Ауғанстанда жеті бала минаға түсіп қаза тапты

Ауғанстанда жеті бала минаға түсіп қаза тапты

Ауғанстанда 7 мен 14 жас аралығындағы жеті бала минаға түсіп қаза тапты. Қайғылы оқиға Гор провинциясының Таивар округінде болған. Бұл туралы осы провинция әкімшілігінің өкілі Абдула Хаи Хатиби мәлімдеді.

Ойнап жүрген балалар минаны ойыншық деп қалған. Хатибидің ойынша, жарылғыш затты тәліптер орнатқан. Әзірге «Талибан» қозғалысының өкілдері ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, 2011 жылы Ауғанстанда күн сайын шамамен бес бала мерт болған не жараланған.

date25.07.2012readCount2936printБасып шығару





comments powered by HyperComments