Су тасқынынан зардап шеккендерге «Қайырымдылық керуені» жөнелтілетін болады (ФОТО)
Табиғаттың тосын мінезіне тап болып, су апатынан зардап шеккен Қарағанды облысындағы жұртшылық жағдайы бүгінде баршамызға мәлім. Туралап келген апаттан тұралап қалған қарағандылықтарға қол ұшын созып, жәрдемдесіп жатқандар да аз емес. Десек те, «тастың түскен жеріне ауыр» тиетіні белгілі. Бүгінде  көптеген жерлерде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, су апатынан зардап шеккен ағайындарға жәрдем жеткізіліп жатқанымен, баспанасы мен барынан айырылғандар үшін аздық етері...
date17.04.2015readCount2819readmoreТолығырақ
«Өзгеге өмір сыйла!» донорлық акциясы өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласындағы Қан орталығымен бірлескен түрде «Өзгеге өмір сыйла!» атты донорлық акциясы болып өтті. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» қызметкерлеріне бөлінген мешіт бөлмесі кезек әдеттегідей ұзақ болды. Қасиетті жұма күні жақсылық жасауға талпынып, сауапты іске құлшынғандардың қатары көп болғанымен,  қан қабылдау тек түске дейін ғана өткізілді. Жалпы, қорытынды бойынша...
date17.04.2015readCount1932readmoreТолығырақ
Бас имам қор қызметкерлерін қабылдады (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы корпоративтік қоры» қызметкерлерін қабылдап, оларға қажырлы еңбектері үшін «Алғыс хат» табыстады. Аталмыш қор жұмысшылары осы уақытқа дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің тазалық және қауіпсіздік қызметін, техникалық жүйесін қамтамасыз етіп келген болатын. Серікбай қажы барша қор қызметкерлерінің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарының мешіт мәртебесін асқақтауына зор...
date02.04.2015readCount1738readmoreТолығырақ
Бас мүфти қор басшыларын марапаттады (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы корпоративтік қоры» басшыларын қабылдап, Астана қаласының ажарын арттырған «Әзірет Сұлтан» мешітінің салынуы мен өркендеуі жолында сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, марапаттады. Аталмыш қор осыдан бес жыл бұрын Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің салынуына орай құрылған болатын. Содан бері құлшылық ордасының халыққа қалтқысыз қызмет етіп, қызмет барысының...
date31.03.2015readCount1883readmoreТолығырақ
«Перзент» балалар үйінің төрайымы мешіт жамағатымен кездесті (ФОТО)
Осыдан бірер күн бұрын «Әзірет Сұлтан» мешітіне «Перзент» балалар үйінің тәрбиеленушілері келіп, қонақ болып қайтқаны туралы жазған болатынбыз. Оқушылардың аралық демалысын пайдаланып, Астана қаласын аралап қайтуға келген қамкөңіл жастарымыз жұма күні жамағатпен намаз оқып, мешітіміздің құрметті қонағы болған еді. Алматы қаласында орналасқан «Перзент» балалар үйі – Әмина Әжібаева апамыздың тікелей бастамасымен ашылған жеке меншік жанұялық типтегі қайырымдылық үйі. Қажы...
date30.03.2015readCount6153readmoreТолығырақ
«Перзент» балалар үйінің тәрбиеленушілері мешітке келді (ФОТО)
Кеше, қасиетті жұма күні «Перзент» балалар үйінің тәрбиешісі Әмина апа бір топ балдырғандарды ертіп «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп қайтты. Жамағатпен бірге жұма намазына қатысқан соң балалар құлшылық ордасын аралап, Muslim.kz сайты мен Хикмет телерадиостудиясының әкімшілігіне бас сұғып, жұмыстарымен танысты. Мешіт ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев кішкентай қонақтарымызға жұмыс бөлмелері мен дәріс залдарын көрсетіп, аздаған уағыз да айтып үлгерді. Тағдыр тауқыметін жастайынан тартқан...
date28.03.2015readCount1729readmoreТолығырақ
«Әбу Ханифа – ХХІ ғасырда» қойылымы қойылды (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптелген рухани шара болып өтті. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара шымылдығы әдеттегідей қасиетті Құран Кәрім оқылумен ашылды. Рухани кештің алғы сөзі арнайы шақырылған ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлына ұсынылды. Бұдан соң жиылған жамағатқа ақжаулықты апаларымыз шашу шашып, мерекенің көрігін қыздыра түсті. Күй шертіліп, терме орындалған рухани кештің басты жаңалығы –...
date26.03.2015readCount2425readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде кусуф намазы оқылды (ФОТО)
Бүгін сайтымызда хабарлағанымыздай, Қазақстан аумағында Күннің тұтылуы орын алды. Бұл құбылыс елдің солтүстік аймақтарында айқын байқалатынын жазған болатынбыз. Мамандардың болжамы бойынша, Астана қаласында күннің тұтылуы 30 пайызға жуықтаған. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз Күннің тұтылуы орын алған кезде әлемдегі барша қозғалыс пен құбылыстың Иесі Жаратқан Аллаға сәжде етуге шақырған. Бұл жайында қасиетті Құран Кәрімнің «Фуссиләт» сүресінде былай деп әмір...
date20.03.2015readCount2467readmoreТолығырақ
Мешіт жамағатына Имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына  жұма намазынан соң Тұңғыш имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды. Ел тарихында алғаш рет өткен республикалық форумда бірауыздан қабылданған құжаттар жайлы мешіт жамағатына ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы келіп, ақпараттық таныстыру дәрісін өткізді. «Қазақстан Мұсылмандары Тұғырнамасы», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы», «Мұсылман тұлғалық бейнесі»,...
date20.03.2015readCount2031readmoreТолығырақ
Батыр келіні – бас мешітте (ФОТО)
Анаға құрмет, жарға жанашырлық, қызға қамқорлық – иманға ұйыған ұлтымыздың басты ұстанымдарының бірі. Өз болмысына даналық мінез бен ізгі қасиеттерді жия білген қазақ әйелі қашан да құрметке ие болған. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететінін сезініп, елдік пен имандылықты ана сүтімен перзентіне сіңіре білді. Ел болып еңсе көтергелі ұлтына үлгі ғана емес, ұран болған аналар легі азайған жоқ. Бүгін қазақтың маңдайына жарқырап біткен ерен ұлдарының бірі, батырымыз...
date09.03.2015readCount2166readmoreТолығырақ