Батыр келіні – бас мешітте (ФОТО)
Анаға құрмет, жарға жанашырлық, қызға қамқорлық – иманға ұйыған ұлтымыздың басты ұстанымдарының бірі. Өз болмысына даналық мінез бен ізгі қасиеттерді жия білген қазақ әйелі қашан да құрметке ие болған. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететінін сезініп, елдік пен имандылықты ана сүтімен перзентіне сіңіре білді. Ел болып еңсе көтергелі ұлтына үлгі ғана емес, ұран болған аналар легі азайған жоқ. Бүгін қазақтың маңдайына жарқырап біткен ерен ұлдарының бірі, батырымыз...
date09.03.2015readCount2056readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» имамдары ел ертеңі үшін еңбек етуде (ФОТО)
Болашақ бүгіннен басталады. Демек, егеменді еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Осы орайда, Астана мешіттері имамдарының «Тәрбие мен білім – егіз ұғым» атты жоба аясында білім ошақтарында жүздесулер жүргізіп, дәріс сабақтарын өткізіп тұруы –  ел ертеңі үшін жасалған игі іс екені даусыз. Еліміздің бас мешіті саналатын «Әзірет сұлтан» мешітінің имамдары да бұл шараның бел ортасынан табылып, қаламыздағы білім ошақтарында келелі кездесулер ұйымдастырып келеді. Кеше...
date06.03.2015readCount1898readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы лицей шәкірттеріне дәріс өткізді (ФОТО)
Елорда мешіттері мен Астана қалалық әкімдігі, дін істері, білім басқармаларының бірлесуімен екінші жыл қатарынан жүзеге асып жатқан «Тәрбие мен білім білім – егіз ұғым» жобасы жас ұрпақты жақсылыққа шақырып, оң-солын айырып үлгермеген жеткіншектерді имандылыққа баулып, ізгілікке үйретіп келеді. Кеше аталмыш жоба аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкері Фаркат Исаұлы Қазақ-түрік қыздар лицейінің оқушыларымен жүздесіп, еліміздің ертеңі болатын балауса жастардың бойына ізгілік...
date28.02.2015readCount1825readmoreТолығырақ
І Республикалық имамдар форумы өтті (ФОТО)
2015 жылғы 19-ақпанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен І Республикалық имамдар форумы өтті. Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздің түпкір-түпкірінен келген 500-ге жуық имамдары, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, елімізге танымал дін ғалымдары жиналды. Сонымен қатар форумның қонағы ретінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің...
date19.02.2015readCount3172readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты Мәуліт мерекесін тойлады (ФОТО)
Кеше Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағаты арасында мерейлі Мәуліт мерекесі тойланып өтті. Құлшылық ордасының төменгі қабатында орналасқан мейрамхана ішінде ақжаулықтылар үшін ақ дастархан жайылып, арнайы кеш ұйымдастырылды. Аталмыш шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел адамдарға арналған діни сауат ашу курсының ұстаздары жауапкершілік танытып, мерейлі мерекенің мәнді де сәнді өтуіне барларын салып бақты. Қасиетті Құран Кәрім оқылып, Пайғамбарымызға...
date31.01.2015readCount2479readmoreТолығырақ
Астанада «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт кеші өтті (ФОТО)
Күллі әлемге рақым нұры болған Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған айын исі мұсылман қауымының ерекше ықыласпен күтетіні белгілі. Жыл жаңарып, жаңа күнтізбеге аяқ басқалы Алаш жұртының да асыға күткен мерекелерінің бірі – осы Мәуліт болатын. Кеше Конгресс-Холл сарайында елордалық ағайындар асыға күткен мерекесімен қауышып, екі дүние сұлтанына деген сағыныштарын басып, салауат жолдап қайтты. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ұйымдастырумен өткен рухани кешке...
date25.01.2015readCount2667readmoreТолығырақ
Бас мешіттегі Мәуліт мерекесі (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде  Мәуліт мерекесі аталып өтті. Екі дүние сұлтаны Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған айына орай ұйымдастырылған игі шара екі дүние сұлтанының өнегелі өмірі жайлы кеңінен мағлұмат беріп, сүннеттерін жаңғыртуға бағытталды. Құлшылық ордасына келген жандарға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйікті жемісі құрма мен Оның ғибратты ғұмыры мен өнеге-тәлімі туралы жазылған парақшалар таратылды. Жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның төраға орынбасары,...
date16.01.2015readCount2601readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті: 2015-жылдың алғашқы күні (ФОТО)
Бүгін – григориан күнтізбесі бойынша 2015-жылдың алғашқы күні. Әдеттегідей қала тым-тырыс. Қалықтаған ақ қар Астанамызды ағартқысы келгендей асыға жауып тұр. Көшедегі қимыл-қозғалыс та әлсіреген. Кешегі мейрамның әсері ғой... ...Есігі жамағат үшін қашанда айқара ашық «Әзірет Сұлтан» мешіті үшін жылдың алғашқы күні абыр-сабырмен басталды. Таң рауандап, азан айтылғаннан-ақ мешітке асыққандар биылғы жылғы алғашқы намаздарын жамағат болып оқыды. Сәлден соң мешіт іші баласын ертіп, Құран...
date01.01.2015readCount3639readmoreТолығырақ
Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» азаншысын марапаттады (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына жиналған жұртшылық алдында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жақында өткен ІІ Республикалық «Әдемі әуезді азаншы» сайысының жеңімпазы атанған Еркебұлан Алпысұлына игі тілегін арнап, қасиетті Құран Кәрім тарту етті. Елімізде азан айтушылардың қазақы мектебі қалыптасып келе жатқанын Бас мүфти тағы бір мәрте қуанышпен атап өтіп, осы бағытта еңбек сіңіріп келе жатқан «Әзірет Сұлтан» азаншысына өз ризашылығын...
date26.12.2014readCount2411readmoreТолығырақ
Мешіт жамағаты мұқтаж жандарға көмектесті (ФОТО)
Кеше Астана қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдукаримов Бағдат имамның ұйымдастыруымен аты-жөнін атамауды өтінген мешітіміздің жамағаты демеушілік танытып, 10 отбасыға бір айлық азық-түлікпен көмек көрсетті. Барлық азық-түлік түрі салынған бір сөмкені жабдықтауға орташа есеппен 20 000 теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.):...
date22.12.2014readCount1774readmoreТолығырақ