өнер академиясы студенттерімен кездесу өткізді. Алдымызда келе жатқан Алаш жұртының айтулы мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік және Жастар» тақырыбында өткен кездесудің егеменді еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақ үшн маңызы ерекше болды. Аталмыш өнер ордасының оқытушылары мен студенттеріне лық толған Шопен атындағы зал іші Серікбай Ораз...
date27.11.2014readCount2401readmoreТолығырақ