Босния және Герцоговина президенті Бас мешітті зиярат етті (ФОТО)
Босния және Герцоговина президенті Бакир Изетбегович "Әзірет Сұлтан" мешітіне арнайы ат басын бұрды. Сыйлы қонақты күтіп алған Бас имам Серікбай қажы Ораз мешітті толық аралатып, ішкі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Бесін намазының уақытына дөп келген делегация мүшелері жамағатпен бірге бесін намазын оқыды. Естеріңізге сала кетейік, Бакир Изетбегович Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға келген болатын. Іссапар...
date11.09.2017readCount2050readmoreТолығырақ
Түркия президенті «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)
Бүгін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Астана қаласындағы ресми іссапары аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп шықты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен өткізген кездесуден кейін еліміздің Бас мешітіне ат басын тіреген түрік басшысы бесін намазын оқып, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Қадірлі қонағымызды күтіп алу рәсіміне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да қатысып, өз құрметін білдірді. Қазақы дәстүрімізге сай кездесу барысында түрік...
date09.09.2017readCount6102readmoreТолығырақ
Muslim.kz сайты ұйымдастырған байқау мәресіне жетті (ФОТО)
Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің ресми сайты Muslim.kz алғашқы ислами сақтандыру компаниясы "Такафул"-мен бірігіп, "Ислами сақтандырудың қазіргі замандағы орны" атты орыс тіліндегі шығармалар байқауын ұйымдастырған болатын. Көп уақыт өте қоймаса да, редакциямызға көптеген шығармалар келіп түсті. Солардың ішінде ең үздігін анықтап, сіздерге жеңімпаздардың есімін жарияламақпыз. Ислами қаржыландыру саласында қызмет етіп жүрген қазылардың шешімі бойынша шығарылған қорытындыға...
date07.09.2017readCount1467readmoreТолығырақ
Елордалық қажылар қасиетті сапардан оралды (ФОТО)
Қажылық амалын орындап қайту үшін Қасиетті Мекке мен Мединаға аттанған елордалық қажыларымыздың алғашқы легі туған жерге табан тіреді. Осыған орай Астанадағы халықаралық әуежайда қажыларымызды күтіп алу рәсімі өтті. Ұлы Жаратушының бұйырған парызын орындап, елге аман-сау қайтқан отандастарымыз Аллаға сансыз мадағын айтып, туған-туысқандарымен жарқын жүздесіп жатты. Айта кетсек, аталмыш қажыларымыз 23-тамыз күні ұлық сапарға аттанған болатын. Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан...
date07.09.2017readCount1686readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті 1158 отбасыға ет таратты (ФОТО)
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Раббың үшін құрбан шал!» акциясының ұйымдастырылып келе жатқанына биыл бесінші жыл. Қайырымдылық шараларының қара шаңырағы атанған «Әзірет Сұлтан» мешіті жыл сайын Құрбан айт мерекесіне орай арнайы құрбан шалу акциясын ұйымдастырып, құрбандық еттерін Елорда маңындағы елдімекендерге, Астана қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларға, қоғамдық ұйымдарға тарату жұмыстарын жүргізіп келеді. Биылғы жылы да...
date04.09.2017readCount1744readmoreТолығырақ
Бас мүфти құрбандық шалу рәсіміне қатысты (ФОТО)
Астана қаласы мешіттері ұйымдастырған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы бүгін Астана-Қосшы тас жолындағы «Алтын таға» базарында қорытындыланып, құрбндық шалу рәсімі болып өтті. Игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, арнайы құрбан шалдырды. Сондай-ақ, акция атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, сауапты шараның ойдағыдай өтуін қадағалауды тапсырды. Бұдан кейін акцияға қатысушы жамағатпен жүздесіп, айттық дастарханында бас қосқан Бас мүфти Ержан қажы...
date01.09.2017readCount1600readmoreТолығырақ
«Раббың үшін құрбан шал!» акциясы басталды (ФОТО)
Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы өз мәресіне жетіп, қала сыртындағы «Алтын таға» мал базарында құрбандық шалу рәсімі болып өтті. Айт намазы оқылып болысымен басталған игі шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен 35 ірі қара құрбандыққа шалынды. Осы жерде шариғат талаптарына сай сойылып, мүшеленген мал еттері арнайы сөмкелерге салынып, тарату жұмыстарына әзірленді. Сондай-ақ,...
date01.09.2017readCount1373readmoreТолығырақ
Бас мешітте Құрбан айт мерекесі (ФОТО)
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде таң сәріден бастап жиналған жұрттың қарасы басым болды. Жамағатпен Құрбан айт намазы оқылып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлы елге ақ батасын айтты. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Бас имам Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен мерекенің шырайын арттыру мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Атап айтсақ, «Арқан тарту», «Асық ату», «Кір көтеру» және «Қол күрестен»...
date01.09.2017readCount1554readmoreТолығырақ
Ауғанстан премьер-министрі «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)
Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла арнайы ат басын тіреп, еліміздің Бас мешітін зиярат етті. Құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, сұлулығына сүйсініп қайтты. Айта кетейік, «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі аясында Ауғанстанның Ұлттық күнін арнайы атап өтуге келген Абдулла Абдулла өзінің Елордадағы алғашқы қадамын құлшылық ордасынан бастағанды жөн санапты. Құрметті қонақты «Әзірет Сұлтан» мешітінің...
date18.08.2017readCount1311readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті 300 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бір баланы киіндір» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Алдағы оқу жылына орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына  ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Астана қаласы Дін істері басқармасының бөлім бастығы Нұрдәулет Әлмұқан мырзалар қатысып, жамағатқа ізгі тілегін білдірді. Жиналған қауымды келе жатқан Білім күнімен құттықтап өткен Серікбай қажы...
date17.08.2017readCount1700readmoreТолығырақ