Зекет және садақамызды СМС арқылы берейік ағайын!

Зекет және садақамызды СМС арқылы берейік ағайын!

Озық технологияның қолданысқа енуі барлық саладағы жұмыс жүйесін жеңілдеткені белгілі. Бес парыздың бірі – зекетін беруге асыққан мұсылман жамағаты үшін үлкен мүмкіндік туды.

Енді Кселл және Актив байланысына қосылған абоненттер де СМС арқылы Зекет бере алады. Бүгінгі күнге дейін Билайн телефоны бар адамдар 2011 нөміріне бос смс жолдау арқылы 200 теңге зекет қорына садақа салу мүмкіндігі болса, енді Кселл және Актив абоненттері 2012 нөміріне «зекет» немесе «zeket» сөзін жазып 220 теңге жібере алады. Аллаһ тағала парыз еткен Зекет садақасын беруді ертеңге қалдырмай Зекет қоры ұсынған жеңілдіктерді пайдалануға шақырамыз. Сондай-ақ Зекет қорына ОСМП немесе Киви (Qiwi) төлем терминалдары арқылы да қаржы құюға болады. Мұндай терминалдардың жұмыс жүйесі бәрімізге белгілі. Бұл – күнделікті ұялы телфондарымызға ақша салып жүрген, үлкен дүкендер мен сауда орталықтарында, жанармай бекеттерінде орналасқан құрылғы. Соның ішінде көп тарағаны – Киви терминалдары. Қазақстан бойынша, 20 мыңнан астам жерде орнатылған. Сол терминалдың ішінде «басқа қызметтер» деген бөлімде «қайырымдылық» атты таңдау бар. Солардың ішінен Зекет қорын таңдап, қаражат салып, чектеріңізді ала аласыздар.

Банктегі есеп шоттарымыз:

«Банк ЦентрКредит» АҚ АҚФ
СТН: 600900643231
КБЕ: 18
БИК: KCJBKZKX
Зекет шоты (KZT) KZ208560000005121039
(USD) KZ798560000005121044

Құрметті жамағат! Ізгі ниетпен, үлкен мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған Зекет қорына барлығымыз мүмкіндігімізше қолдау көрсетіп, еліміздің руханиятына, ұрпақ болашағына үлес қосайық. Алла тағала парыз амалдарыңызды қабыл етіп, сауаптан жазғай!

date26.07.2012readCount3282printБасып шығаруsourceLinkmuftyat.kz





comments powered by HyperComments