«Ата заң – діни еркіндіктің кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ата заң – діни еркіндіктің кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Елдігіміз бен еркіндігіміздің белгісіндей болған мереке аясындағы мешіт имамдарының бұл бастамасы басқа да қоғам мүшелері тарапынан қызу қолдау тапты. Аталмыш отырысқа ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, белгілі дінтанушы Досай Кенжетай сынды ғалымдар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Мешіт имамдары мен...
date29.08.2015readCount4467readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті 267 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бір баланы мектепке киіндір!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған немесе асыраушысының бірінен айырылған, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, оқушыларды мектеп формасы және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – соңғы жылдары еліміздегі құлшылық ордаларының дәстүрлі акциясына айналған игі шара. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жолға...
date26.08.2015readCount1798readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы мұсылман әйелдерінің тұңғыш форумына қатысып қайтты (ФОТО)
Бішкек қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекетінің мұсылман әйелдерінің басын қосқан тұңғыш форум болып өткені туралы сайтымызда жазған болатынбыз. «Мұсылман әйелдерінің Орта Азиялық форумы зорлықшыл экстремизм мен радикализмге қарсы күрес»  басқосуында ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры  Айнұр Әбдірасілқызы еліміздегі діни ахуал жайлы жан-жақты сараптама жасады. Соңғы дерек бойынша 26 000...
date24.08.2015readCount2574readmoreТолығырақ
Жас жұбайларға арналған «Жанұя жарасымы» атты семинар өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде некелерін қидырып, отбасын құруға ниет білдірген жас жұбайларға арналған «Жанұя жарасымы» атты семинар тренинг өткізілді. Мешіт имамдарының бастамасымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған семинар тренинг барысында отбасы құндылықтары жайлы айтылып, ер мен әйелдің өзара ақылары жайлы  сөз қозғалды. «Әзірет Сұлтан» мешітінде некелерін қиғызып, жұбайлық өмірге алғашқы қадамдарын құлшылық ордасынан бастауға келген жастар үшін бүгінгі семинардың...
date20.08.2015readCount2334readmoreТолығырақ
Наиб мүфти қажылық компанияларымен кездесу өткізді
Бүгін ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық компанияларымен өткен кездесуде еліміздің қажыларын тасымалдау мәселелері оңды шешімін тауып, ондағы қызметтің жүйелі жолға қойылғанын жеткізді. «Қазақстан тарапынан белгіленген SСAT әуекомпаниясының қажыларды тасымалдауға қатыса алмауына байланысты Flynas әуекомпаниясы еліміздің қажыларына толықтай қызмет көрсетеді. Биыл еліміздің қажылары үшін Flynas әуекомпаниясының 375 адамды құрайтын Airbus 330, 300...
date18.08.2015readCount1261readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті: «Айттық бізден болсын!»
Ораза айт мейрамы – күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке. Бұл күнді халқымыз бір-бірінің үйіне «Айт құтты болсын!» айта барып, амандық-саулық сұрасып, өкпе-реніші болса кешіріп, бір-біріне сыйлық беріп, айттап өткізетін болған. Мейірімділік айы атанған рамазан аяқталған соң да жомарттық пен қайырымдылықты тура осы күні арттыра түсіп, Ораза айт мейрамын ұйымшылдықпен атап өткен. Қайырымдылық шараларының қара шаңырағы атанған «Әзірет Сұлтан» мешіті бұл мерекені мейлінше сауапты етіп...
date17.07.2015readCount1828readmoreТолығырақ
Ораза айт мейрамына орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Ораза айт мерекесіне орай спорттық ойындар ұйымдастырылып, жұмаға жиналған жамағат арасында жарыс өткізілді. Мешіт ауласына арнайы айттап келетіндер үшін қазақ үй тігіліп, қонақжай халқымыздың салт-дәстүрі дәріптелді. Бір күнде қос қуанышқа кенеліп, айт намазы мен жұма намазына қатысқан жамағат спорттық ойындарға да белсене атсалысты. Арқан тартысып аттандаған азаматтардың үні мерекелік көңіл күй тудырып, бүгін күннің мейрамын екенін...
date17.07.2015readCount2108readmoreТолығырақ
Байқауға байланысты баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің мәжіліс залында ҚМДБ-на қарасты «Хикмет» телерадио студиясының Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған деректі фильмдер байқауына байланысты баспасөз отырысы болып өтті. Оған ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, «Хикмет» телерадио студиясының директоры Ерболат Айтбайұлы қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазақ қоғамына еңбегі сіңген тарихи қайраткерлерге...
date15.07.2015readCount1930readmoreТолығырақ
Түрік елінің экс президенті Абдулла Гүл «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді (ФОТО)
Бүгін Түркия мемлекетінің экс президенті Абдулла Гүл еліміздің еңселі құлшылық ордасы «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп шықты. Түркі әлемінің беделді тұлғасы «Әзірет Сұлтан» мешітінің сәулетіне жоғары баға беріп, асыл дініміздің өркендеуі жолында жемісті еңбек етуіне тілектестігін білдірді. Бесін намазына қатысқан түрік басшысы жамағатпен бірге қол жайып, қазақ елі үшін дұға жасады. Қасиетті рамазан айында қазақ еліне ат басын тіреген айтулы тұлға «Әзірет Сұлтан» мешітіің...
date05.07.2015readCount2359readmoreТолығырақ
Наиб мүфти Журналистер күнімен құттықтады (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Muslim.kz порталы және «Хикмет» телерадиостудиясы қызметкерлерін Журналисттер күнімен құттықтады. Дін насихаты саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан сайт қызметкерлері мен ашылғанына бірер жылдың көлемі болғанымен, республика жұртшылығына танылып қалған студия қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады. Бұған қоса, барлық қызметкерлерге арнайы...
date27.06.2015readCount1840readmoreТолығырақ