Алматыда журналистерге ауызашар берілді (ФОТО)

Алматыда журналистерге ауызашар берілді (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қажы Шоқайдың ұйытқы болуымен қаламгер қауым мен журналистерге Орталық мешіт ауласында ауызашар берілді.

Ауызашар дастарханына ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Ерсін Әміре, 50-ден астам журналист қатысты.

Ауызашар дастарханында алғаш сөз алған Ағабек Қонарбайұлы қалам ұстаған қаламгерлерді қасиетті рамазан айымен құттықтап, Бас мүфтидің ізгі ниеті мен тілегін жеткізді. Сондай-ақ, діни ақпарат кеңістігінде белсенді қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысын айтты.

Қазақтың киіз үйінде өткен басқосуда белгілі теолог-ғалым Ерсін Әміре сөз бен қаламның жауапкершілігі жайлы уағыз айтып, рухани басқосудың мәнін арттыра түсті.

Кеш соңында журналистерге Орталық мешіттің әзірлеген арнайы сыйлықтары табыс етілді. 


date07.06.2018readCount526printБасып шығаруsourceLinkҚМДБ Баспасөз қызметі





comments powered by HyperComments