Қасиетті Құрбан айт мерекесінің 1-ші күні (ФОТО)
Бүгін, қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күні «Алтын таға» мал базарында «Әзірет Сұлтан» мешітінің құрбандық шалу рәсімі басталды. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясының аясында биыл 46 ірі қара құрбандыққа шалынып отыр. Құрбандық еттері жылдағыдай Елорда маңындағы елдімекендердегі тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады. Биылғы бағыт көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Жаңажол және Оразақ ауылдары болмақ. Бұдан...
date25.09.2015readCount2034readmoreТолығырақ
Құрбан айт күнгі қайырымдылық жәрмеңкесі  (ФОТО)
Бүгін айт  намазы оқылып болысымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласында «Қайырымдылық жәрмеңкесі» бастау алды. Жәрмеңке барысында мешіттің әйел ұстаздары мен діни сауат ашу курсының нәзікжанды шәкірттері өздері әзірлеген тағам түрлерін саудаға шығарып, сауапты іске өз үлестерін қосуға тырысты. Ыстық тағам әзірлеп, түрлі тәттілер дайындап түнімен тыным таппаған қыз-келіншектердің еңбегі еленіп, айт намазынан соң мешіт ауласындағы қазақ үйі алды қарақұрым халыққа толды. Саудадан...
date24.09.2015readCount2439readmoreТолығырақ
Қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды (ФОТО)
Бүгін исі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құрбан айт мейрамы басталды. Таң білінер-білінбестен мешітке ағылған халықтың қарасы биыл тіптен көп. Ұлық мерекенің ұлтымыз үшін жыл санап қадірі артып келе жатқаны жүрекке қуаныш ұялатады. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін Құрбан айт намазын оқуға келген халықтың көптігі соншалық, құлшылық ордасының атшаптырым ауласында иін тірескен жұрттың арасынан ине шаншар орын табылмады. Аспан астында айт намазын оқыған...
date24.09.2015readCount1919readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев пен ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев жиналғандарға құрбан малын союдың шариғи шарттарын түсіндіріп, аз-кем ақпарат беріп өтті. Бұған қоса, Muslim.kz порталының қызметкерлері даярлаған "Құрбандық малын шариғат талаптарына сай сою үлгісі" видеосы қасапшылар назарына ұсынылды. Қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде...
date22.09.2015readCount1902readmoreТолығырақ
Меккедегі жұма намазы. +45 °C (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Жұма – ұлық күн. Мекке – пайғамбарлар ізі қалған, күллі мұсылманның намазда бет түзейтін Қағбасы бар қасиетті қала. Қасиетті жұма күніндегі жұма намазын осы қасиетті қала – Меккеде өтеуді Алла нәсіп етті. «Күн шуағы шашылған күндердің ең қайырлысы – жұма», – депті әз пайғамбар Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын). Жұма – басқосу деген мағынаны білдіреді. 18-қыркүйекте (жұма күні) күллі әлемнен қажылыққа жиналған мұсылман үмбеті жұма намазда басқосты. Мұндай бақыт бізге де...
date21.09.2015readCount2270readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттері Астана көшелеріне ағаш отырғызды (ФОТО)
Бүгін Елордамызда жалпы қалалық сенбілік шарасы болып өтті. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға 100 мыңға жуық адам қатысып, 450-ден астам техника жұмылдырылған. Қос білегін сыбанып, сенбілікке қатысқан астаналықтар бүгін 4 000-ға жуық тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, терек көшеттерін отырғызды. Аталмыш шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттері де белсене атсалысып, Астана ажарын арттыруға өзіндік үлестерін қосты. Бекітілген жоспар...
date19.09.2015readCount1708readmoreТолығырақ
Құрбан айт қарсаңындағы Мекке шаһары (ФОТО)
Исі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы қарбалас күн жақындаған сайын артып келеді. Қайсыбірі құрбандыққа шалар малын даярлап, дайындық жасаса, қажылыққа қам жасап, қасиетті мекенге аттанғандар қаншама. Солардың қатарында «Әзірет Сұлтан» мешітінің фототілшісі де аттанғанын сайтымыздың алдыңғы сандарында айтқан болатынбыз. Қасиетті мекендегі мұсылман қауымы үшін қадірі бөлек орындар мен құлшылық рәсімдері жайында сайтымызда тұрақты түрде фоторепортаж...
date18.09.2015readCount2423readmoreТолығырақ
Muslim.kz порталы Мекке мен Мадина шаһарынан тікелей фоторепортаж жүргізеді (ФОТО)
Қасиетті қажылық маусымы жақындағалы жан-жақтан ағылған қажылар легі Мекке мен Мадина шаһарына күн санап құйылып жатыр десек те болғандай. Аталмыш сапарға елімізден 4000-нан астам адам баратынын сайтымыздың алдыңғы сандарында жазған болатынбыз. Қажылардың алғашқы легі Алматы қаласынан алдыңғы күні аттанып та кеткен еді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мұфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен бүгін қажылардың келесі бір тобын шығарып салу рәсімі өтті. Айтулы сапарға алғашқы топпен...
date14.09.2015readCount3028readmoreТолығырақ
«Жанұя жарасымы» атты жас жұбайларға арналған семинар өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жанұя жарасымы» атты жаңадан шаңырақ көтеріп, жанұя құрған немесе үйленуге ниет еткен жастарға арналған семинар-тренинг болып өтті. Еліміз бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл семинардың басты мақсаты – жастарға жанұя қадірін түсіндіріп, некенің мән-маңызын жеткізу. Мешіт имамдарының бастамасымен осымен екінші рет өткізіліп отырған семинарға мешітімізге келіп, алдағы уақытта некелерін қидыруға өтініш білдірген жұптар қатысып, жұбайлық...
date12.09.2015readCount2646readmoreТолығырақ
Елорда имамдары мен ұстаздарына арналған семинар өтті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы Дін істері Басқармасы басшысы қызметін атқарушы Әлмұқанов Нұрдәулет мырзаның ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған семинар  болып өтті. Еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталар жұмысы жайлы айтылып, бүгінгі қоғамның өзекті мәселелері талқыланған семинар отырысына елорадалық имамдар мен Дін істері комитеті қызметкерлері қатысты. Семинар барысында Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар...
date08.09.2015readCount2480readmoreТолығырақ