Абу-Даби Рамазан туралы арнайы онлайн-жолбасшы жобасын бастады

Абу-Даби Рамазан туралы арнайы онлайн-жолбасшы жобасын бастады

Абу-Дабидің туризм және мәдениет жөніндегі комитеті туристер үшін онлайн-жолбасшы жұмысын бастады. Қызықты жоба VisitAbuDhabi.ae ресми сайтында ашылды. Онда мүбәрак айдың тарихы мен дәстүрі әңгімеленеді.

Сілтеме сегіз тілде – ағылшын, араб, француз, неміс, итальян, орыс, қытай және жапон тілдерінде ақпарат ұсынады.

Біріккен Араб Әмірліктеріне келгендер Рамазан кезіндегі әдеп ережелері мен Абу-Дабиде өтетін іс-шаралар туралы біле алады. Сәресі мен ауыз ашар жайында да кең мағлұмат берілген.

date25.07.2012readCount2754printБасып шығару





comments powered by HyperComments