Түркия Сириямен арадағы барлық шекара бекеттерін жапты

Түркия Сириямен арадағы барлық шекара бекеттерін жапты

Түркия Сириямен арадағы барлық 13 шекара бекетін жапты. Бұл туралы түрік елінің кеден жөніндегі министрі Хаяти Языджи мәлімдеді.

Мұндай қатаң шара ресми Анкараның Сирия президенті Башар Асад режиміне қатысты енгізген жаңа санкциялары аясында қабылданды. Оның үстіне, оппозиция жасақтары түрік шекара бекеттеріне бірнеше рет шабуыл жасаған.

Түркияның Сириямен шектес аумағы шамамен 900 шақырымды құрайды.

Түрік баспасөзінің мәлімдеуінше, шекараның жабылуы Сирия босқындарының келуіне кедергі жасамайды. Қайта тағы үш лагерь тұрғызылмақ. Қазір Түркия аумағында 45 мыңға жуық босқын бар.

date25.07.2012readCount2792printБасып шығару





comments powered by HyperComments