Израиль халқы химиялық соғысқа дайындалып жатыр

Израиль халқы химиялық соғысқа дайындалып жатыр

Израиль халқы химиялық соғысқа дайындалып жатыр. Адамдар дүкендердегі газтұтқыштар мен химиялық газдан қорғанатын киімдерді талап әкетуде.

Осының алдында Сирия сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл елде химиялық қару бар екенін еске салған болатын. Осы сөздер еврейлердің бойында үлкен үрей тудырған.

Мая Ноблер: «Ауадан соғыстың иісі шығады. Қалай болғанда да, тез арада қамдану керекпіз».

Ари Зимет: «Шекарадан тыныштық кетті. Бәрі бұрынғыдай емес. Мұның соңы неге апаратынын білмеймін. Бірақ не болса да сақадай саймын».

Осы жылдың мамырында америкалық The Washington Post газеті Сирияда кем дегенде химиялық қару сақталған әрі жақсы қорғалатын бес қойма бар екенін жазған болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, ел астанасы Дамаскіде адам жүйкесін улап тастайтын бірнеше тонна газ бен иприт бар көрінеді.

date25.07.2012readCount3194printБасып шығару





comments powered by HyperComments