Ингушетияда Рамазан айындағы жұмыс күні 1 сағатқа қысқартылды

Ингушетияда Рамазан айындағы жұмыс күні 1 сағатқа қысқартылды

Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров Рамазан айындағы жұмыс күнін 1 сағатқа қысқарту туралы жарлық шығарды. Жұмыс уақыты түскі асқа берілетін сағат есебінен қысқартылған.

Бұдан басқа, Евкуров республикада арзан бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен бірге, жергілікті кәсіпкерлерге қасиетті айда ішімдік сатпау туралы ұсыныс айтылды.

date25.07.2012readCount2904printБасып шығару





comments powered by HyperComments