ҚМДБ халықаралық дін қауымдастығы арасында жоғары беделге ие болуда – облыс әкімі (ФОТО)

ҚМДБ халықаралық дін қауымдастығы арасында жоғары беделге ие болуда – облыс әкімі (ФОТО)

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық форумға құттықтау хат жолдады.

Құттықтау хатта облыс әкімі Ж.Қансейітұлы:

«Сіздерді «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форумының ашылуымен құттықтаймын! Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бастамасымен екі елдің ежелден қалыптасқан байланысы жаңғырып, жаңа кезеңге аяқ басқан тұста Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның қабылдануы да халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғалар қатарына енді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықаралық дін қауымдастығы арасында да жоғары беделге ие болуда», – деп атап өткен.

date22.06.2018readCount300printБасып шығаруsourceLinkҚМДБ Баспасөз қызметі





comments powered by HyperComments