Жаңалықтар
Аса мейірімді, ерекше қамқор Алла Тағаланың атымен бастаймын!
Түндердің төресі, мың айдан да қайырлы Қадір түніне баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Сауаптар еселеніп, дұға-тілектер қабыл болатын мүбәрак кешті мейлінше құлшылықпен әсемдеп, қайырлы істермен көркемдеуді нәсіп етсін!
Бұл түн – аса қадірлі түн, өйткені араб тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түнде...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жазғы сауат ашу курсының бала шәкірттері еліміздің Ұлттық музейіне саяхат жасап қайтты. Мамыр айының 28-жұлдызында басталған жазғы сауат ашу курсы бағдарламасының жарым белінен асқан бала шәкірттердің таным көкжиектерін кеңейтіп, еліміздің тарихын тани түсуі үшін ұйымдастырылған бұл саяхат расымен де олжаға толы болды.
Елорда төріндегі Ұлттық музей қызметкерлері де бала қонақтарды құшақ жая қарсы алып, еліміздің...
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты танымал психолог, телеарна жүргізушісі Құралай Ошақбаевамен кездесу өткізді. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» атты семинар-тренингке жиылған әйел жамағаты психолог кеңесіне қанығып, шариғатқа сүйенген ғылыми мағлұматтарды сіңіріп қайтты.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің өсиеттерінде көркем мінезділікке көбірек үндеп, адамның өз нәпсісімен күресін, тіпті, жиһадтың үлкен түріне балағаны айтылады. Осы ұғымның...
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханының бұл жолғы қонақтары елордалық журналистер қауымы болды. Ел астанасындағы телеарна тілшілері, газет және сайт қызметкерлері, баспасөз саласының мамандары берекелі Рамазан дастарханында бас қосып, жамағатпен бірге ауыз ашты.
Қоғам жайын қаламмен түзеп, ел жағдайын эфирден ұсынған БАҚ өкілдерінің қатары сөгілместен Алла үйіндегі ауызаушарға қатысып, асыл дінімізге құрмет көрсеткендері көңіл...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан науқас сәбилерге арнап қайырымдылық шарасын өткізді. «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдігімен бірлесе ұйымдастырылған «Сәби саулығы – ұлт болашағы» шарасы аясында осы орталықта емделіп жатқан ісік ауруына шалдыққан сәбилерге «Рамазан сыйлығы» жасалды.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы...
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев атынан жамағатқа дастарханға жайылып, тегін ауызашар берілді. Бас мешіттегі берекелі дастарханға Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандар, зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар, журналистер, ел ағалары мен қоғам қайраткерлері қатысып, ғибратты отырысқа куә болып қайтты. Қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мырза жиылған жамағатқа құттықтау лебізін білдіріп, бүгінгі ауызашар...
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берді. 800 жанға арналып жайылған ақ дастархан басына Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар, Қарттар үйінің ардагер ақсақалдары мен Балалар үйінің тәрбиеленушілері, түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, ұстаздар қауымы мен журналистер, зиялы қауым өкілдері мен мұсылман мемлекеттерінің елшілері және ҚМДБ қызметкерлері мен мешіт жамағаты шақырылып, Бас мүфтимен бірге ауыз...
Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханына Елордамыздағы ұстаздар қауымы арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды. Ел астанасындағы білім ордаларын бағытын түзеп, басшылық етіп келе жатқан мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздары Бас мешітте бас қосып, қасиетті Рамазан айының тағылымын сезініп қайтты. Ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты ұстаздар қауымына кұрмет көрсетіліп, «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан сый-сияпат та жасалды.
Құрметті мамандық иелерін...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі оқу дәрісханаларының құрал-жабдықтары жаңартылды. Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мухаммад Ахмад әл-Жабер мырзаның бастамасымен қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің оқу дәрісханаларына 60 орындық тарту етілді.
Еліміздің ең алып құлшылық орны ғана емес, білім мен ғылымның отын маздатқан бірегей оқу ордасына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітіне тарту етілген бұл...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. 7 мен 15 жас аралығындағы 300 оқушы енді үш апта бойы еліміздің Бас мешітінде діни сауат жетілдіріп, жазғы демалыстарын пайдалы өткізетін болады. Осы орайда мешіт ұстаздарының мәжілісінде бекітілген оқу жоспарына сәйкес өткізілетін Құран әліппесі мен Имандылық әліппесі, Әдеп және Дұға сабақтары бүлдіршіндердің діни білім алып қана қоймай, тәрбие мен әдептілікті бойына сіңіріп...
9202920191999198919791929188918791859174