Джон Керри «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді [ФОТО]
Бүгін елімізге ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Елбасының қабылдауынан кейін Елордадағы еңселі мешіт – «Әзірет Сұлтанды» аралады. Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің рухани, ағарту, уағыз-насихат бағытындағы жұмыстарымен наиб мүфти, Бас имам Серікбай қажы Ораз таныстырды. Мәртебелі мейман Елбасы сыйға тартқан Құранның ең көне нұсқасымен, мешіт жанындағы «Хикмет» телерадио студиясының өнімдерімен, Діни басқарманың оқу құралдарымен...
date02.11.2015readCount3352readmoreТолығырақ
Еуразия Ұлттық университеті шәкірттеріне уағыз айтылды (ФОТО)
Кеше Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Универсиетінде «Отанды сүю – иманнан» атты кездесу кеші болып кетті. Аталмыш оқу ордасының Филология факультетінің «Практикалық қазақ тілі» кафедрасы ұйымдастырған ісшараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұржан Әлімқұлов қатысып, университет шәкірттеріне осы тақырыпта уағыз айтылды. Туған жер мен елге деген сүйіспеншілік жайлы сөз қозғаған мешіт имамы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмырынан мысалдар келтіре...
date28.10.2015readCount1511readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа оқу жылы басталды (ФОТО)
Астана қаласының ажарын арттырған «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері тек құлшылық ордасы ғана емес, білім мен ғылымның орталығына ретінде жұмыс істеп келеді. Бұл – еліміздің Бас мешітіне Елбасымыздың өзі жүктеген міндет. Бүгінде сол міндеттің үддесінен үздік көрсеткіштермен көрінген «Әзірет Сұлтан» мешітінде дәріс алатын шәкірттер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Айта кетейік, мешіттегі діни сауат ашу курстары тегін жүргізіледі. Жыл он екі айға сәйкестендіріліп жасалған жоспар...
date27.10.2015readCount2007readmoreТолығырақ
Мүгедектер күніне арналған қайырымдылық аптасының қорытындысы (ВИДЕО)
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Әзірет Сұлтан» мешіті қазан айында елімізде аталып өтілетін Мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған шаралар легін жалғастыру үстінде. Бұған дейін аталмыш акция аясында атқарылған қос бірдей қайырымдылық шарасы жайлы бейнебаяндарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы MUSLIM.KZ сайтында жариялаған болатынбыз.  Мешітіміздің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен түгелдей қайырымдылық шараларына арналған бұл аптада...
date08.10.2015readCount2105readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті зағип жандарға сыйлық жасады (ВИДЕО)
Үстіміздегі қазан айының екінші жексенбісі еліміз бойынша  «Мүгедектер күні» болып аталып келе жатқаны бар. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті бұл жолы да қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қамкөңіл жандарды қуантуға арналған бірнеше шара өткізіп отыр. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен кешегі күні Алтыншаш қарындасымызға қаржылай қолдау көрсетілсе, бүгін Елордамыздағы зағиптар қоғамына арналған...
date07.10.2015readCount1718readmoreТолығырақ
Арманына араша іздеген қыз мешітке келді (ВИДЕО)
Жастайынан әнші болуды армандап өскен Алтыншаш Мұқатаеваның анасымен бірге Астана қаласына келгеніне алты жылдан асыпты. Туыла салып тағдыр талқысына түскен 23 жастағы Алтыншаштың бар арманы – бойындағы дарынын дамытып, Елордамыздағы Өнер академиясының студенті атану екен. Алты жыл бойы қысқа жіп күрмеуге келмей, оқудан қалып қойғанына қарамастан, қайсар қыз үмітін үзген емес. Алайда, алдымен аталмыш оқу ордасының ақылы дайындық бөлімінде дәріс алуы қажет көрінеді. Төлейтін сомасы...
date06.10.2015readCount3665readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті 1549 отбасына ет таратты (ФОТО)
Исі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналған Құрбан айт мерекесі де аяқталды. Раббысының разылығы үшін құрбандық шалып, құлшылық жасағандардың бұл мерекені енді бір жыл бойы сағына күтері анық. Мерейлі мерекенің мейірін сезінген мұқтаж жандар да бұл күндерді мейірлене еске алатын болады. Үш күн бойы қазақ даласында тойланған Құрбан айт мейрамы  өте шыққанымен, айт күндері атқарылған шаруалар аз болмады. Қасиетті күндері тұрмысы төмен отбасылардың қазанында ет қайнап, материалдық...
date28.09.2015readCount4429readmoreТолығырақ
Университет студенттеріне құрбандық еті үлестірілді (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешіті қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне де сый жасады. Аталмыш оқу ордасының №7 жатақханасына «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында арнайы ет таратылып, сауапты іс жасалды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша аталмыш оқу орнының студенттеріне 100 пакет құрбандық үлестірілді. Оқу ордасы басшыларының өтінішіне орай «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында жыл сайын жатақханадағы...
date27.09.2015readCount1487readmoreТолығырақ
Елорда маңындағы елдімекендерге құрбандық еті таратылды (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешіті жыл сайынғы дәстүрінен айнымастан биылғы жылы да көмек қолын Астанадан алыстау тұратын ағайындарға арнап, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына құрбандық етін үлестірді. Тосыннан келген апаттан тұралап қалған қос ауылдың халқы құрбандық шалу былай тұрсын, баспанасын бүтіндей алмай, мектепте тұруға мәжбүр болып  отыр. Оразақ және Жаңажол деп аталатын қос ауылға қасиетті Құрбан айт мерекесінде «Әзірет Сұлтан» мешіті арнайы қайырмдылық...
date27.09.2015readCount2049readmoreТолығырақ
Мешіт ауласындағы мереке (ФОТО)
Кеше, қасиетті жұма намазына жиналған жамағат үшін «Әзірет Сұлтан» мешіті ауласында арнайы қазақ үй тігіліп, ұлық мереке ұлттық нақышта ұйымдастырылды. Ұлттық спорт ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға жүлде үлестірілді. Арнайы тігілген қазақ үй дастарханынан айттап келген ақсақалдарымыз бен апаларымыз дәм ауыз тиіп, ақ баталарын арнады. Ал, мешіт ауласында мерекелік көңіл-күй орнап, жамағат арасында жарыс басталды.  Білек сыбанған жігіттер арқан тартыс, қол күресі, гір көтеру,...
date26.09.2015readCount1792readmoreТолығырақ