«Әзірет Сұлтан» мешіті мүгедек жандарға мейірім көрсетті (ФОТО)
Қашанда мұқтаж жандарға көмек қолын созып, мейіріміне бөлеп келе жатқан «Әзірет Сұлтан» ақпан айының ақырғы күндерін қайырымдылық шарасына арнады. Мешіттің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем көрсетілді. Шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген 12 отбасыға азық-түлік қоры жеткізіліп берді. Сондай-ақ, оларға мешіт атынан қаржылай көмек те берілді. Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
date29.02.2016readCount1692readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің кешкі уағызына Еркебұлан Қарағұлов келді (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты үшін арнайы шақырылған білікті ғалымдардың бірі Еркебұлан Қарағұлов дәріс өткізді. Алдын ала сайтымызда хабарлағандай, ақшам намазынан кейінгі дәріс сабақтарын үш күн бойы «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келген белгілі исламтанушы ғалымдар өткізді. Екі күн ішінде Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұлов пен «Сарыағаш» медресесінің директоры Әбсаттар Сманов сынды ғалымдардың уағызына қатысып, Исламдағы жиһад...
date26.02.2016readCount1589readmoreТолығырақ
Әбсаттар Сманов «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен жүздесті (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына ақшам намазынан соң «Сарыағаш» медресесінің директоры Әбсаттар Сманов  дәріс өткізді. Мешіт жамағаты үшін арнайы ұйымдастырылған кездесулер аясында алдыңгүні Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұлов уағыз айтқан болатын. Ал, кеше Әбсаттар ағамыз мешіт жамағатына жалпы мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жайында сөз қозғап, өте керекті кеңестер айтты. Бүгінгі таңда кейбір жандардың мәзһаб ұстану бидғат деген...
date25.02.2016readCount2292readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде білікті ғалымдардың кешкі уағызы басталды (ФОТО)
Алдын ала хабарлағанымыздай, кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінде ақшам намазынан кейін білікті ұстаз, Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұлов дәріс өткізді. Жамағатпен оқылған ақшам намазынан соң арнайы шақырылған ғалым Астана қаласының жамағатына Исламдағы жиһад ұғымы жайлы кеңінен ақпарат берді. Жалпы жиһад жасаудың шарттары бар ма, бар болса қандай? Осы тақырыптағы кейбір күрделі де нәзік ұғымдарды тамаша тәпсірлеп берген Қанат Жұмағұловтың уағызы өте...
date24.02.2016readCount1767readmoreТолығырақ
«Әлем әйелдерінің достық орталығы» Елорда мешіттеріне алғысын білдірді (ФОТО)
Кеше «Әлем әйелдерінің достық орталығы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласындағы қайырымдылық қорлары мен демеуші азаматтарға арналған марапат кешін өткізді. Кеш барысында бірлестік басшылары Елордамыздағы мұқтаж жандарға көмек қолын созып, демеушілікпен айналысып келе жатқандардың жұмысына сәттілік тілеп, арнайы «Алғыс хат» табыстады. Кездесу барысында сөз алған бірлестік басшылары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мұң-мұқтажын бөлісіп, қашанда қайырымдылық шараларының...
date09.02.2016readCount1867readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінің имамы мектепте кездесу өткізді (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы №56 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Дін және қауіпсіздік» тақырыбында кездесу болып өтті. Оң-солын айырмаған оқушылардың теріс ағымдар жайлы ақпарат алып, олардың шырмауына түспеу жолдары түсіндірілген келелі кездесуге «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдукаримов Бағдат пен ЕҰУ-нің профессоры Избаиров Асылбек шақырылып, мектеп басшылығы да қатысты. Кездесу барысында арнайы сахналық көрініс қойылып, мектеп оқушылары өздерінің бұл кездесуге...
date08.02.2016readCount1549readmoreТолығырақ
 «Әзірет Сұлтан» мешіті тағы екі азаншымен толықты (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа азаншылар тағайындалды. Тазабек Арапұлы мен Ерлан Базарбайұлы  бүгіннен бастап мешітіміздің ресми азаншысы. Айта кетсек, Тазабек Исмайлов  2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «Нұр-Астана» орталық мешітінде кезекші молда, 2006-2012  жылдары «Шұбар» мешітінде іс басқарушы болып қызмет атқарған. Ал, «Әзірет Сұлтан» мешітінде 2012 жылдан бастап молдалық қызмет атқарып келеді.   Ерлан Битенов 2010-2011 жылдар аралығында Шымкент медресесінің мешітінде имамдық...
date29.01.2016readCount3424readmoreТолығырақ
20 отбасыға азық-түлік берілді (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы болып өтті. Мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген 20 отбасыға азық-түлік салынған сөмкелер таратылды. «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген мұқтаж жандарға азық-түлік таратылып, ақшалай көмек көрсетілетін қайырымдылық шаралары ай сайын ұйымдастырылып тұрады.  Кейбір...
date21.01.2016readCount1441readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт жыры оқылды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт жыры оқылып, ардақты Алла Елшісіне (с.ғ.с.) жамағат болып салауат айтылды. Күллі әлемге рақым нұры болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өнегелі өміріне арналған Мәуліт мерекесінің мән-маңызын арттыра түсу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті жемісі құрма салынған 10 000 қалташа мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) парасатты ғұмыры жайлы сыр шертетін...
date15.01.2016readCount1993readmoreТолығырақ
«Менің пірім – Пайғамбарым» байқауының жеңімпазы анықталды (ФОТО)
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы MUSLIM.KZ сайтының орыс тілінде ұйымдастырған «Менің пірім – пайғамбарым» (Мой Пророк – мой идеал) атты шығармашылық байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпазы анықталды. Сайт поштасына келіп түскен 20-дан астам шығармалар ішінен Руслан Рақымжанов есімді оқырманымыздың туындысы үздік танылып, байқаудың бас жүлдесі табысталды. Алайда, автордың қазіргі уақытта Астанада болмауына байланысты сайыстың сыйлығы (iPhone5S қалта телефоны мен Muslim.kz сайтының...
date12.01.2016readCount1969readmoreТолығырақ