Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымымен жиналыс өткізді (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің барлық қызметкерлеріне арналған жалпы жиналыс болып өтті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлының бұйрығымен жақында ғана «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы болып тағайындалған Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт ұжымымен танысып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігіне қанықты. Жиналыс барысында Бас мешітте қалыптасқан жұмыс үрдісі, қызметкерлердің қарым-қабілеті мен негізгі міндеттемелері жайлы айтылып,...
date21.12.2017readCount1993readmoreТолығырақ
 «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ МӘЛІМДЕЙДІ
Бүгін, желтоқсан айының 20-жұлдызында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде алдын ала ескертусіз жарық сөндірілді. Таңғы сағат 07.50 мен 14.10 аралығында Астана қаласындағы алып құлшылық ордасының жамағаты жарықсыз намаз оқып, құлшылығын өтеді. Электр жарығының болмауына байланысты сайт және студия жұмыстары да кейінге шегерілді. Орын алған қолайсыздыққа қатысты «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас инженері Еркебұлан Ташатов «Астанаэнергосбыт» компаниясына хат жолдап, аталмыш оқиғаға орай...
date20.12.2017readCount2170readmoreТолығырақ
Наиб мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі дәстүрлі жексенбілік уағызы бұл жолы бұрынғысынан да тартымды өтті. Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген кездесу аясында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан ынтымақ-бірлік жайында уағыз айтып, ғибратты отырыс өткізді. Ширек ғасырдан асқан егемендігіміздің арқасында жеткен жетістік пен бағындырған биіктердің барлығы да халық ынтымағы мен бірлігінің арқасында екенін тағылымды оқиғалармен тұздықтай отырып жеткізген наиб мүфти...
date19.12.2017readCount1002readmoreТолығырақ
Бас мешіт шәкірттері арасындағы білім сайысы мәресіне жетті (ФОТО)
Бүгін, қасиетті жұма намазынан кейін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасында ұйымдастырылған «Құлшылық қағидалары» атты білім сайысының ақтық айналымы болып өтті. Жан-жақтан қаумалған жамағат алдында өткен тартысты сайысқа алдыңғы аптада ұйымдастырылған іріктеу кезеңінен үздік ұпай жинаған бес үміткер қатысып, өзара білім жарыстырды. Айта кетейік, осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылп отырған Білім сайысының бұл жолғы арқау еткен тақырыбы – «Құлшылық...
date15.12.2017readCount1368readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешітіне Бас имам тағайындалды (ФОТО)
Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Жұма намазына жиналған жамағат алдында жақында ғана ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти болып сайланған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сөз сөйлеп, Ержан қажы Малғажыұлын шығарып салу рәсімін өткізді. Бес жыл бойы өзіне жүктелген жауапты да сауапты міндетті мүлтіксіз атқарған бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еңбектеріне ерекше тоқталып өткен Серікбай қажы Ораз ақ жол тілеп, қазақы...
date15.12.2017readCount3430readmoreТолығырақ
Бас мүфти ұстазының батасын алды (ФОТО)
Мүфтият тарихында төртінші мүфти Серікбай қажы Ораз алғашқы ресми кездесуін Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рəтбек қажы Нысанбайұлының қарашаңырағында өткізді. Ақсақал өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісіп, шəкіртіне ақ батасын беріп: «Сен Алланың қалауымен Бас мүфти қызметіне діни салада ұзақ жылдар бойы жинақтаған тəжірибеңнің арқасында келдің. Жұмысыңа табыс тілеймін. Жаратушы Ием жар болсын», - деген ақ тілегін жеткізді. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рəтбек қажы Нысанбайұлына ислам...
date11.12.2017readCount1412readmoreТолығырақ
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев мырза Бас мүфтиге сәттілік тіледі
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев мырза «Фейсбук» желісіндегі парақшасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлын жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. «Бас мүфтиді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. 2013 жылдан бері Бас мүфтий лауазымын атқарған Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен...
date11.12.2017readCount898readmoreТолығырақ
РФ МДБ-ның төрағасы Равиль Гайнутдин Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретке құттықтау хатын жолдады
Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, муфти шейх Равиль Гайнутдин Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретті жаңа қызметімен құттықтап, хат жолдады. Көрші елдің дінбасы құттықтау хатында екі елдің ынтымағы мен дін жолындағы бауырластығына жиырма жылдан астам уақыт болғанын айта келе: «Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилері Кеңесінің атынан әрі өз атымнан Сізді жауапкершілігі мол қызмет - Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі болып...
date09.12.2017readCount777readmoreТолығырақ
ҚМДБ: Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты. Құрылтай жұмысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды. ҚМДБ...
date08.12.2017readCount1596readmoreТолығырақ
Бас мешіт жамағатына жаназа және жерлеу рәсімдері түсіндірілді (ФОТО)
Кеше, қасиетті жұма намазынан соң республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына Жаназа және жерлеу рәсімдері жайлы түсіндірме уағыз айтылып, арнайы кеш ұйымдастырылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының негізінде өткізілген уағыз аясында мұсылман жан білуі тиіс жаназа және жерлеу рәсімдері айтылып, мол мағлұматқа қанықтырды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамдары...
date02.12.2017readCount959readmoreТолығырақ