Он отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО)
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Әзірет Сұлтан» мешіті өтіп бара жатқан қой жылын тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратумен аяқтады. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған Мәуліт мерекесінің құрметіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде түрлі рухани және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен кеше тағы бір қайырымдылық шарасы болып өтті. Астана қаласында тұратын...
date31.12.2015readCount1896readmoreТолығырақ
Қыздар арасындағы білім сайысының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасындағы «Сеніміңе берік бол!» дәстүрлі Білім сайысының ақтық айналымы болып өтті. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Мұстафаның туылған айы Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған әйел шәкірттер арасындағы білім сайысының ақтық айналымына бес үміткер қатысып, өзара бақ сынасты. Айта кетейік, сайыстың іріктеу кезеңіне «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсында дәріс алатын 208 шәкірт арасынан 60 адам қатысқан болатын. Тест...
date25.12.2015readCount3654readmoreТолығырақ
ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің отырысы болып өтті (ФОТО)
Бүгін Астана қаласында ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің Х отырысы болып өтті. ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының төрағалығымен өткен Кеңес отырысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, қазіргі кезде шариғи үкімі қажеттілік туындатып отырған жайттарға пәтуа шығарылды. Сондай-ақ, ҚМДБ даярлаған бірқатар діни кітаптар мазмұны қаралып, кеңес мүшелерінің пікірлері тыңдалды. Солардың қатарында «Дәстүрлі ислам жауһарлары»...
date24.12.2015readCount1727readmoreТолығырақ
Астанада Мәуліт мерекесі тойланды (ФОТО)
Кеше еліміздің астанасында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай ұйымдастырылған Мәуліт мерекесі болып өтті. ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен рухани кешке елімізге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, мұсылман мемлекеттерінің елшілері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.  Ауқымды залда бірде-бір бос орынның болмауы адамзаттың асылы болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға деген халықтың ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін аңғартқандай. Кеш басталмай...
date24.12.2015readCount2393readmoreТолығырақ
РАНТ мүшелерінің қорытынды жиналысы өтті (ФОТО)
Бүгін Астана қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) қорытынды жиналысы болып өтті. Жыл бойы еліміздің барлық өңірлеріне дәріс өткізіп, халықтың діни сауаттылығын арттыру жолында аянбай қызмет еткен білікті мамандардың қорытынды жиналысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысып, РАНТ мүшелерінің жұмысына өз пікірлерін...
date23.12.2015readCount1685readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында білім сайысы өтті (ФОТО)
Осыдан бірнеше күн «Әзірет Сұлтан» мешітінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттердің діни білімін сарапқа салған сайыс болып өткен еді. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Сеніміңе берік бол!» білім сайысына 110 шәкірт қатысып, білім таластырған  болатын. Бұл жайында сайтымызда жариялаған едік. Мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен қолға алынған білім сайысының алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұратынын да айтқан болатынбыз. Осыған...
date21.12.2015readCount3206readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттер арасындағы білім сайысы өз мәресіне жетті (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсында оқитын шәкірттер арасында ұйымдастырылған «Сеніміңе берік бол!» атты білім сайысы өз мәресіне жетті. Іріктеу кезеңіне қатысқан 110 шәкірттің ішінен суырылып шыққан алты үміткер бүгін сайыстың Бас жүлдесін сарапқа салып, білім жарыстырды. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен ҚМДБ-ның Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан және «Әзірет Сұлтан»...
date12.12.2015readCount2490readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы жеңіске жетті (ФОТО)
Кеше елордамыздағы «Динамо» спорт кешенінде  мешіт жамағаты арасында дәстүрлі «Теңбіл доп» футбол турнирі болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткен сайыс салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі ұлт бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған. «Нұр Астана» Орталық мешіті ұйытқы болған  турнирде елордамыздағы сегіз мешіт пен «Астана» медресесі және дайындық орталығынан 10 команда бақ сынасты. Аламан бәйгенің...
date30.11.2015readCount1347readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері оқуға аттанды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің қос бірдей қызметкеріне қошамет көрсетіліп, шығарып салу рәсімі болып өтті. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Еркебұлан Байғабылов пен діни сауат ашу курсының ұстазы Ержан Ниязовтар арнайы сынақ тапсырып, Түркия мемлекетіндегі Хасеки университетінде үшжылдық оқу бағдарламасы бойынша білімдерін арттырып қайтуға жолдама алған болатын. Қасиетті жұма күні жамағат алдында жолға шыққалы...
date27.11.2015readCount1437readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатымен кездесу өткізді (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына арналған арнайы кездесу кеші болып өтті. Мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен жүзеге асқан кездесу кешінің басты қонағы Дін істері комитетінің Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы болды. Айта кетейік, Айнұр Әбдірәсілқызы бұған дейін де бірнеше мәрте мешітімізге келіп, кездесу өткізген болатын. Әр сөзін әдеппен сабақтап, Құран және хадистен дәлел келтіре сөйлеген Айнұр...
date26.11.2015readCount1688readmoreТолығырақ