«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі алғашқы тарауих намазы оқылды (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде алғашқы тарауих намазы оқылды. Қасиетті аймен сағына қауышқан Елорда жұртшылығы бүгін құлшылық ордаларына ағылды десек те болғандай. Мешітке жиылған 6 000-нан астама жамағатқа ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы қасиетті айдың қадірі туралы уағыз айтып, биылғы жылы Құран Кәрімді хатым ететін қариларды таныстырып өтті.   Елордамыздың еселі мешітінде биылғы рамазан айында қасиетті Құран Кәрімді еліміздің...
date18.06.2015readCount3571readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бала шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жазғы діни сауат ашу курсы» шәкірттерімен қоштасу кеші болып өтті.  Осыдан бірнеше апта бұрын мешітімізде балдырғандарға арналған жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастаған болатын. Жиырма күнге созылған курс бағдарламасы бүгін аяқталып, бала шәкірттерге осы уақыт ішінде алған білімдерін растайтын сертификат табысталды. Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бала шәкірттері аталмыш уақыт ішінде асыл дініміздің басты қағидалары мен иман...
date16.06.2015readCount2150readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірті үздік деп танылды (ФОТО)
Бүгін «Нұр Астана» Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Елорда мешіттеріндегі жазғы діни сауат курсы шәкірттері арасында «Білімге құштар иманды жас» атты білім сайысы болып өтті. Сайысқа Елордамыздың 8 мешітінен шәкірттер қатысып, құлшылық қағидалары мен иман негіздері жайлы үйренген білімдерін сарапқа салды. Шәкірттер сайыс шартына сәйкес, «Таныстыру», «Ислам тарихы», «Бес парыз», «Жүзден жүйрік» атты төрт айналым бойынша бақ сынасып, әр айналым сайын іріктеліп отырды. Сайысқа «Нұр...
date15.06.2015readCount2043readmoreТолығырақ
Жазғы сауат ашу курсы балдырғандары – Ұлттық музейде (ФОТО)
Осыдан екі-үш күн бұрын Елордамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде балаларға арналған жазғы сауат ашу курсының басталғаны туралы хабарлаған едік. Жазғы демалыс  уақытын пайдалы өткізуге үлкен септігін тигізетін сауат ашу курстарына 270-ке жуық балдырған қабылданған болатын. Олар екі ауысыммен мешітке кезек келіп, асыл дініміздің басты қағидалары мен әдептілік, имандылық жайында білім үйрену үстінде. Балдырғандардың алған білімдерін одан ары нақтылай түсуі үшін «Хикмет» студиясында...
date31.05.2015readCount1813readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)
Бүгін, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі діни сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы сертификат табысталды. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, мешіт шәкірттеріне құттықтау лебізін білдірді. Мешіт шәкірттерінің қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен шара Бас мүфтидің батасымен жалғасты. Бас мүфти мешіт шәкірттерін ілім жолындағы осы жетістіктерімен құттықтап, мұсылман баласы үшін білім алудың маңыздылығын атап өтті.  «Алла...
date22.05.2015readCount3016readmoreТолығырақ
Бас мүфти Астанада РАНТ мүшелерінің жиынына қатысты (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен облыс бас имамдарының қатысуымен РАНТ (Республикалық ақпараттық насихат тобы) мүшелерінің алқалы жиыны өтті. Алқалы жиында басты екі мәселе талқыланды. Соның бірі – соңғы бір жылдағы Республикалық ақпараттық насихат тобының атқарған жұмысы мен алдағы уақытта қолға алынуы тиіс шаралар. «Қазір қоғамымызда дәстүрлі ислами құндылықтар жайлы...
date21.05.2015readCount4269readmoreТолығырақ
Ақшам намазынан соң арнайы уағыз – «Әзірет Сұлтан» мешітінде
Ел ордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихат тобы) мүшелері 19-22 мамыр күндері жарты жылдықта атқарылған шаралар есебін талқылап, қорытынды жиналыс өткізеді. Осы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген РАНТ мүшелері елордамыздағы сегіз мешітте алма-кезек кездесулер өткізіп, уағыз жүргізеді. Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде ақшам намазынан соң белгілі дін маманы, РАНТ-ның мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы...
date19.05.2015readCount3240readmoreТолығырақ
Жұма намазынан кейінгі дәріс сабақтары (ФОТО)
Елордамыздың сәніне айналған «Әзірет Сұлтан» мешітіне келушілердің қарасы қай кезде көп. Астанаға ат басын тіреген ағайындардың да алдымен кіріп-шығатын ғимараты осы – «Әзірет Сұлтан» мешіті. Ал, күндердің сұлтаны, қасиетті жұма күні алып ғимараттың ішінде ине шаншар жер табу қиын. Дегенмен, иық тіресе сап түзеп, намазға жығылғандардың барлығының бірдей емес екені белгілі. Бірі бес уақыт намазын құнттап, құлшылығын орындап жүрсе, кейбірі енді ғана үйреніп жатады. Тіпті, біреуге...
date08.05.2015readCount3550readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті шәкірттері арасында футболдан жарыс өтті (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің сауат ашу курсында дәріс алатын шәкірттер арасында футболдан сайыс болып өтті. Шәкірттер арасындағы достық сезімін нығайтып, ауызбіршілігін арттыра түсу мақсатында ұйымдастырылған «Теңбіл доп» сайысына 13 команда қатысып, мешіт кубогы үшін бақ сынасты. Мешіт шәкірттері мен жамағаты арасында салауатты өмірге үндеген бұндай спорттық сайыстар бұдан бұрын да бірнеше мәрте ұйымдастырылған болатын. Мешіт имамдарының бастамасымен арнайы «Әзірет Сұлтан»...
date20.04.2015readCount2329readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті қала көшелеріне ағаш отырғызды (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері мен жамағатынан құралған топ қалалық сенбілік шарасына қатысты. Мешіт шәкірттері мен жамағаты, имамдар бастаған 70-ке жуық азамат «Әзірет сұлтан» мешітіне бөлініп берілген көше бойына 50-ден астам ағаш отырғызып, Астанамыздың ажарын арттыру жолында жемісті еңбек етті. Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатқа мейіріммен қарау – мұсылман баласы үшін басты міндеттердің бірі. Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.): ««Кімде-кімнің қолында бір құрма...
date18.04.2015readCount1993readmoreТолығырақ