Меккеде 2012 жылдың 14-15 тамызында ИЫҰ кезектен тыс сессиясы өтеді

Меккеде 2012 жылдың 14-15 тамызында ИЫҰ кезектен тыс сессиясы өтеді

Ислам Ынтымақтастығы ұйымы Меккеде 2012 жылдың 14-15 тамызында жоғары деңгейде Ислам конференциясының төртінші кезектен сессиясын өткізеді, – деп хабарлайды muslim.kz.

Ұйымға мүше мемлекеттер Сауд Арабиясының королі Абдулла бен Әбд әл-Әзиз Әл Саудтың шақыруы бойынша жиналады.

Король Абдулла бен Әбд әл-Әзиз Әл Сауд ислам әлемінде қалыптасқан жағдайды қарастырады, ондағы қақтығыстар мен алауыздықтардың түпкі себебіне үңіледі, ислам жамағатын біріктіру жолдарын қарастыруды ұсынады.

Төртінші саммиттен бұрын екі жиналыс болады. Біріншісі сессияға дайындық бойынша сыртқы істер министрлер деңгейінде, ал екіншісі министрлер кездесуіне әзірлік жасау үшін лауазымды тұлғалар деңгейінде өтеді.

date26.07.2012readCount2828printБасып шығару





comments powered by HyperComments