Зекет мәселесі ауызашарда талқыланды

Зекет мәселесі ауызашарда талқыланды

ҚМДБ «Зекет» қорының Астана қаласы бойынша өкілі Айбек Асқарбекұлы мен Астана қаласындағы Республикалық қарилар орталығының бас директоры Сәдуақас Олжабаев ҚМДБ «Зекет» қорының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауызашарда болды. Айбек Асқарбекұлы ауызашарға келген жамағатқа Исламның інжу - маржан асыл негіздерін түсіндіре келе зекет мәселесіне ерекше тоқталды. Бес парыздың бірі зекет тек қана материалдық көмек емес, ол ең әуелі мұсылман баласына Алла тағала тарапынан жүктелген шоқтығы биік құлшылық екендігін түсіндірді. Жиын соңында Сәдуақас қари құран оқып бата жасады.

Құлсымақов Мейіржан

date25.07.2012readCount2884printБасып шығару





comments powered by HyperComments